Саясаттану



Pdf көрінісі
бет66/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Консерватизм - қоғамда  тарихи  қалыптасқан  саяси,  экономикалық, 
әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы. 


107
ХҮІІІ  ғасыр  Еуропа,  Америка  және    Азияның  көптеген  елдеріндегі 
нарықтық  экономиканың  дамып,  капитализм
қалыптасып,  әлеуметтік 
теңсіздіктің  күшейген  уақыты  болды.  Ол  кезде  еңбекшілер  мен  кедейлердің, 
жалпы  жоқшылыққа  ұшыраған  адамдардың  мүдделерін  қорғауға  арналған 
әлеуметтік  қорғау  жүйесі  жетілген  жоқ  еді.  Сол  себепті  революция 
ұйымдастырып,  буржуазиялық  тапты  ығыстырып,  социализм  орнату  қажет 
деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы 
бұның  іс  жүзіндегі  дәлелі  болатын.  Осы  саяси  құбылыстарға  байланысты 
қалыптасқан  консерватизм  идеологиясының  негізгі  мақсаты  - қоғам  мен 
мемлекетті,  олардың  саяси  жүйелерін  бұрынғы  қалпында  сақтап  қалу  болды. 
Консервативтік  идеология  – қоғамды  әртүрлі  кездейсоқ  жағдайлардан,  ретсіз 
реформалардан,  әсіресе  қатыгез,  қантөгісті  революциялардан  сақтап  қалу 
жолдарын ұстанды. 
Консервативтік  идеяны  бірінші  ұсынған  ағылшын  мемлекет  қайраткері 
және  ғалымы  Эдмунд  Берк  болатын.  Кейін  бұл  идеяны  одан  әрі  зерттеп, 
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф 
де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779-
1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
1859) және т.б. болды. 
Консервативтік  идея  Еуропаның  батыс,  солтүстік  және  Азияның  біраз 
елдерінде  мемлекеттік  қолдау  тауып  кейін  идеологияға  айнала  бастады.  Осы 
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси 
жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам 
мен  мемлекетке  бағынуы  іс  жүзінде  жүзеге  асып,  бұл  елдерді  әртүрлі 
кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, 
шиеленістерден  сақтап  қалды,  бейбіт  жағдайда  нәтижелі  әлеуметтік-
экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. 
Консерватизм  идеологиясы  қоғам  өмірінде  әдет-ғұрып,  дәстүрлер 
маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат 
етті.
ХХ  ғасырдың  ортасынан  бастап  консерватизм  идеологиясының  негізгі 
қағидаларына  өзгерістер  енгізіліп  консервативтік  ой-пікірдің  басты  бағыты 
жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет