Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетіледі. Біз мұның іргетасын тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз..