Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


И.Канттың әлеуметтік-саяси ілімі



бет67/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

87.И.Канттың әлеуметтік-саяси ілімі
Иммануил Кант (22 сәуір 1724 жыл – 12 ақпан 1804 жыл) — XVIII ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс философ. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.
Өмірінің соңғы кезінде Кант кейінгі адамзатқа аманат етіп, «Мәңгі бейбіт өмірге» деген кішігірім трактат жазып қалдырды. Оны оқи отырып, тап осы кезде - XXI - ғасырдын басында жазылған ба деп қаласың. Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін - адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының, нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына қарамастан халықтар өзара келісіп, тату – тәтті өмір сүруі керек. Саясаттағы ең басты мәселе - жер бетіндегі өмірді сақтау. Осы мақсатта Кант дүниежүзі халықтары әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын мойындайтын халықаралық келісімді қабылдауы керек деген идеяны ұсынды. (Қара: Кант Соч. Т.6., М., 1966, с. 260-289)
Ешкімнің де ар-ұжданы, сенімі, еркіндігі, қалауы аяққа басылмауы керек. Көптеген философтар сияқты Кант - утопист. XVIII- ғасыр түгіл, ХХ-ғасырда да оның бұл идеясы жүзеге аса қойған жоқ. Бірақ осыған қарап, оның ойы құр сандырақ деуге бола ма?
Біз Кант іліміндегі өміршен, жаңашыл идеяларды, пікірлерді, шешімдерді түгел қамтып шықтық деп айта алмаймыз. Біз солардың кейбір үлгілеріне ғана тоқталып өттік. Бірақ осының өзі философия жайынан хабардар адамдарға ой салар деген үміттеміз.
XX- ғасырдың басында Батыста философтар арасында «Кейін, Кантқа карай!» деген қозғалыс өріс алды. «Жаңакантшылдық» деген беделді ағым пайда болды. Олардың түсінігінде Кант ілімі ескірген жоқ, керісінше, ХХ-ғасыр Кант сияқты ойшылдарды керек етіп жатыр. Кантқа қайта оралу XXI - ғасырдың басында да орынды. Өйткені Кант-болашақтың ғұламасы.
Кант жөнінде көрнекті неміс филологы және философы З.Гумбольдтің мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Канттың даңқы жөнінде әңгіме болғанда үш нәрсе күмән туғызбайды... Ол қиратқан нәрсе қайтадан қалпына келмейді: ол құрған нәрсе ешқашанда қирамайды; ең бастысы, - дейді Гумбольдт, - оның философияда жасаған төңкерісіне ойлау тарихында ешнәрсе тең келмейді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет