109
бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға
алмайды».
«Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы
қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып
беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды
жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып,
меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін
коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін
адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс.
Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға
айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ -Ресейдегі
1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен
осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік
(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеология 70
жыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке
меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға
идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік
тарихи сабақ болып саналады.
К.Маркстің ең үлкен қателігі – «капитализмнің өзін-өзі дамытуға
мүмкіншілігі жоқ» - деген қағидасы болатын.
Бұған қарсы Еуропаның батыс елдерінде, соның ішінде әсіресе
Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер
енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымда
реформизм болып аталады.
Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,
реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы
тұрақтылықты сақтау идеологиясы.
Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа
және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция
идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды.
Реформистік идеологияның негізін қалаушы - неміс саяси қайраткері
Достарыңызбен бөлісу: