Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары Мен негізгі факторлары



Дата03.12.2023
өлшемі16,16 Kb.
#134122
Байланысты:
ОСӨЖ 13 АПТА


Эссе
“Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары


Мен негізгі факторлары”
Ең алдымен, модернизация ұғымының не екеніне тоқталып өтсем, Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.
Мысал ретінде, Қазақстанды алып, саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары туралы жазамын. Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана дұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт – бағдарын елеулі өзгеріске ұшырату әбден ықтимал еді. Әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылайша бағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.
Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Ел Президентінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауында еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат – мұраты баян етілді. Бұл ретте қандай қоғам орнату, дамудың самғау сызығы қандай болу керектігін анық білу, айқын түсіну маңызды болып табылды. Басым мақсатты дұрыс айқындап, стратегияны таңдап, тиісінше ерік – жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныту, алда тұрған кез – келген кедергілерді ойдағыдай еңсеру арқылы Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси қатынастардың жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды қажет етеді. Мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейін кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Осы тұрғыда әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп айтуға болады:
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жеке меншік институтымен келісімшарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құру.
Үшіншіден, еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату.
Төртіншіден, дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе – теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беру.
Бүгінде ХХI ғасырдың – буырқанған өзгерістер ғасырының, біз бәріміз бүкіл адамзатқа игілік әкелетін жаһандастыру ғасырының табалдырығында тұрған кездер үшін өзекті болып табылады деп ойлаймын. Дүниеде ғаламдық өзара тәуелділік сипат алды, онда ғаламдық әріптестік үстемдік етуші принципке айналуы тиіс.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетіледі. Біз мұның іргетасын тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет