Білім және ғылым министірінің
2018 жылғы «___» ________
№ ___ бұйрығына
5-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы АЛҒЫ СӨЗ
Пәннің тағайындалуы. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні жалпы білім беру пәндерінің міндетті компонентінің құрамдас бөлігі ретінде сандық глобализация дәуірінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен маңыздылығын сыни түрде түсіну қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан экономикасының Төртінші индустриалды революция дәуіріне енгізілуіне, «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасының қабылдануы, ғаламтордың, бұлтты технологиялар, көлемі үлкен деректер және т.б. сияқты жаңа технологиялардың дамуына байланысты негізгі мақсат студенттердің жаңа «сандық» ойлау, әртүрлі қызметте, салада заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.