Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет27/28
Дата02.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#131628
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Баизбаева Нуркешов МД-20-2

Қазіргі қазақстандық саяси элитаның қандай ерекшелігі бар? Қазақстандағы саяси элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірнеше бағытпен өрбуде. Осы процестің негізгі тәсілдерінің бірі- Парламентке еркін сайлаулар өткізу, соның нәтижесінде әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элитаға өз орнын иеленуіне үміттенуіне мүмкіндік береді. Алайда мынандай да мәселелер байқалып жүр:саяси құрамды жаңадан толықтыру, яғни, саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу процесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес, қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік, жекжаттық негізде жүзеге асады. Қазіргі Қазақстанның элитасын мынадай әлеуметтік-экономикалық топтарға: Қазақстан Республикасының министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің элитасына, өнеркәсіптік-қаржылық, аймақтық, салалық топтарға, мұнай-газ, банк, қаржы салаларының топтарына бөлуге болады. Алайда, саяси элитаның осы топтарының, оның ішінде саяси әйелдер элитасының қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай жазылып жүрген жоқ. Мұның өзі сарапшылардың “Қазақстанның мемлекеттік билік құрылымындағы ықпалды топтар томаға тұйықтық пен толықтай құпиялылық ахуалында әрекет етеді”,- деп ой түюіне негіз болды.

Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет