1.1. Сөйлеу интенциялары (ниеттері). Қарапайым деңгейде білім алушы сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға ұмтылады, бағалау-эмоциялық және коммуникативтік-ақпараттық, ақпараттық сипаттамалық ниеттеріне қатысты жағдаяттар мен тақырыптар көлемінде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.
Сұхбаттасушымен сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар):
коммуникацияға қатысу (үйде, көшеде, оқу орнында, қоғамдық орындарда);
танысу түрлері (ресми және бейресми жағдайда өзін және басқа адамды таныстыру);
сәлемдесу және қоштасу түрлері (сұхбаттасушының жас ерекшелігі мен әлеуметтік орны және сөйлеу әдебіне сәйкеc);
кешірім сұрау түрлері;
құттықтау түрлері (мерекелер, туған күн).
Сұхбаттасушыға коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған реттеуші ниеттер:
әртүрлі жағдаяттардағы іс-әрекетті жүзеге асыруға өтініш білдіру;
шақыру түрлері (ресми, бейресми);
әртүрлі жағдаяттардағы әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болу, қозғау салу формалары;
- келісім беру түрлері (бейресми, ресми);
кеңес беру, ұсыныс айту, талап ету формалары (ресми, бейресми);
құттықтау түрлері (мерекелер, туған күні және т.б.);
тілек, ниет түрлері (өз бетінше, сұхбаттасушымен бірге немесе басқа адамдармен бірігіп жұмыс атқару, іс-шара орындау, өткізу);
рұқсат сұрау түрлері.
Бағалау-эмоциялық ниеттер (іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі):
оқиғаға қатысты пікір білдіру, қатысым жағдаяты мен сөйлеу әдебіне сәйкес баға беру;
келісу/келіспеу формалары;
эмоциялық қатынастың түрлері (қуану, таң қалу, ренжу және қажеттілік, мүмкіндік).
Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық сипаттамалық ниеттер:
- адам, зат, дерек, оқиға, іс-әрекет туралы нақты ақпарат беру және ақпарат алу;
Білім алушының білуі тиіс сөйлеу әдебі:
Танысу кезіндегі қолданылатын сөйлеу әдебі;
Кездескенде, қоштасқанда, қаратпаларда қолданылатын сөйлеу әдебі;
Алғыс айту, кешірім сұрау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;