Аристотель Афиныға оралып, өз мектебін ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні осыдан.
Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика” деген еңбектері бар.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон өмір сүрді.
Цицерон мелекеттің құрылым түрі оны басқарушының “мінезі мен еркіне” байланысты болады деп түсіндірді.
Цицерон мүліктік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.