Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет54/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
treatise15701

Қорытынды 
Саяси билік туралы кешенді түсінік қалыптастыру арқылы «билік» деген 
ұғымның кӛп қырлы, күрделі әрі қарама-қайшылықты саяси-әлеуметтік 
құбылыс екендігін анықтадық. Биліктің табиғаты тылсым сырларға толы: 
билік бірде кӛл, бірде шӛл, кейде қайырымды, кейде жауыз. Билік біресе 
қамқорлығы шексіз кӛрінсе, енді бірде қылышынан қан тамған қанішер. Бұл 
теңеулердің барлығына адамзат тарихынан түрлі дәлелдер келтіруге болады. 
Саясаттанушы мамандар болсын, қарапайым азаматтар болсын, биліктің 
қыр-сырын білген сайын, саяси сауаттылығы ашылып қана қоймай, 
демократиялық билік жағдайында азаматтық саяси мәдениет пен саяси 
қатысудың маңызы қаншалықты зор екенін түсінеді.
Адамдарды ежелден қызықтыратын тақырыптардың қатарында халық пен 
биліктің қарым-қатынасы ерекше орын алады. Саяси ілімдер тарихында бұл 
мәселені талқыламаған ойшыл жоқ болар. Тарихи даму барысында биліктің де 
неше түрі туындап, тіптен, оны арнайы зерттейтін кратология ғылымы
қалыптасты.
Жалпы алғанда, халық пен биліктің арақатынасын басқару мен бағыну 
психологиясынсыз кӛзге елестету мүмкін емес. Билік психологиясы халықты 
ӛздеріне сендіру, кӛндіру, мәжбүрлеу, стимул беру, мойындату негізінде 
басқаруға негізделсе, бағыну психологиясы билеушілерге үміт арту, сену, 
кӛну, ынталану нәтижесінде олардың айтқанын істеп, бұйрықтарын 
орындаумен анықталады. Сәйкесінше, бұл арақатынаста да «біз» және «олар» 
дейтін антогонистік жіктелу ӛте ерте кезден қалыптасқан. Бағзы заманнан бері 
билік пен халықтың қарым-қатынасы кӛрінбейтін баррикаданың екі 
жағындағы қарсыластарға ұқсайды. Сондықтан да, ежелгі дәуірден қазіргі 
кезеңге дейін биліктің жақсысы мен жаманын, дұрысы мен бұрысын іздеу 
барысында оның сан-алуан түрлері туындады. Бірақ, биліктің қаншама түрлері 
болғанымен, адамзат қауымының басым бӛлігі демократиялық билікті таңдап, 
демократиялық саяси жүйені қалады. У.Черчилль бұл тұрғыда: «Бұл күнәһар 
әлемде басқарудың кӛп түрлері қолданылды және әлі де қолданыс табар. 
Демократияның кәміл еместігін бәрі түсінеді. Түрлі уақытта оқтын-оқтын 
қолданылғандарын қоспағанда, демократия – басқарудың ең жаман формасы 
деген ой дұрыс айтылған» деп, демократияның да кемшіліктері кӛп екенін, 
бірақ, ӛкінішке орай, одан жақсысы жоғын айтқан.
Антикалық дәуірдегі афиналық демократия мен римдік республикадан 
бастау алатын халықтық басқару түрі дами келе, бүгінгі күнге дейін жетіп 
отыр. Тіпті кейде, республика (
латынша res – іс, publica – бұқара, халық
) мен 
демократия (
грекше демос - халық, кратос - билік
) құдды бір егіз ұғым сияқты 
қабылданады. Қазіргі кезде БҰҰ мүше 193 мемлекеттің 140 ресми түрде 
республика саналса, олардағы биліктің қайнар кӛзі халық деп танылған. Бұл 
елдер демократиялық құндылықтарға сүйенеді, заңнамалары да адамның 
құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғауға бағытталған, толып 
жатқан демократиялық институттар қызмет атқарады. Сӛйте тұра, ӛздерін 


94 
демократиялық республикаға жатқызатын елдердегі демократияның деңгейі 
әркелкі. Таңқаларлығы сол, олардың бәріндегі басшылыққа алынатын 
құндылықтар мен ұстанымдар, қолданыстағы заңнамалары, қызмет атқарушы 
саяси институттары мен лауазымдары, қысқасы, мемлекетке қатысты 
белгілерінің бәрі бірдей және демократиялық сипатта (президент, парламент, 
конституция, үкімет, сот, сайлау т.б.). Бірақ іс жүзіндегі нәтиже әр-түрлі: 
бірінде демократия күшті, екіншісінде әлсіз, енді бірі демократияның атын 
жамылған биліктің ӛзге түрімен басқарылуда. 
Бұдан қандай қорытынды жасауымызға болады? Посткеңестік халық 
демократияның не екенін, яғни, халық билігі деген ұғымның мән-жайын әлі 
толық түсінбейтін сияқты. Адам ӛзгермей, қоғам ӛзгермейді. Махатма Ганди 
айтқандай, «Әлемді ӛзгертемін десең, ӛзіңнен баста».
 
Ширек ғасыр уақыт ӛтсе 
де, кеңестік тоталитарлық жүйенің кезінде қалыптасқан сыңаржақ ойлау 
стереотипі халықтың саяси санасына әбден сіңіп, қасаң болып қатып қалғаны 
сонша, күні бүгінге дейін біздің халық ӛзін «біз» деп, билікті «ӛзгенікі» деп 
бӛтенсінеді. Себебі, халқымыз демократиялық даму жолын таңдағанымен, 
оның мәні мен мазмұнын білмейді. Бейнелеп айтсақ, қандай да бір жаңа 
бұйымды немесе дәрі-дәрмекті қолданар алдында оған қоса берілетін 
нұсқаулығын (инструкция) оқып таныспасаңыз, ол бұйымның не үшін 
жасалғанын, қалай пайдалану керектігін, пайдасы мен зияны қандай 
болатынын білмей дал боласыз. «Ӛзім білемге» салып, бұра тартсаңыз, не 
жаңа бұйым бүлінеді, не ӛзіңіз зардап шегесіз. Тап сол сияқты, демократияның 
да қыр-сырын біліп, меңгеру керек. Біздің қоғамның басты кемшілігі – 
демократияны әркім ӛзінше түсініп, әр адам ӛз білгенін істеуге кӛшті. Қит етсе 
билікті кінәлап, «Демократия жоқ!» деп, билікті сынап-мінегіш болып алды. 
Ал, сонда халықтың сынынан кӛз ашпайтын билік қайдан шықты? 
Демократиялық қоғамдағы билік сайлау барысында халықтың дауыс беруімен, 
ерікті түрде, еркін сайланған халықтың ӛкілдерінен жасақталатынын, 
сәйкесінше, билік ӛкілдік жолмен халықтың атынан жүзеге асырылып 
отырғанын біле бермейді. Демократияның басты механизмі саналатын 
сайлауға салғырт қарап, абсентеизмге салынып, сайлауларға қатыспайды, 
дауыс беруге бармайды, нәтижесін қадағаламайды. Демократияда билікке 
халықтық бақылау жасаудың мүмкін екендігін, халықтың сенімін ақтамаса 
ӛкілеттікті қайтарып алуға болатынын, сӛз бостандығы бар екенін ойлап, 
бастарын қатырмайды да. Жоғарыда айтқанымыздай, ӛз заманында Цицерон 
«Республиканың әл-ауқаты азаматтардың мінез-құлқында жатыр» десе, белгілі 
неміс ғалымы, Берлин университетінің негізін салушы В. Гумбольдт «Жақсы 
биліктің бары да, жоғы да білінбейді» деген екен. Демократияны халық билігі 
деп білсек, бізде оның дамымай отырғанына ең алдымен халқымыздың ӛзі 
кінәлі. Бұл жерде үйреншікті әдетке басып, бас салып билікті кінәлаудың 
қажеті жоқ, Жозеф де Местр «әр халықтың ӛзіне сай үкіметі бар» деп әділін 
айтқан. Сондықтан да, осы оқу құралы билік туралы білім берумен қатар, 
қоғамның саяси санасында орын алып отырған олқылықтарды еңсеруге, 
демократияны дамытуға ӛзіндік үлесін қосады деп үміттенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет