КОНФУЦИЙ (КУН ЦЗЫ) (б.з. дейінгі 551-479 жж.). Оның ілімі
Шығыстағы саяси ойдың ірі жетістіктерінің бірі. Ол кезде Қытай бір-бірімен
жауласушы кіші мемлекеттерден тұратын, олардың арасында рулық
қатынастардың ықпалы басым болатын. Дегенмен, рулық құрылыс жеке
меншіктің дамуының нәтижесінде ыдырай бастады. Мемлекеттік-құқықтық
идеология саласындағы бір-біріне қарама-қарсы бағыттар арасында қызу күрес
167
жүрді, біріншісі –конфуцийлік мектебі, екіншісі – легистер (Фацзя – сауатты
шенділер, заңға жетіктер) мектебі. Олардың арасында бүліншілікті жою және
Қытайда мемлекеттік тәртіп орнату мәселелері бойынша қызу айтыс жүрді.
Конфуцийдің ізін қуушылар мен легистер ілімі Қытай қоғамына тән
дәстүрге бейімділікті, қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, мемлекеттік
құқықтық дәстүрді сақтауды және заңдардың орындалу жайын терең
талқылады.
Конфуций іліміндегі басты қағида – «жэнь» (адамгершілік). «Жэннің»
көріністері – «сяо» (баланың қарияларға деген құрметтеуі), «синь» (адалдық),
«вань» (адамды сүюшілік), «чуй» (мейірімділік), «шу» (кешірімділік).
«Адамгершіліктің» конфуцийлік бастамасы халықтық құқықсыздығынан
туындады. Конфуций «жақсы биліктің» қамтамасыз етілу үмітін қайырымды
және ақылды билеушілерге және шен иелеріне жүктейді.
Конфуций саясаттың моралдық негізі - дәстүр («ли») деп есептеді. Ол іс-
әрекетте тәртіпті сақтау және бақылау қызметін атқарады деп түсіндірді.
Салт-дәстүрлерді сақтау арқылы Конфуций әлеуметтік шиеленісті және
дау-жанжалдарды болдырмауға тырысты. Мемлекеттік басқарудың маңызды
принциптерінің бірі - билеушінің халық игілігіне қамқоршы болуы және
халықтың билеушіге сенуі.
Б.з.д. УІ ғасырдың өзінде Конфуцийдің жеке басына табынушылық етек
алды. Ол жариялаған идеология мемлекеттік, ерекше «зиялылық дінге»
айналды. Одан әрі конфуцийшілдік ілімі сан ғасырлық феодалдық мемлекеттің
негізі болды.
Басқа да ежелгі заманғы ғұлама ойшылдар секілді, Конфуцийді қоғам
құрылысы мен мемлекет басқарудың жоғары сатыда дамығаны толғандырады.
Сөйтіп, ол бұл сұрақты қатаң жүйеленген тәртіп пен белгілі бір моральдық
принциптермен шешуге тырысты. Конфуций әлеуметтік реттеудің негізін әрбір
адам өз құқығын, өз міндетін білетін қоғамның беріктігінде деп түсінді.Яғни,
әрбір қоғам мүшесі өзінің қызметін ешбір кіршіксіз, нақты атқаруы тиіс,
мысалы, ұстаз шенеунікке айналмауы керек. Мәселе, адамның шығу тегінде,
ата – анасының кім болғанында емес, оның өнегелі істерінде. Игілікті адам
мейірімді болуы, ар-ұждан, ұят, міндет, борышты сезіне білуі, әр кезде де
тұрақты болып, шынайы және үлкенді сыйлауы керек. Міне, осы ережелер,
Конфуцийдің ойынша, дұрыс тіршілік етуге, қоғамды жемісті басқаруға жол
бастайды. Мемлекет қаптаған сапасыз заңдарға емес, рахымшыл басқарушы
мен оның дарынды көмекшілеріне арқа сүйенуі керек.
Саяси билікті құрметтеу мен меритократия идеяларын Конфуций
мемлекет құрылуының негізіне жатқызды. Оның ойынша, мемлекет – үлкен бір
жанұя, бірақ бір билеуші, бір әке мемлекетті басқаруға бейім емес. Оның
көмекшілері ретінде шенеуніктер бар, ал олар өнегелі, тәртіпті, білімді
болулары қажет.
Конфуцийдің ойынша ақылды басқарушының басты белгісі - вербальды
қатынас әдісі (ресми емес, ауызша, сөздей қатынас жолы), ұтымды ойлап
табылған “бір ауыз ғана сөз адамның ақылды екенін көрсетеді, соның ішінде,
әсіресе елбасының бір ғана сөзі мемлекеттің тағдырына үлкен әсер етуі
168
мүмкін”. Конфуцийдің саяси-әлеуметтік бағдарламасының негізгі тақырыбы –
халық игілігі. Мемлекет өзіндік мақсатты емес, халық игілігін қамтамасыз
ететін құрал. Қару қолдануға да болар, тамақтан бас тартуға да болар, бірақ
сенім болмайынша мемлекет те жоқ, ал сенім адамдардың мүдделерін шешу
арқылы нығайтылады. “Бас имейтін бағынышты адамдарды жазалау арқылы
жеңу керек” деп біреулер пікір айтқан болса, Конфуций “бірінші елді
тойындырып алу, содан соң барып оқыту және жоғары мораль сіңіру қажет”
деді. Өз идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға ойшылдың қолы жетпеді. Бірақ
оның нақылдары рухының қытай саяси мәдениетіндегі маңызы зор.
Конфуцидің идеялары мен ілімінің ХХІ ғасырға аяқ басқан Қытай елінің саяси
– мәдениеті мен идеологиясының өзегі болып отырғанын естен шығармауға
тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |