Саяси даму және модернизация



Дата10.04.2023
өлшемі8,57 Kb.
#81151
Байланысты:
Саяси даму және модернизация-emirsaba.org


Саяси даму және модернизация

Саяси даму және модернизация

Ең алдымен, модернизация ұғымының не екеніне тоқталып өтсем, Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды. Мысал ретінде, Қазақстанды алып, саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары туралы жазамын. Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана дұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт – бағдарын елеулі өзгеріске ұшырату әбден ықтимал еді. Әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылайша бағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.


Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Осы тұрғыда әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп айтуға болады: Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жеке меншік институтымен келісімшарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. Екіншіден, аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құру. Үшіншіден, еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату. Төртіншіден, дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе – теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беру. Бесіншіден, барлық діндердің тең құқығына кепілдік беру және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. Исламның басқа да әлемдік және түрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнату. Алтыншыдан, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ету. Жетіншіден, елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүше ретінде қарастыру, ал мұның өзі аса маңызды басымдықтардың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

Қазақстан дамыған елу елдің қатарына кіру туралы ниетін жария етті. Сондықтан біз өзімізді әлемдік контексте қарастыруға тиіспіз. Әлемде орын алып жатқан оқиғаларды ойға тиюге тиіспіз. Қазіргі кезеңде әлемде демократия алапат дағдарысты басынан өткеруде! Бүгінде ХХI ғасырдың – буырқанған өзгерістер ғасырының, біз бәріміз бүкіл адамзатқа игілік әкелетін жаһандастыру ғасырының табалдырығында тұрған кездер үшін өзекті болып табылады деп ойлаймын. Дүниеде ғаламдық өзара тәуелділік сипат алды, онда ғаламдық әріптестік үстемдік етуші принципке айналуы тиіс. Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетіледі. Біз мұның іргетасын тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз..



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет