Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет19/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамның саяси жүйесі деп нені айтамыз?
2. Саяси жүйе қандай қызметтер атқарады?
3. Г. Алмонд пен Д.Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтары қандай?
4. Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.



Тақырып №7 Мемлекет және азаматтық қоғам
Сабақтың мақсаты:
Мемлекет туралы мағлұмат беру

Негізгі мәселелері:



  1. Мемлекет- қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде

  2. Мемлекеттің шығуы және оның мәні

  3. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаты

  4. Мемлекеттің типтері. Азаматтық қоғам ұғымы.

  5. Құқықтық мемлекет және оның мәні.



1. Мемлекет- қоғамның саяси жүйесінің өзегі. Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне оның құрамдас бөлігі ретінде енеді.Саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі- айрықша , өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатын басқа субъектісі жоқ.
Мемлекет саяси биліктің қоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субъектісі. Ол- саяси қатынастардың басым көпшілігінің белсенді қатысушысы; онсыз олар көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақтылығын жоғалтады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет- оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол- оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.
Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды және олардың арасындағы қарым-қатынастан тұратын, әр алуан саяси институттардың қызмет істеуіне әсері бар билік субъектілерінің жиынтығын өзіне қосып алады. Түрлі объективті және субъективті себептердің әсерімен саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңіне саяси жүйенің өзінің жай-күйі сәйкес келеді.
Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекет те, бір бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды.Олар қандай да бір мәселелер бойынша өзара алуан түрлі қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады.
Қоғамның саяси жүйесі- өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан тұратын құрылым.Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамның саяси ұйымы қызықтырады, өйткені рның құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік жолындағы күреске қатысуды,оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар, бірлестікткр мен құрылымдар табылады. Олармен бір “қатарда ” әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір шекте олардың іс-қимылына ықпал етеді, қажетті жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады.
Ішкі саяси жүйенің қарым-қатынасын ең алдымен оның бірқатардағы элементтерінің ( мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы) арасынан қарастырған дұрыс. Кейде саяси жүйенің әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігі туып қалды (мемлекеттік органдардың саяси нормалармен қатынасы). Әрине, әр қатардағы элементтердің қатынасын айқындау көбінесе бірінші түрдің қарым-қатынасымен жанама түрде байланысады( мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол “тікелей” жүзеге асырылады
( әңгіме саяси нормалардың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралы болғанда немесе, керісінше, қандай да бір саяси нормалардың мемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралы болғанда).
Сонымен мемлекет- саяси жүйенің басты элементі. Ол- керек кезінде арнаулы күштер органдарын пайдлана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
2.Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Қоғамдағы түбегейлі экономикалық- әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады. Оның пайда болуы жөнінде әр түрлі көзқарастарбар. Моның ішінде ең кең тарағандары:
1. Теологиялық теория. Негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа , олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
3. Қоғамдық келісім теориясы. (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
4. “Зорлық жасау” теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович,К.Каутский ) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ф.Энгельс мемлекет әрдайым “ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады” деп жазды.
Мәнділік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға,оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп саятындығы белгілі. Бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуіне, халыққа әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшыраған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің ролі жағымды бағалануы керек.
Мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметтің бағыттылығына түрлі тәсілдер әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты. Сондықтан, мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық үстемдік пен билеуші топтың еркін таңдау есептелсе, екінші жағдайда –таптық және жалпы қоғамдық принциптердің үйлесуі есептеледі.
Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындығы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
3. Мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: 1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі- ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. 2) Билеуші органдар.Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Қоғамда заңи тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулық материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құралады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі- құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет өз қызметін белсенді атқарады,яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді.Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты,оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген.Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.Адамдардың өндіріс,орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады.
а)экономикалық салада мемлекет кәсіпкер,жоспаршы,үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді.Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді.Оны мемлекеттік тапсырыс,салық,несие,экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды.Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге,экономикалық интеграцияны өрістетуге,ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с қатысады;
ә)әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.Халықтың әл-ауқатын,өмір деңгейін көтеру,денсаулықты сақтау ісін жақсарту,тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;
б)заңдылықты қамтамасыз етеді.Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,қылмысқа қарсы күресті өрістетуге,әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с.басшылық етеді.
в) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін,ғылымды,әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың,таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады,бюджет саясатын жүзеге асырады,қарулы күштерді құрып ,ұстап,пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет