XIX ғасырдың аяғында саясаттану ғылымы өз алдына пән болып бөлінгеннен кейін оның заңдары, құрылымдары, міндеттері белгіленді. БҰҰ-ның шешімімен ЮНЕСКО 1949 жылы саясаттануды ЖОО-дарында пән ретінде еңгізуді ұсынды.
Саясаттану пәнінің өзекті мәселелері:
Саяси мүддерлер;
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері)– адамдардың өздері өмір сүріп отырған қоғамға сәйкес, жалпы ережелерді қалыптастыруы, сақтауы және жетілдіруі арқылы атқарылатын қызмет.
Саясаттану – саясат туралы, саясаттың адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмысістеуі мен пайымдауын, түрлері мен әдіс тәсілдерін зерттейді.
Саясаттанудың әдістері:
Салыстырмалы - түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара
салыстырып, олардың жалпы,ортақ және жеке
ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелік әдіс - саяси құбылыстарды басқа күрделі
құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттеу.
Әлеуметтанулық әдіс - Саясатты қоғам өмірінің экономикалық,
әлеуметтік және мәдени деңгейіне
байланыстырады.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады.
Саясаттанудың функциялары:
Аксиологиялық қызмет – саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге саяси баға беру.
Реттеушілік – басқару қызметі. Саси дамуды бақылайды.
Саяси өмірді жетілдіру - заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі.
Болжау – зерттеушілердің құндылығын бейнелейді.
Саяси ілімдердің щығу тарихына көз жүгіртсек, саяси этикалық ілімнің негізін салушы – Конфуций.
Саясаттану ғылымы билік ақпараты мен қызметтеріне назар аударады. Саясатты зерттеу – мемлекетті зерттеу немесе билікті зерттеу. Бұл көзқарас американдық саясаттанушы Дэвид Истонның еңбектерінде кеңінен қамтылған.