саясат дегеніміз мемлекет және қоғамның іс - қимылының түрі, жеке
адамдардың, әлеуметтік топтардың, өкіметтің мүддесін іске асырудағы саяси
қарым- қатынастары.
Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған
заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің
әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді
кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси
әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар:
саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы
мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа
әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық
ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері.
Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау –салауаттылығы саясатпен
тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс -
қимылдарына байланысты.
Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі –
саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына
бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады.
Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі,
саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси
салада қалыптасқан саяси процестер.Мысалы, демократия, саяси билікті
қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері,
жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси