85
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында Қазақстанда пайда болған
тағы бір қозғалыс – казактардың (казачество) бой көрсетуімен байланысты еді.
Казактар баршаға әйгілі Алтын Орданың ыдырауынан кейін Ресейде пайда
болған әскери-саяси әлеуметтік топ. Көптеген жылдар бойы казактар Ресей
патшалығына қызмет етіп, отарлық, басқыншылық саясаттың жазалаушы күші
ретінде пайдаланылды.
1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
айырылып қалған дәстүрлері мен салт-саналарының қалпына келтірілуіне
ешкім қарсы болған жоқ. Дегенмен де, Орал казактары басшыларының
1991жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
жылдығын» Қазақ елінде мерекелеуге шешім қабылдауы мүлдем түсініксіз
болды. Облыс басшыларының мұндай айқын, сыңаржақты мерекелеуге кедергі
жасап, ақылға шақыруы ешқандай оң нәтиже бермеді. “Азат”, “Желтоқсан”,
“Парасат” қозғалыстарының басшылары бұл іс-әрекетті қазақ халқының
намысын аяққа таптау деп бағалады. «Мерекеге» бірнеше күн қалғанда осы
қоғамдардың мүшелері Орал қаласына жиналды. Олар қаланың орталық
алаңында қарсы ұран көтеріп, пикет және митингілер ұйымдастырды. Осы
уақытта қазақ жастарына қарсы тұруға Краснодардан, Доннан, Шіләбіден,
Самарадан казак әскерлерінің өкілдері келіп жетті. Тартыс қыза түсіп, екі жақ
бір-бірімен жаппай қақтығысуға өте жақын тұрды. Тек
құқық қорғау органдары
мен “Азат” қозғалысы басшыларының ізгілікті қызметі арқасында ғана
қақтығысқа жол берілмеді.
Оралдағы осы оқиға кез-келген қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың
абайсыз іс-әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне тағы да бір
көз жеткізді.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың билікке, өкіметке қаймықпай
қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы жиі кездеседі. Ал
бейресми бірлестіктер оппозициялық күштердің, жастардың, студенттердің
арасында көбірек тараған. Олардың алдына қойған мақсаты, іс-әрекеті, оған
қатысушылардың
жасы мен жынысы, қызмет тұрақтылығы саналуан.
Сайып келгенде, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқайсысының
өз ерекшеліктері болуына қарамастан азаматтардың мүдделерін іске асыру
құралы болып табылады, әрбір әлеуметтік топтардың тұрмысын жақсарту,
жоғын
жоқтау жолында олардың өкілі, қорғаны міндетін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: