11
СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕР
1 СЕКЦИЯ
«ПЕДАГОГТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДАҒЫ
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Абдирахманова Айнур Далабаевна
Маңғыстау туризм колледжі
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге
апаратын жол. Яғни ақпараттық - коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал
деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жетік
меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра
аламыз.
Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны
заман талабына сай етіп дайындап шығару басты мақсат.
Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін
қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде
технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде
арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық
құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман
талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік
білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл
ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы-қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды
жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру
үшін сабақта ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация –
ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу
құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы-қазіргі
компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін
қамтамасыз ету болып табылады. Білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және
тиімді түрде оқушының санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді
қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-
жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Ақпараттық технология
еңбек сүйгіштікк үйретеді.Сондықтан,бүгінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық –
коммуникациялы технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез - келген саласын
қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады. Бүгінгі заман талабына сай жаңа
технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
өте тиімді. Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданудың
негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу- тәрбие процесінің барлық
деңгейін жетілдіру,оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
-сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру;
-білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
оқыту процесінің сапасын арттыру;
12
пәнаралық байланысты тереңдету;
қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту;
2. Оқушыны заман талабына сай жан - жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге
икемдеу, даярлау:
коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды,
видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық
тәрбие беру;
пәнаралық байланыс орнату;
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу — компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-
коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі неде?»
деген сұраққа тоқталатын болсақ:
жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты
етіп өткізуге мүмкіндік туады;
Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
білімділік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
шығармашылық жұмыстар жасайды;
қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
оқыту үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
оқулықтардан тыс, қосымша мәліметтер береді және т.б.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану–педагогикалық
іс-
әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден
бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды,
мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу
орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ-ның желілік түрін пайдалана отырып
түсіндіремін. Мысалы, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет желісін күнделікті
сабақта қолданамын. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама
жасауға болады:
Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен,
интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген
пән бойынша электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу;
АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;
Әр оқушының ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік
тудыру.
«ХХІ - компьютер техника ғасыры» - сондықтан қазіргі заман қазіргі заман - ғылыми
және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта
түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам
дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып
келеді.
13
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан - жақты білім
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену
құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста. Колледждегі
оқушыларымыз ақпараттық технологияға деген қызығушылықтары артып әртүрлі графикалық
редакторлармен жұмыс істей бастайды. Көптеген программалармен жұмыс жасап өз бетінше
жұмыс жасауға дағдыланады. Интернетпен жұмыс жасап керекті материалдарын тез арада
тауып уақыттарын үнемдей алады.
Сабақ беру үрдісіндегі менің негізгі ұстанымдарым:
-
Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды қалыптастыру;
-
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
-
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;
-
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
“Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы
бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз
сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық
технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола
білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Қорыта айтқанда,
барлық пәндерде электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын,
қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады.
Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен
ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |