Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің



Дата10.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#135887
Байланысты:
Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және мемлекеттің тұрақтылығы, тұтасты


Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
Саяси қауіпсіздік ұғымы мен мазмұны
Қоғамның саяси жүйесінің ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуы. Саяси қауіпсіздік - мемлекетаралық қатынастар жүйесінің шеңберінде тұрақты саяси егемендікті, ұлт мүмкіндіктері мен оның мемлекеттік институттарының мемлекеттік құрылыс мәселелерін дербес шеше алуы және тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты жүргізе алуын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі негізделген саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Ибраимов Қайрат БТЖ-11
Мемлекеттің саяси қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері
Тұлғаға (жеке адамға), қоғамға және мемлекетке төнген ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді болдыртпауға, жоюға бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданған шаралар жүйесі.
ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 ж. 6 қаңтардағы заңда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi.
ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің түрлері: қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік.
Терроризм мемлекеттің саяси қауіпсіздігінің қауіпі ретінде
Терроризм (лаңкестік) – қорқыту мақсатында террорды, күштеуді әрдайым қолданып отыруға негізделген саясат. «Террор» сөзінің синонимі («террор» латын тілінде қорқыныш, үрей дегенді білдіреді) «күштеу» (насилие), «қорқыту», «үрейін ұшыру», «зорлық-зомбылық жасау» болып табылады. Террористтің кез келген әрекеті (өлтірумен байланысты болмаса да) қашанда күштеумен, мәжбүрлеумен, қауіппен байланысты. Террористтің мақсатқа жетудегі басты құралы – бұл қорқыту, қорқыныш пен өзіне деген сенімсіздік атмосферасын тудыру, адамның зәресін алу.
Қазіргі саясаттануда терроризм саяси экстремизмнің шектен шыққан түрі ретінде қаралады. Терроризм – субъектісі жеке адам, қоғам, мемлекет болып табылатын қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыс.
Терроризмнің түрлері:
Субъектісінің сипатына
Мақсатына, бағыты
кімге қарсы бағытталу
билікке қатысты оппозиционерлердің терроризмі
Ибраимов Қайрат БТЖ-11

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет