92
таралғаны және саяси тәртіпті қамтамасыз ететіні «берілгендік» мәдениет
үлгілерін меңгерген “азаматтық” мәдениет болып табылады.
Адамдардың “белсенділік”, “берілгендік”, “азаматтық” саяси мәдениеті,
зерттеушілердің тұжырымдамасы бойынша, әрбір оқиғаға байланысты іс-
қимылдары емес, олардың дәстүрлі іс- әрекеттері. Азаматтар жағынан дәстүрге
айналған әрекеттер кейін құндылыққа айналады, себебі әлеуметтік топтардың
іс-әрекеттерінің болжамды болуы қоғамның саяси қатынастарына тұрақтылық
орнатады. Мысалы, көптеген Еуропа зерттеушілері бұндай құндылықтарға
британ саяси жүйесіндегі мына дәстүрлерді жатқызады:
дәстүрлендіру
(традиционализм) -- лейбористер өз бағдарламасын көптеген ғасырлар бойы
жұмысшылар қозғалысының ашық оппозициялық дәстүріне сүйеніп жасаған;
асыл тектілік (элитаризм)-- білім беру саласында “елге білімді жұмыссыздар
керек емес” деген принцип консервативтік үкіметтің
бағдарламасында маңызды
орын алуы;
жекешілдік (индивидуализм) - жеке адам өмірінің, жеке
шаруашылықтың мызғымастығын ұстаным ету;
викторияндық құндылықтар
- 10 библиялық өсиетті орындауға бойтұмар болу.
Сонымен қатар ағылшын саяси мәдениетінде мемлекеттегі тәртіпті
мүлтіксіз орындауға жол ашатын дәстүрлер қалыптасқан. Бұл тәртіпке бағыну
дәстүрін Ұлыбритания басқарушы топтары қоғам мүддесіне нәтижелі түрде
пайдаланып келеді.
Ал бүгінгі Қазақстанға келер болсақ, біздің елімізде жаңа, өзіндік саяси
мәдениет қалыптасып келе жатыр. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік
саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің
Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін
тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде хабардар
болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде
жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан
саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: