6
7
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI
ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол
саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси
ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған меселелерді шешуге
бейімдеді.
Билікті мемлекетке беріп, пайдаланудың неше түрлі əдіс-тəсілдерін
көрсетті.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы
қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын
кіргізуге, көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат
жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді.
Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейіп,
саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделенді. Осыған орай
саясаттану теориялары жасалды.
(Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн,
И. Кант, Гегель кеп енбек сінірді.)
8
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына
жеке пəн ретінде калыптасты.
1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін
Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис
Либер "Тарих жəне саяси ғылым" деген кафедра ашты.
Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары
мектебі құрылды.
1889 жылы Американың Саяси жəне əлеуметтік ғылымдар
академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар
ассоциациясы құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пəн
ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық
мəртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның
басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың
халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды.
9
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық
ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес үкіметі, шың
мəнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай
жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дəуренін құра алмаған да болар
еді. Бірақ саясат мəселелері қаралды, ғылыми коммунизм, тарихи
материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға
негізделген пəндер еді.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрыңғы
Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына,
тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді
1989 жылдан Жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік
кеңес жұмыс істей бастады. 1990 Жылы КСРО-ның ғылым жəне техника
бойынша мемлекеттік
комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін
ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990
жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір
Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде
өтілуде.
|