Саясаттану



Pdf көрінісі
бет2/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
қу құралына теориялық негіз болған ойшылдар мен ғалымдар туралы мәліметтер кітаптың 
соңында алфавит бойынша берілген.


6
Көне египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, вавилондықтардың, 
еврейлердің, парсылардың, гректердің және римдіктердің әлеуметтік
-
саяси 
алғашқы түсініктері діни сипатқа көше бастады. Бұнда орын алып отырған 
билік пен тәртіп құдайдан туындайды деген түсінік басым болды. Сөйтіп, біздің 
заманға дейінгі І мыңжылдықта мифологиялық идеологияда өзгеше бетбұрыс 
басталды. Бұл 
діни 
кезеңнің басталуы болды. Мысалы, буддизм діні бақытқа 
сегіз тарапты жол апарады, атап айтқанда: шынайы сезім, дұрыс шешім, дұрыс 
сөз, дұрыс іс, дұрыс өмір, дұрыс күш жұмсау, дұрыс ой, дұрыс зейін қою деп 
есептеді (Чаттопадхай Х.Индийский атеизм. М., 1973). Осы жолдар арқылы 
жалпыға бірдей азаптан арылып, жан рахатына жетуге болады деген ойлар 
орнықты. 
Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзінде
-
ақ Қытайда, Парсыда, 
Грекияда саяси білімдердің дамуындағы мифологиялық
-
діни көзқарас 
ғылыми
көзқараспен ұштаса бастады. Мысалы, ежелгі Қытайдың саяси ойларында 
рационалдық тенденцияның көрінісі ретінде легистерді атауға болады (б.з.д. 
УІІ
-
ІУ ғғ.). Олар өндіріс пен сауданың бірқатар салаларында мемлекеттік
монополияны негіздеу қажеттігін айтты. Легизм өкілдері қоғам өмірі мен жеке 
адам 
тіршілігінің 
барлық 
жақтарын 
реттеуге 
мүмкіндік 
беретін 
орталықтандырылған қатаң, авторитарлық мемлекет құру қажет деп санады. 
Ежелгі Парсыда ақсүйек Мегабиз және патша Дарий қоғамдағы 
еркіндіктің артықшылықтарын көрсетіп, барлық билік бір қолға шоғырланған 
монархияны сынайды. 
Ежелгі Грекиядағы кең көлемдегі саяси
-
құқықтық түсініктердің 
қалыптасуы Перикл, Пифагор, Гераклит, Демокрит және софистердің 
есімдерімен байланысты. Құқық, саясат, мемлекет туралы ілімдер Сократтың, 
Платонның, Ксенофонттың еңбектерінен айқын көрінеді. 
Орта ғасырларда басқа аймақтарда, әсіресе Еуропада саяси білімдердің 
дамуы біраз қиындықтар кешті. Еуропада бұл кезеңнің саяси тұжырымдары 
діни сипатта болды. Бұның басты себебі:христиан шіркеуі билік үшін кұресте 
үстемдік көрсетіп, зорлық
-
зомбылық жасап, халықты діни соғыстарға 
ұшыратты. Ғылым христиан, кейін католик дінінің қызметшісіне айналып 
қарқынды дами алмады. Қоғамның осындай саяси жүйесін насихаттаушылар 
Ұлы Василий, Иоан Златоуст, Григорий Нисский,Ориген христиандық 
әлеуметтік
-
саяси идеяларының «әкелері» және «ұстаздары» деп аталды. «Билік 
жүйесінен басқа барлық адамдар өмірдің бишаралары»деген көзқарас 
қалыптасты.
Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде 
Фома Аквинский
ерекше орын 
алады. Басты еңбегі 

“Теологияның жиынтығы”. 
Фома Аквинский: «заң 
-
белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті
айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік 
құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес, 
қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі 
мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу 
тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның 
ойынша
,
саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді. 


7
Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық 
Мартин Лютер
(1483-1546). 
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік 
құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері 
арасындағы келіспеушіліктер 
Римдік
-
католик дініне қарама
-
қарсы Лютер адам және оның зайырлы 
өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол 
адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін 
теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу 
деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады. 
Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис 

екі әлемнің болуы. 
Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани
(аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі 

Қайта өрлеу дәуірі

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси 
-
әлеуметтік ғылымдардағы жарқын 
жұлдыздардың біріне италиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет