Саяси имидждің даму тарихы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#6041

Саяси имидждің даму тарихы 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

51 

ƏОЖ 3.32 



Д.Б. Кошербаев 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: kosherbaev_das@mail.ru) 

Саяси имидждің даму тарихы 

Мақалада  саяси  имидждің  тарих  беттерінде  көрініс  алуы  мен  ұлы  ойшылдардың,  саясаткерлердің 

«бейнесін»  өзгерту  мəселесі  сөз  етілді.  Саясаткердің  халық  алдында  қандай  болуы  керек.  Билікті 

тілмен,  жағымды  іс-əрекеттердің  көмегімен  уысында  ұстап  қалудың  жолдары  ұлы  ойшылдардың 

еңбектерінде қарастырылған. Рим жəне түркі ойшылдарының саяси еңбектеріндегі басшы мен қоғам 

арасындағы қатынас туралы тұжырымдарға шолу жасалған. 



Кілт сөздер: имидж, имиджтану, саяси имидж, саяси технологиялар. 

 

Имидж ұғымы ХХ ғасырдың соңында ғана ғылыми айналымға белсенді түрде енсе де, оның да 



өзге  ғылыми  салаларға  тəн  өзіндік  даму  тарихы  бар.  Бүгінгі  ғылыми  əдебиеттерде  имидж  тарихы 

жөнінде  ақпарат  жоқтың  қасы.  Мысалы,  ресейлік  ғалым  Г.Г.  Почепцов  өзінің  «Имидж  и  выборы» 

атты кітабында «имидж — бүгінгі күннің жаңалығы» деп көрсетеді. Алайда саяси тұлғаның сыртқы 

жəне  ішкі  дүниесіне  қатысты  сыни  ойлардың  элементтерін  тарихтан  өткен  ұлы  ойшылдардың 

еңбектерінен  көруімізге  болады.  Енді  сөзімізге  дəлел  болуы  үшін  осы  ұлы  ойшылдардың 

шығармалары мен ой-толғамдарына шолу жасап көрейік. 

Саясат  пен  өнер  (мемлекеттік  істі  жүргізу  өнері)  туралы  айтулы  зерттеулерді  Ежелгі  Рим 

ғалымдары мен қоғам қайраткерлері жасаған болатын.  



Марк  Туллий  Цицерон  (б.д.д. 106–43 жж.)  Ежелгі  Римнің  саяси  қайраткері,  шешен,  жазушы. 

Ақсүйектер  əулетінен.  Б.д.д. 63 ж.  консул  болған  кезінде  халық  арасындағы  жəне  саяси  қайраткер 

ретіндегі  беделі  қатты  өсті.  Керісінше,  інісі  Квинт  Туллий  Цицеронды  (б.д.д. 102–43 жж.)  басым 

көпшілігіміз  біле  бермейміз.  Алайда  Квинт  Туллий  Цицерон  саяси  ілімдер  тарихында 

алғашқылардың  бірі  болып  саяси  кеңесшілік,  сайлау  кампаниясын  жүргізу  сынды  мəселелерді 

қарастырған болатын. «Краткое наставление по соисканию» атты қысқа шығармасында ағасына саяси 

сарапшы ретінде жақсы кеңестер береді. 

Сонымен қатар Квинт Туллий Цицеронның б.д.д. 64 ж. өзінің консулдық қызметке тұрған ағасы 

Марк  Туллий  Цицеронға  жазған  бірнеше  «Хаттары»  [1; 126] жеткен  болатын. Бұл  «Хаттар»  имидж 

тақырыбындағы  шағын  саяси  трактат  секілді  жəне  Квинт  Туллий  Цицерон  жақын  адамына 

жазғандықтан,  басқаларға  айта  бермейтін  ойларын  ашық  көрсеткендігімен  құнды.  Осы  еңбектен 

қысқаша үзінді келтірелік.  

Өмірін саяси қызметке арнаған адам өзін қалай ұстап, не істеуі керек? «Ол, алдымен, ораторлық 

шеберлігін шыңдауы керек», яғни сөз саясатқа араласудағы басты құралдардың біріне жатады. Сөздік 

қорды байыту жолында жұмыс істе деп кеңес береді. «Сенің əрбір сөзіңді  ұйып тындай-тыңдай сенің 

талантты  екеніңді  танитындай  етіп  дайындал». «Саясаткердің  басты  мақсаты — адамдарды  өзіне 

қаратып, бағындыра білуі». 

«Халықтың  қолдануына  ие  болу  үшін  оларды  не  толғандыратындығын,  тұрмыстық 

жағдайларын, мұң-мұқтаждықтарымен таныс болу керек». «Олар тек қана уəдені емес, өздеріне деген 

қызметті,  жомарттықпен  берілген  уəдені  керек  етеді».  Бұл  бəрінен  бұрын  кандидаттың  танымал 

болуына жəне халықтың қолдауына ие болу үшін маңызды. Қазір біз бұны популизм деп атаймыз. 

Саясаткерге  саяси  əрекетінде,  арына  қайшы  келетін,  бірақ  онсыз  мақсатқа  жете  алмайтын 

əдістерді қолдануына тура келеді. «Оның бірі алдау, өз ойын жасыру, өтірік айту жəне т.б. Өтірік те 

маңызды, мақсатқа жету жəне құрметке ие болу үшін қажет».  

«Сайлау кампаниясы кезінде ол көпшіліктің көз алдында болғаны абзал. Оған белсенді қоғамдық 

өмірден алшақтауына немесе демалысқа кетуіне болмайды». «Кандидаттың есігі ғана емес, көзі мен 

жүзі үнемі адамдарға ашық болсын, бірақ оның ойын бірде-бір пенде білмесін». 

«Егер  оған  кімде  кім  өтінішпен  келсе,  оны  қайткен  күнде  орындауға  тырысуы  керек.  Ал  егер 

шамасы  келмейтіндей  өтініш  жасаса  не  істеу  керек?  Онда  қолынан  келмейтіндігін  түсіндіріп 

бастартуға болады, жақсы адам секілді. Бірақ ол саясаткер, сондықтан ешқашан да қолдан келмейді 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Д.Б. Кошербаев 

52 


Вестник Карагандинского университета 

деп айтуына болмайды. Немесе мүмкіндік болған кезде өтінішіңіз орындалады деп сыпайы бастарту 

қажет». 

Ежелгі  грек  ойшылы  Плутарх  (46–120  жж.) — «Мемлекеттік  істер  туралы»  [2; 760–806]  саяси 

трактатының  авторы.  Бұл  трактат  Плутархтың  досы  Манемахтың  өтініші  бойынша  жазылған. 

Ол фəлсафашы,  саясаткер  болғандықтан,  қоғамдық  жұмысты  ұйымдастыру,  қоршаған  адамдармен, 

тұрғындармен қалай əрекет жасау керектігі жөнінде құнды кеңес алғысы келген. Плутарх оған біраз 

кеңестер береді. 

Оның  пікірінше,  мемлекеттік  іспен  айналысу  үшін,  алдымен,  жақсылап  ойлану  керек. «Адам 

саясатпен  билік  пен  байлыққа  құмарлықтан  немесе  біреуден  кек  қайтару  мақсатында  айналыспауы 

керек.  Онда  азда  болсын  жүрегінде  халқына  деген  махаббат  болғаны  абзал.  Мұнсыз  бірде-бір 

саясаткер алдына қойған асыл мақсатына жете алмасы анық». 

«Саясаткер өз халқының психологиясын, оларды не қызықтыратынын, не ұнататындығын жақсы 

білгені  абзал.  Халықтың  көңілінен  шыға  білуде  өнер.  Көңілінен  шықсаң,  халық  саған  өз  ырқымен 

беріліп, ашылады». 

«Саясаткердің барлық əрекеті «театрдағы көрермендердің көз алдында өтіп жататындықтан», ол 

қоршаған  ортаның  қолдауына  ие  болатындай,  ел  сүйсінетіндей  қылықтарға  толы  болуы  қажет. 

Мінезіндегі  əрбір  қателік,  шарапқа  құмарту,  ұзақ  ұйықтау  секілді  əдеттер  өзін  күлкіге  қалдырады, 

жаман атақ əкеледі. Саясаткер жағымды істер мен жақсы əрекеттер арқылы көзге түсуге тырыссын. 

Осындай мінез оның жақсы атаққа ие болуына жəне халық алдында сенімді болуға септігін тигізеді».  

«Əрбір  адаммен  тіл  табыса  алу  қабілетінің  болуы  абзал.  Риторикалық  шеберлік,  өз  ойын  анық 

жеткізе  алуы,  сөйлеген  сөзі  арқылы  адамдардың  жүрегіне  жол  табу  да  үлкен  роль  атқарады. 

Көмейіңен  шыққан  сөз  адамдардың  жүрегін  елжіретердей  əсерлі  болсын.  Тəжірибелі  саясаткердің 

қолында  сөз  жақсы  құрал  бола  алады».  Плутарх  былай  деп  жазған: «Қасқырды  құлағынан  ұстай 

алмайсың,  бірақ  адам  мен  мемлекетті  тек  құлағынан  ұстап  жетелеу  керек,  халықты  тек  сөзбен 

қызықтыра  аласың,  ал  басқа  безендендірулер  (дастархан  жаю,  ақша  тарату  жəне  т.с.с.)  ашаршылық 

кезіндегі аңдарды алдағанға ұқсайды». 

Саясаткердің  сөзі  қандай  болу  керек. «Софистиканы,  дөрекілікті  қолдану  саясаткердің  сөзін 

əшекейлемейді.  Бұндайдан  бастарту  керек.  Ол  сенімді  жай  адамға  түсінікті  болу  орынды.  Сөзінде 

мақал-мəтелді,  тарихи  деректерді  орнымен  қолданса,  сенімді,  қонымды  болып  шығады.  Əзілді  де 

ұмытпаған  жөн.  Айтылғандарды  көпшілік  алдында  сөйлегенде,  əсіресе  қарсыласқа  жауап 

қайтарғанда  тиімді  қолдануға  болады.  Саясаткер  мағынасыз  бос  сөзге  берілмей,  алдын  ала 

дайындалып, ойын жинақтап сөйлегені орынды. Бірақ ой ұшқырлығы мен  тапқырлық та қажет».  

Плутарх  дауыстың  ырғақты,  əуенді  болуына  баса  назар  аударады. «Егер  адам  өзінің  саяси 

мансабын енді бастап келе жатса, аты халық арасында əлі белгілі болмаған жағдайда өзін əділдіктің 

жаршысы, жақсылық үшін күрескер, шулы соттарда əлсізді күштіден қорғаушы іспетті істер арқылы 

көпшілікке танылуына болады. Саясаткерге атақ, шен құмарлық, өзінің ескерткішін соғу сияқты істер 

беделіне жағымсыз əсер етеді. Неғұрлым қарапайым болса, сол жақсы», — дейді.  

«Саясаткер  азаматтарға  зорлық-зомбылық  көрсетіп,  жеке  меншігіне  қолсұғуға  жол  бермеуі 

керек.  Өзіне  көмекші  қылып  адал,  шыншыл  адамдарды  алсын.  Олар  да  билеушінің  беделіне  əсер 

етеді.  Ол  туралы  қандай  пікір,  көзқарас  қалыптасуы  сол  қоршаған  адамдарға  байланысты.  Аздаған 

қателігін кешіре салу, мақтауға лайық істерін мадақтап, қызметін, талантын бағалап көтермелеп  те 

отыру керек».  

Билеушіге  қызмет  көбінесе  «ұлылық»  секілді  қасиет  пен  байланысты  дейді. «Ұлылық  үлкен 

шеберлікті жəне белгілі бір жағдайда ой тазалығы мен мінез қаттылығын сақтайтын психологиялық 

көңіл-күйді талап етеді». 

«Саясаткердің  жұмысы  шешім  қабылдау  болғандықтан,  шешім  қабылдауда  басқа  адамның 

пікірін  тыңдауда қажет, бірақ тез келісе салуға болмайды, əбден ақылға салып, «бет əлпетінде терең 

ойға батқан  кейіп таныту  керек». Басқаның  пікірін  тыңдағанда, оның  ойын  оқып отырғандай,  сезім 

қалдыру маңызды».  

Плутарх осылайша саясаткердің қандай болу керектігін жақсы көрсете білген. 

Итальяндық ойшыл, саяси қайраткер Джованни Понтано (1426–1503 жж.). Фердинанд I баласы 

Альфонсаның  тəрбиешісі,  ұстазы  ретінде  оған  арнап,  саяси-этикалық  мазмұндағы  «Государь» 

(De principe)  атты  дидактикалық  трактат  жазады.  Джованни  Понтаноның [3; 290–306] ойынша, 

«билеуші өз имиджіне тек өз елінде ғана емес, шетелде де мəн бергені дұрыс. Бұл мақсатта өзі туралы 

тараған  ақпараттарды  бағыттап,  тиімді  қолданған  жөн.  Басқа  мемлекеттің  елшісін  үлкен  құрметпен 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Саяси имидждің даму тарихы 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

53 

қарсы алып, мұқият тыңдап, өзінің қандай дəрежеге ие екендігіңді еппен сұлу байқатқан жөн. Оларды 



сыйлықтармен, бағалы бұйымдармен құрметтеген абзал». 

Джованни  Понтано  бүгін  мамандардың  айтып  жүрген  имидждің  кинетикалық,  вербалдық, 

габитарлық секілді құбылыстарына да үлкен мəн береді. «Адамның мейірімді жүзі мен ашық көңілі 

жағымды  имиджді  қалыптастыруы  да  өте  маңызды  роль  атқарады.  Қол — денені,  көзқарас  жанды 

асырайды деп тегін айтпаған», — деп жазады. Ол қатты дауыстап күлуден, бет аузын қисаңдатудан, 

қолын əрі-бері мəнсіз сермеуден сақ болуға шақырады. 

Дж.Понтано сыртқы киімге де үлкен мəн береді. «Талғамды киім мен əшекейлер — ұлылықтың 

маңызды  белгісі.  Киім  мен  əшекейді  жағдайға,  уақытқа,  орынға  жəне  билеушінің  жасына  лайық 

киініп,  тағынған  жөн.  Қаралы  киімді  салтанатты  жиында  немесе  ала  жібекті  қатаң  жерлерге  киюге 

болмайды. Табиғи кемістікті жасыру үшін жəне келбетіңнің сұлу жақтарын айқындау мақсатында бет 

бояулары мен шаш үлгісін орнымен қолданып, пайдаланған орынды», — дейді. 

Сəн  мен  талғамның  үнемі  өзгеріп  отыратындығын  ескеріп,  Дж.  Понтано  билеушіге  əрдайым 

«алтын аралықты» ұстануды ұсынады. 

Дж. Понтано билеуші имиджінің вербальді компонентіне де аса мəн берген. «Саясаткердің сөзі 

оның ой-өрісі мен мінезінен, біліктілігінен хабардар ететіндіктен, əрбір сөзі салмақты, бет-əлпетімен 

жəне  əр  түрлі  қимыл-қозғалыстарымен  сəйкес  болуы  маңызды.  Сөзі  үзік  емес,  салмақты,  түсінікті, 

анық, қысқа болуы керек. Дауыстың жоғарылығы мен төмендігі, ырғағы, естілудегі əуенділігі секілді 

өлшемдердің маңызын да еске салып өтеді».  

Имидж мəселесі араб, түрік ойшылдарының еңбектерінде де қарастырылды. Əрине, өткен заман 

ойшылдарының еңбектерінен біз имидж терминін кездестіре алмаймыз. Ол тек біздің заманда пайда 

болып отыр. Бірақ соған ұқсас ұғымдар (ұлылық, сенім, пікір, махаббат, бедел, жақсы атақ жəне т.б.) 

саясаткердің имиджі туралы сөз болып жатқандығы жөнінде күмəн қалдырмайды. 

Орта  Азия  мен  Иран  өлкесінде  дүниеге  келген  ғұламалардың  еңбектерінде  адамның  тəрбиесі, 

өзгелермен қалай байланыс құру керектігі, көптің адамы өзін қалай ұстауы керектігі, шешендік жəне 

т.б. тəлім тəрбиелер сөз етілген.  

Көрнекті  философ,  энциклопедист-ғалым,  күллі  əлемге  Аристотельден  кейінгі  «екінші  ұстаз» 

ретінде  танылған  Əбу  Насыр  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Ұзлағ  əл-Фараби  ат-Түрки 

қазақтың  Фараб  (Отырар)  қаласында  дүниеге  келген.  Əл-Фараби  ел  билеушісінің  қандай  жəне  кім 

болуы керек екендігіне ерекше тоқталады. 

Əл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» еңбегінен үзінділер [4; 11, 198–201, 

218–220, 225]: 

27. Шын билеуші — қалаларды басқарғанда өзі қолданатын өнерде өзі үшін жəне қаланың басқа 

тұрғындары  үшін  басқару  өнерінің  шегі  жəне  мақсаты  болып  табылатын  бақыт  орнатуды  өзінің 

талабының мақсаты жəне өмірлік ісі етіп алға қоюшы адам. 

28.  Кейбір  [билеушілер]  қалаларды  басқарудағы  мақсат  ұлылық,  құрметтеу  жəне  тыйым  салу, 

бағындыру, сыйлау жəне даңқын асыру болу керек деп ойлайды. Құрметті қалағанда, олар өздеріне 

соған  жетуге  көмектесетін  басқа  бірдемелер  үшін  емес,  өздерінің  сол  көздеген  мақсаты  үшін 

қалайды.  Қалаларды  басқарғанда  өздері  жасайтын  əрекеттерді  олар  соның  көмегімен  осы  мақсатқа 

жетудің құралы етіп пайдаланады.   

Нағыз əкім. Ол — бірінші басшы, сондықтан оның бойында ұштасқан алты қасиет болуы керек: 

даналық, асқан пайымдағыштық, қалтықсыз сендіру [қабілеті], өте жақсы қиялдау [қабілеті], қасиетті 

(ғазауат) соғысты өзі бас болып жүргізу қабілеті жəне оның тəнінде қасиетті соғысты жүргізуге бөгет 

жасайтын  еш  нəрсенің  болмауы.  Осының  бəрін  өз  бойында  ұштастыратын  адам  барлық  іс-

əрекеттерде  кімге  еліктеу  керек  екенін,  кімнің  айтқан  сөзі  мен  ақылына  құлақ  қою  керек  екенін 

көрсететін үлгі болады. Мұндай адам өзінің дұрыс деп тапқанынша, өзінің қалауынша басқара алады. 

Ғұлама  əл-Фараби екі жүзділік  секілді жаман қасиеттерге де  тоқталады: «Алдау, айла  жəне екi 

жүздiлік  дегенiмiз — игiлiк  сияқты  болып  көрiнетiн  пасықтық  əрекеттер  iстеу,  пасықтықпен  пайда 

табу немесе пасықтықпен лəззат алу үшiн ненiң қолайлы жəне дұрыс келетiнiн мiнсiз ашу». 

Сонымен  қатар  əл-Фараби  «ақыл»  ұғымына  терең  мəн  береді.  Өлеңдерiнде  ақылдың  рөлінің 

жоғары  екенін  дəріптей  түседі. «Жақсы  мiнез-құлық  пен  ақыл  күшi  болып,  екеуi  бiрiккенде  бұлар 

адамшылық  қасиеттер  болып  табылады,  қасиеттер  дегенде  бiз  əрбiр  нəрсенiң  игiлiктi  жағы,  соның 

өзiнiң  жəне  оның  əрекеттерiнiң  абзалдығында  жəне  жетiлгендiгiнде  деген  мағынада  айтамыз», — 

дейдi əл-Фараби. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Д.Б. Кошербаев 

54 


Вестник Карагандинского университета 

Түркі  əлемінде  өзіндік  орны  бар  еңбектердің  бірі — 1082–1083 жылдары  жазылған  аса  бағалы 



«Қабуснама» шығармасы. 

«Қабуснама» — Иран  шахы  Кейқауыстың  ұлы  Гилан  шахқа  арнап  жазған  өсиет  сөздерінің 

жиынтығынан  үзінді  келтірелік: «Ей,  перзентім,  есіңде  болсын,  өнерсіз  жан — өнегесіз,  оның 

ешкімге де пайдасы тимейді.... Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білгенің жөн.... Адамзаттың ең 

абзал  қасиетінің  бірі — сөз  сөйлей  білу.  Бұл  жағдайды  жете  түсін  де,  жақсы  сөйлей  білуге  үйрен: 

сыпайы, анық сөйлеуді əдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды əдеттенсең, тіл соны айтады». 

Жетекшінің  басты  қаруы  тіл  жəне  орынды,  уəжді  сөйлей  білу. «Сөзді  өз  орнымен  сөйле.  Орынсыз 

айтылған  сөз  жақсы  болса  да,  жаман  көрінеді. Орынсыз  айтылған  сөз  опық жегізеді. Егер  сөйлеген 

сөзіңнен бір нəрсенің пайдалы иісі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы» [5; 20, 21]. 

Көпшілікпен  қалай  сөйлесу  жəне  көпшіліктің  ортасында  өз  өзін  қалай  ұстау  керектігі  туралы 

былай  дейді: «Кісі  сөз  өнерін  білетін, шешен  болуға  тиіс. Ей, перзентім, сен  де  шешен  бол, сөйлей 

білгін,  бірақ  жалған  сөйлеме,  сөйлесең  шындықты  сөйлеп,  туралықты  айтумен  атағың  шықсын». 

«Халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласымен тыңдасын. Сөз өнерін меңгеріп, 

биік  дəрежеге  көтерілгеніңді  жұрт  сөйлеген  сөзіңнен  білсін» [5; 32, 36]. «Мінбеге  шығып  алып, 

көңілің қалаған, аузыңа түскен сөзді айта бермей, мақсатыңды қысқа əрі сұлу сөзбен сөйлегін. Киген 

киімің  өзіңе  қонымды  əрі  таза  болсын». «Сөзің  əсерлі  болсын,  естіген  жұрт  əр  сөзіңе  ризалансын. 

Мінбеде томсырайған тоң мінез, салғырт салқын сөзді болма. Əрдайым қимыл-əрекет үстінде көптің 

көңілін аудара сөйле» [5; 110]. «Жиылған топ ішінде үгіт-насихатыңды тек бір кісіге қарап айтпағын. 

Өйткені  топ  ішінде  бір  кісіге  қарап  айтылған  насихат  насихат  емес,  керісінше,  айыптау  болып 

шығады» [5; 22]. 

Қоғамда,  достарының  ортасында  белгілі  бір  беделге  ие  болғысы  келсе,  жаман  қылықтардан 

арылу  керектігін  айтады. «Құмарлықтың  құрбаны,  ақмақтың  ашынасы,  қулардың  құлы  болма». 

«Асығыс  ашу  мен  томырық  дөрекілікке  əдеттенбе,  сынық  мінез  сыпайылықтан  сырт  қалма,  бірақ 

тіпті  мүлəйім  болма,  мүлəйім  болсаң,  жоқ  қылып  жібереді,  дөрекі  болсаң,  жұртты  өзіңнен 

қашықтатып аласың» [5; 29, 30]. 

Көпшіл болу, халықтың баласы болу туралы былай дейді: «Ей, перзентім, қанша дана болсаң да, 

сен  өзіңді  халықтан  данамын  деп  есептеме,  сен  өзіңді  кіші  санасаң,  дана  боласың.  Өзін  қарапайым 

ұстап, білімсізбін дейтін білімдар — нағыз дана сол» [5; 31]. 

Ел басқару, ел ағасы болу адамнан жақсы мінездерді талап етеді. «...Қазы болсаң, салиқалы ой, 

салмақты  мінез  иесі  болғын.  Оралымды  ойы  бар,  алдын  болжай  білетін  зерек,  жұрттың  ішкі  жан-

дүниесін зерттеп білетін саясат иесі болуың керек. Əрбір ру топтарының əдет-ғұрпы, жол-жоралғысы 

мен қауымның өзіне тəн діни дəстүрлерінен хабарың болсын» [5; 111]. 

Өзіміз байқағандай, 

«Қабуснама» шығармасы тəрбиелік мəнге толы туынды.

 

Түркі  тектес  халықтардың  орта  ғасырдағы  аса  көрнекті  ғұламасы,  сопылық  əдебиеттің  негізін 



салушы,  мұсылман  əлемінің  біртуар  ойшыл  қайраткері — Қожа  Ахмет  Иассауи 1103 ж.  Сайрам 

қаласында  дүниеге  келген.  Иассауидің  бізге  жеткен  ең  көлемді  туындысы  «Диуани  хикмет»  атты 

хикметтер  жинағы.  Иассауи  «Диуани  хикметiнде»  адамгершiлiк,  Алланы  сүю,  адамның  жетiлу 

жолдары жəне сопылық ілім сөз етіледі.  

Дүние  мүлік  жинау,  атақ  құмарлық,  халықтың  ақысын  жемеу,  халық  адамының  қандай  болу 

керектігі жөнінде Иассауи өз хикметтерінде жақсы сөз қозғайды. Мəселен: 



Дүние менікі дегендер — жаһан малын алғандар, 

Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. 

Мола, мүфтий болғандар — жалған жала жапқандар, 

Ақты қара қылғандар: ол тамұққа түседі. 

Қазы, имам болғандар — нақақ жала қылғандар, 

Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады. 

Пара алған əкімдер — арамдықпен жүргендер, 

Өз бармағын өзі шайнап өкінішпен қалады. 

Жылы — жұмсақ жегендер, əсем киім кигендер, 

Алтын тақта отырса да топырақ астына түседі. 

Сенген құлдар — адалдар, садақамен тұрады, 

Дүние-мүлкін сарп етіп жұмақ хорын құшады [6; 86, 87]. 

Білім мен ғылым — адамның өмірлік серігі. Осы екеуі жақсылыққа жетелейді. Ал надандық тек 

тозаққа ғана апарады. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Саяси имидждің даму тарихы 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

55 

Осы жайлы Иассауи: 



Наданменен өткен өмiрiң тозақ болар,  

Надан барса дозақта одан қашар. 

Наданменен дозаққа қылма сапар,  

Наданменен қазан айындай солдым мiне [6; 41]. 

Жүсіп  Баласағұни 

(1020  ж.ш. – ө.ж.б.).

  «Құтты  білік» — аңыз  əңгіме  ретінде  баяндалатын 

даналық  сөз,  өсиет,  тəлім-тəрбие  берерлік  дидактикалық  тағылымдық  туынды.  Онда  жеке  адамның 

өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы 

əрбір  қоғамдық  топтарға  қарауға  тиіс  екендігі  жөніндегі  көптеген  мəселелер  қамтылады.  Сонымен 

қатар  Ж.Баласағұнидың  «Құтты  білік»  еңбегінде  «тектілік», «парасаттылық», «кісілік»  іспетті 

қасиеттер түркі тілдес халықтардың ішінде алғаш көтерілген еңбектердің бірі. 

Адамның сыртқы бейнесі туралы ол былай дейді: 

Ақыл көркі — тіл, 

Тілдің көркі — сөз, 

Адам көркі — жүз, 

Жүздің көркі — көз [7; 35]. 

Адам бойындағы жаман қылықтар мен одан арылу жолдарын айтады. Ер азаматқа қандай болу 

керектігі жайлы кеңестер береді. Мəселен: 

Қаһар, ашу — ерге жаман қылықты, 

Бұл екуі жанға жəбір қылыпты [7; 50]. 

Көпшіліктің алдында жəне соған сəйкес абыройға ие болуда не нəрседен сақтану керектігін сөз 

етеді: 

Шарап ішпей, бəледен жүр қашықта,  

Байқа, атанба зинақор да, пасық та. 

Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер, 

Олар тонын кедейліктің кигізер [7; 53]. 

Қарамағындағы адамдармен қандай қарым-қатынас құру керектігі туралы былай дейді: 



Ісіне сай жайсан менен қасқаның, 

Кісілік қыл мəрттігіне басқаның. 

Қарым қайтар қызметі асқанға, 

Болып əділ атың шықсын аспанға. 

Ей, падишам, жақсылықтан жалықпа — 

Соған орай ізгі болар халық та. 

Ей, падишам, елден еңбек аяма, 

Елді сақтап, ақыл-оймен аяла [7; 106]. 

Ақыл,  парасаттылық  жəне  жақсы  іске  ұмтылу  туралы,  пайдалы  істің  игілікке  жеткізетіндігі 

жайлы мынадай кеңестер береді: 

Түйсікті бол, білімді де таңдай біл, 

Жақсы атқарып, іс тетігін аңдай біл. 

Жарайтын мен жарамасты байқастыр, 

Керексіз бек керек істі жайғастыр [7; 126]. 

Ж.Баласағұни: «Тіл  адамның  даңқын  асырады...  Тіл  адамға  жапа  да  шектіреді.  Абайламаса, 

басыңнан да айырады. Көп сөйлеме, сабыр қыл, əр сөзіңді салмақтай айт. Он мың сөздің түйінін он 

сөзбен  шеш».  Ж.Баласағұни  өз  шығармасында  имандылық,  сабырлылық,  рақымшылдық,  ақыл-

парасаттылық,  əділеттілік,  ғылым-білім,  достық,  бауырмалдық,  адалдық,  ар-ұят,  қарапайымдылық, 

тазалық,  өзара  құрмет,  тағы  сондай  сияқты  құндылықтарды  қарапайым  халыққа  түсінікті  тілде 

жеткізе білді. 

Қараханид дəуіріне қатысты əдеби ескерткіш — Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегі. 

ХІІ ғасырдың аяғы — ХІІІ ғасырдың бас кезінде жазылған мыс делінеді. Еңбектің мазмұны ар-намыс, 

этика, адамгершілік мəселелерін ашуға бағытталған.  

Ахмет  Йүгінекидің  «Ақиқат  сыйы»  еңбегінің  басты  мақсаты — ақыл-кеңес  беру,  үгіт-насихат 

айту.  Адамдардың  бойында  жақсы  мінез-құлықты  қалыптастыру,  білімге,  ғылымға  ұмтылу  жөнінде 

ой қозғайды.  

Тəрбие  мен  білімнің  байланысы.  Білімсіз  алынған  тəрбие  пайдасыз.  Бүкілінің  қазығы  білім 

екендігін көрсетеді. 

Біліктілік туралы былай дейді: 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Д.Б. Кошербаев 

56 


Вестник Карагандинского университета 

Білікті білім жинап кəсіп етер, 

Білімнің дəмін татып өсіп өтер. 

Білдірер білім елге, білім сырын, 

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер. 

Білімсіз не айтса да білмей айтар, 

Өз тілі өзінің кеп басын жұтар. 

Алла өзін білімменен құт етеді, 

Қайыпсыз надандықты жұт етеді. 

Білімді үйренбеген талай қауым, 

Құдайды қолдан жасап пұт етеді [8; 72, 73]. 

Адамның дəрежесі артқанымен, адам болып қалу туралы былай дейді: 



Өзгертпе ұлық болсаң өз күйіңді, 

Ұмытпа шайы кисең, бөз киімді. 

Дəрежең өскен сайын ұстамды бол, 

Айта біл жас-кəріге сөз түйінді [7; 48]. 

Басшының алыстан ойлай білуі мен ақыл түйе алуын былай суреттейді: 



Қайсыбір іс кездессе де бетпе-бет,  

Оның жайын, алдын-артын ойлап өт, 

Тəуір болса — тағы толған, еске тұт, 

Жаман болса — қатты сақтан жайлап өт [7; 126]. 

Сөз қадірі жəне орынды сөйлей білудің маңыздылығы жайлы мына жолдарда келтіреді.  



Беталды сөйлей берме, тіліңді тый.  

Тіліңнің жүгенсіздігі бір күні басыңа жетеді.  

Тілін тартпаған кісіні ақылды деуге бола ма?  

Тіл мен сөздің бостығы талай басты жеді.  

Адамды тіліңмен өшіктірме.  

Біліп қой. Тіл жарасы жазылмайды, оқ жарасы жазылады [9; 350]. 

Бұл  шығармадан  философияның,  педагогиканың  жəне  психологияның  шырмалып  жатқанын 

көре аламыз. Бұл ғылым салалары адамды зерттейтіні анық, сондықтан Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат 

сыйы» дастаны мəңгі маңыздылығын жоймайтын тарихи туынды. 

Көрнекті түрік тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) «Тарих-и Рашиди» еңбегінде 

адамға  білімнің  қажеттілігі,  адамның  істерінің  оңы  мен  терісі,  тілдің  күштілігі  мен  оны  орынды 

қолдана  білу  керектігі,  ел  билеуші  əкімдерге  қажетті  қасиеттер  жəне  жалпы  тəрбие  туралы  сөз 

етіледі. 

М.Х.Дулати  ел  басқаратын  азамат,  халыққа  жаққысы  келсе,  кішіпейіл,  қарапайым,  шешен, 

көреген, адал, əділетті болуы керек. 



Ие болу жақсы атқа — барлық жанның мақсаты,  

Дүниеде тозбайтын тек сол жалғыз жақсы атың. 

Ағайынның қашанда ауыр жүгін арқалас, 

Елдің халін қайткенде жақсартам деп жанталас! 

Күндіз-түні, ерте-кеш, сəчкеде һəм бесінде, 

Менің осы кеңесім жүрсін ылғи есіңде! [10; 406]  

Баршаға қол ұшын беру. Қолдан көмекті аямау. Осының бəрі М.Х. Дулати үшін адамға абырой 

мен өлмес атақ əкелетін істер екендігін көрсетеді. 

Залым өлер, соңынан өлер аты жексұрын, 

Адал өлер, аты өлмес, осы нағыз жақсы ырым [10; 70]. 

Əділ  іс  жақсылыққа,  абыройға  бастайтын  қадам.  Əр  кез  əділдікке  ұмтыл.  Өз  ісіңе,  достарыңа, 

халқыңа əділ бол. 

Əділ болсаң, халықтың көңілінен шығасың,  

Пайғамбарлар есігін қысылмай-ақ қағасың! [10; 88] 

Əр  нəрсенің  шегі  бар  екендігін  жəне  шектен  шықпай,  барға  қанағат  ету  туралы  айтады.  Яғни 

көрсе, қызарлыққа салынбай, өлшеулі заттың қадірін білу керек, дейді. 

Əр нəрсенің шегі бар, шектен шыға алмайсың, 

Қысқа болса, көрпеңді неменеге жалғайсың? [10; 64]. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Саяси имидждің даму тарихы 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

57 

Өтірік  сөйлеу  мен  алдаудың  ғұмыры  қысқа.  Түлкілік  қылыққа  салынып,  қулықпен,  елге  ор 



қазумен өмір сүруге болмайды. Барлық жасаған жамандықтарың өзіңе қайтып келеді. 

Қулықты қой, ей түлкі, айлаң алпыс болса да,  

Арыстаннан аспайсың қартайсаң да, солсаң да [10; 75]. 

Татулық  күнделікті  өміріңе  береке  мен  сабырлық  əкеледі.  Бірігіп  істеген  іс  берекелі  болады. 

Бірлік қараға да, ханға да қажетті іс екендігін жеткізеді. 

Бауыры мен бауыры тіл табысқан тəуірі, 

Онда сені ешбір жау ала алмайды, бауырым! [10; 365] 

Жəне патшаларға қатысты: 



Екі патша бірін-бірі сүйемелдеп қолдаса, 

Жеңем деген оларды басқаныкі далбаса! [10; 364] 

М.Х.Дулатидің  адамзат  қоғамы  алдындағы  маңызды  үлесі — тұлғаны  тəрбиелеуге  қатысты 

құнды  ой-пікірлері.  Тəлім-тəрбиеге  толы  ойлары  қазіргі  қоғам  үшін  де,  болашақ  үшін  де  өміршең, 

құндылығын жоймайтын асыл мұра.  

Есімдері  тарихта  алтын  əріптермен  жазылған  ұлы  ойшылдарың  адам  тəрбиесі, оның  жаны  мен 

тəнін  «тазалықта»  ұстауға  қатысты  айтқан  ойлары  өте  маңызды.  Адамның  бойында  адамгершілік, 

сыйластық,  бауырмалдық,  қайырымдылық,  шешендік,  ой  ұшқырлығы,  өз-өзін  көпшілік  алдында 

ұстай  білу  сияқты  қарапайым,  сонымен  бірге  өмірде  аса  маңызды  құндылықтар  ойшылдардың 

шығармаларында  жақсы  дəріптелген.  Қазақтың  «дала»  ойшылдарының  идеяларының  түпкі  мəні 

жоғары  адамгершілік  сана  мен  мінез-құлықты  қалыптастыру,  соның  негізінде  ішкі  жəне  сыртқы 

дүниесі  бір-біріне  сай,  рухани  жəне  дене  əсемдігі  өзара  үйлескен  жан-жақты  дамыған  тұлғаны 

тəрбиелеу.  

Қорыта  келгенде,  имидждің  бай  тарихы  бар  екендігін  көреміз.  Ол  шығыстық  деспотия  мен 

алғашқы  мемлекеттің  пайда  болуы  жəне  саяси  қарым-қатынастың  қалыптасуынан  бастау  алып, 

бүгінгі ақпараттық технологиялардың көмегімен күрделене түскен заманға дейін жетіп отыр. Саяси 

имиджтанудың əрі қарай дами берері сөзсіз. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Фадин С.С. Имидж: политика в свете истории // Вестн. КазНУ. Сер. психология и социология. — 2002. — № 2. — 

С. 126–132. 

2  Плутарх. Наставления о государственных делах // Плутарх. Моралии: сочинения. — М.: Эксмо-Пресс; Харьков: Фо-

лио, 1999. — С. 760–806. 

3  Понтано  Дж.  Государь / Пер.  с  лат.  Н.А.Федорова // Сочинения  итальянских  гуманистов  эпохи  Возрождения 

(XV в.). — М.: Изд-во Москов. ун-та, 1985. — С. 290–306. 

4  Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. — Алматы: Ғылым, 1975. — 419 б. 

5  Қабуснама / Ауд. Т.Айнабеков. — Астана: Аударма, 2002. — 159 б. 

6  Иассауи Қ.А. Диуани хикмет. — Алматы: Мұраттас, 1993. — 303 б. 

7  Құрышжанұлы Ə. Ескі түркі жазба ескерткіштері. — Алматы: Қайнар, 2001. — 470 б. 

8  Иүгінеки А. Ақиқат сыйы. — Алматы: Ғылым, 1985. — 152 б. 

9  Əдеби  жəдігерлер:  жиырма  томдық. — 6-т. / Құраст.  А.  Əлібекұлы,  С.  Дəуітұлы,  Б.  Сағындықұлы. — Алматы: 

Таймас, 2008. — 488 б. 

10  Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. — Алматы: Санат, 2003. — 614 б. 

 

 

Д.Б. Кошербаев 



История развития политического имиджа 

В  статье  исследована  проблема  политического  имиджа  в  истории  политических  учений.  Отмечено, 

что практически на протяжении всего существования человеческого общества фактор имиджа оказы-

вал значительное влияние на ход политических процессов. Именно этим, подчеркнуто автором, обу-

словлен тот факт, что к проблеме образа идеального государства, идеального государя, так или иначе, 

обращались многие мыслители древности, античности, средних веков и нового времени, которые за-

думывались над вопросами того, каким должен быть правитель (политик) в глазах масс. 

 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Д.Б. Кошербаев 

58 


Вестник Карагандинского университета 

D.В. Kosherbayev 



The history of the development of political image 

The article examines the problem of political image in the history of political doctrines. Almost throughout 

the existence of human society factor image had a significant impact on the course of political processes. This 

stems from the fact that the problem of the image of the ideal state, the ideal of the sovereign has in some way 

addressed by many thinkers of ancientry, antiquity, middle ages and new time. They pondered over the ques-

tions of what must be a ruler (politician) in the eyes of masses. 

 

 

References 



1  Fadin S.S. Bull. of KazNU. Ser. psychology and sociology, 2002, 2, р. 126–132. 

2  Plutarch. Precepts about public Affairs // Plutarch.: Moralia Essays, Moscow: Eksmo-Press; Kharkov: Folio, 1999, p. 760–

806. 

3  Pontano J. Works of the Italian humanists of the Renaissance (XV century), Moscow: Publ. house of Moscow University, 1985, 



p. 290–306. 

4  Al-Farabi. Social and ethical treatises, Almaty: Gylym, 1975, 419 р. 

5  Kabusnama, transl. T. Ainabekov, Astana: Audarma, 2002, 159 p. 

6  Yassaui Kh.А. Diuany hickmet, Аlmaty: Мurattas, 1993, 303 p. 

7  Kuryszhanuly A. Monuments of ancient Turkic writing, Аlmaty: Kainar, 2001, 470 p. 

8  Yugneky А. Daristiny, Аlmaty: Gylim, 1985, 152 p. 

9  Literary monuments: the 20-volume edition, 6, edit. A. Alibekuly, S. Dauytuly, B. Sagyndykuly, Аlmaty: Тaymas, 2008, 488 p. 

10  Dulaty М.Kh. Тaryh-y Rashidy, Аlmaty: Sanat, 2003, 614 p. 

 

 

 



 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет