САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ КОГНИТИВТІК БАҒЫТТАР БАҒАЛАУ-НОРМАТИВТІК БАҒЫТТАР МІНЕЗ –ҚҰЛЫҚТЫҚ БАҒЫТТАР САЯСИ ДӘСТҮРЛЕР
САЯСИ ӘДЕТТЕР
САЯСИ МІНЕЗ –
ҚҰЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
САЯСИ САНА
САЯСИ САНА-СЕЗІМ БАҒАЛАУ. -
САЯСИ ТАНУ
САЯСИ БІЛІМ
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып –білуге, субъектті саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік – таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық – саяси қызметке әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кемшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, талаптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі – қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процесті тоқтауыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық
шағын мәдениет(СУБМӘДЕНИЕТ)
Жеке қоғамдық топтардың саяси мәдениетінің ерекшеліктері.
Саяси мәдениет салалық шағын мәдениеттің толық жиынтығы емес.
Ол өмір сүріп отырған қоғамдағы халықтың негізгі бұқарасының саяси санасы мен мінез-құлқын сипаттайтын ең тұрақты, тұрпатты белгілерін жинақтайды.
Ол этникалық, расалық, діни, білім, жыныс-жасы тағы басқа айырмашылықтарына байланысты өзгешеліктерін көрсетеді.