Сборник материалов международной научной конференции кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата15.03.2017
өлшемі4,03 Mb.
#9979
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Қасым  ханның  қасқа  жолы  –  Қасым  хандық  құрған  кезде  (1511-23) 

ел  басқару  ісінде  колданылған  әдет-ғұрып  заңдары.  Негізі  XIII  ғасырда 

Шыңғыс  хан,  Жошы  құрған  «ярғу»  заңынан  алынған,  қазақша  «жарғы» 

(хақиқат) деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсені салмағын бір 

жағына  аудармай,  дәл,  әділ  айырудан  шыққан.  Дауды  әділ,  тура  шешкен 

билерді халық бұқарасы ардақтап «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. 

Оны  екі  жағының  біреуіне  артық  жібермей,  дәл  айыру  әділдіктің  меңзеуі 

болған. «Жарғы» заңының негізгі мәні осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл 

заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі. 

XV  ғасырдың  соңында  XVI  ғасырдың  басында  Бұхардың  ишан-қазылары 



қазақ  өлкесінде  діни  үгіт  таратып,  «ежелгі  Жарғы  заңын  қалдырыңдар,  ол 

көкке табынатын дінсіздіктің ісі, шариғат қағидасына ауысыңдар. Сендер ант 

бергенде  "көк  соқсын"  демеңдер,  "құран  соқсын"  деп,  құранды  бастарыңа 

көтеріңдер»  деп  үгіттейді.  Бірақ  халық  бұқарасы  оған  селсоқ  қарап,  сол 

заманда  шариғат  қағидасына  ойыса  қоймайды.  Уақытының  көбін  мал 

бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың қағидалары өте қиын болып 

көрінген.  Сондықтан  шариғатты  кіргіземін  деген  хандарға  халық  бұқарасы 

қатты наразылық білдіріп, кейде көтеріліске айналдырып отырған. 

Бұл  тарихи  уақиғаларды  жақсы  білген  Қасым  хан,  саяси  жағдайдың 

шиеленіскен  кезінде,  халық  бұқарасының,  билер  тобының  көптен  бергі 

ойына  қарсы  тұрмай,  қайта  олармен  бірігіп,  шариғат  заңын  үгіттеген 

Бұхардың  ишан-қазыларының  тіміскілеуін  тойтарды.  Шариғатты  бүтіндей 

қалдырып,  халықтың  тілегіне  жақын  әрі  ерте  заманнан  оларға  түсінікті 

ежелгі  «Жарғы»  заңын  жаңадан  күшейтеді.  Халық  бұқарасы  Қасымның 

шариғатты  алмай,  ежелден  қалыптасқан  билер  заңы  –  жарғыны  жаңадан 

көтергенін  қатты  ұнатып,  оны  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  деп  атап  кетті. 

Бұл заңға кірген ережелер:  

1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік);  

2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу) ;  

3) Әскери заңдар (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің құны, 

тұлпар ат); 

4)  Елшілік  жоралары  (майталмандық,  шешендік,  халықаралық 

қатынасында сыпайылық, әдептілік); 

5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, 

жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).  

«Қасқа  жолдың»  заңдары  өзгерусіз  17  ғасырға  жетіп,  Есімнің  кезінде 

(1598-1645) «Есім ханның ескі жолы» деп аталады [19].  

Есім  хан  (т.ж.  белгісіз  –  1645  ж.ш.ө.)  –  Орта  жүз  ханы  (1598-1645) 

Шығай сұлтанның баласы, Орта жүздегі қазақ хандары әулетінің (XVII-XVIII 

ғ.)  басы.  Есім  хан  Түркістан  қаласындағы  қазақ  хандарының  ордасында 

тұрды. 1598 ж. қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан, 

Ташкентте  т.б.  мұрагерлік  билік  үшін  Мауараннахрмен  арадағы  байырғы 

күресті  күшейтіп,  Түркістаннан  Самарқанға  дейінгі  жерді  басып  алды.  Бұл 

соғыста  Есім хан 20 мың әскермен Самарқанда қалды да, ағасы Тәуекел 70-

80 мың әскермен Бұқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. 

Есім  хан  соғыста  айрықша  көзге  түсіп,  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  атанды. 

Тәуекел  өлгеннен  кейін  (1598)  таққа  отырды.  1599  ж.  Бұқармен  шарт 

жасасып,  соның  негізінде  Ташкент  қаласы  атрабымен  қоса  200  жыл  бойы 

қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан ойрат-қалмақтарға қарсы күрес 

жүргізді.  Бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  құруды  көздеді.  Шығыс 

Түркістандағы  Құшар  қаласына  жорық  жасады.  Қазақ-қырғыз  ынтымағын 

орнатуға күш салды. 

Есім  салған  ескі  жол  («Есім  ханның  ескі  жолы»)  –  Есім  ханның  ел 

билеуі  тұсында  (1598-1645  ж.ш.)  қалыптасқан  әдет-ғұрып,  жол-жобалар. 

Ондай  жол-жобалардың  бірсыпырасы  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім 

ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен ереже ретінде 



әдет-ғұрып нормаларында  XIX-XX  ғасырға дейін  қолданылды.  Есім хан  бір 

өзі  ғана  әкім болу,  елді жуасытып бағындыру,  басқа  елдерге  шабуыл  жасау 

саясатын ұстады. Сондықтан ол қанға қан алу, мертіктіргенді мертіктіру, кек 

алу, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал 

төлеу,  әмеңгерлікті  сақтау,  зекет,  ғұшыр  жинау,  айып  салу,  діни 

өшпенділіктер  сияқты  патриархалдық-ұлттық  ескі  салтқа  арқа  тіреп,  соны 

уағыздады.  Халық  Есім  ханның  ескішіл  істерін  «Есім  ханның  ескі  жолы» 

(кертартпа жол) деп атады. 



Әз  Тәуке  хан  (1642  ж.–1718  ж.)  –  қазақ  ханы  (1680-1718),  Қазақ  ханы 

Салқам  Жәңгірдің  (1598-1654  ж.ж.)  баласы,  Түркістан  қаласындағы  қазақ 

хандарының  ордасында  туды.  Тәуке  хандық  өкіметті  жақтады,  билерге  арқа 

сүйеп,  феодалдық ақсүйектер-сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке  хан бас 

билермен  кеңесе  отырып,  «Жеті  жарғы»  әдет  заң  жинағын  шығарды.  «Жеті 

жарғы»  орыс  тарихында  «Тәуке  хан  заңдары»  деген  атпен  белгілі.  Онда 

қазақтардың  әдеттегі  заңдарының  бірқатар  ережелері  бекітілгенімен,  жинақ 

феодалдық  құрылысты  күшейтуге  бағытталды.  Тәукенің  хандық  өкіметті 

нығайту әрекеті нәтижелі болды, бытыраңқы қазақ хандықтары бір орталыққа 

бағындырылды.  Ал,  Тәуке  ханның  өзі  Әз  Тәуке  хан  аталды.  Тәуке  хан 

сыртқы  саясатында  Россиямен  дипломатиялық  және  сауда  байланыстарын 

орната бастады.  1716 ж.  Тәуке  хан  жоңғарларға  қарсы  шығу  үшін  Россиядан 

әскери  көмек  сұрады.  Өйткені  1698  жылдан  бастап  ойрат  және  қазақ 

феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан 

Рабтан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды (1711- 12, 1714-

1717). 


Тәуке  хан  заңдары  –  17  ғасырдың  аяғы  мен  18  ғасырдың  басында 

қалыптасқан қазақ құқық нормаларының жиынтығы болды. Кеңінен алғанда 

Тәуке  хан  заңдарының  құрамына:  1)  байырғы  әдет-ғұрып  нормаларының 

Тәуке тұсында «жаңартылған» феодалдық кодексі – «Жеті жарғы»; 2) билер 

сотының  тәжірибесі:  түйінді  биліктер,  шежірелер;  3)  ұсақ  хандықтардың 

өзара  бірлігін,  ынтымақтастығын  нығайтып,  сыртқы  жауларға  қарсы  тұруға 

жұмылдыруға  және  ру,  тайпа  басшыларының  (би,  батырлар)  саяси-

экономикалық  рөлін  арттыруға,  көршілес  (Россия,  Қытай,  Бұхар)  елдермен 

дипломатиялық және сауда қатынасын нығайтуға арналған заңдар мен жазба 

актілер  жатады;  4)  Тәуке  хан  кезіндегі  құқық  нормаларының  жеке 

салаларына (қылмыстық, отбасы, неке) шариғат нормалары ықпалын тигізді. 

Тәуке  ел  басқаруда  жоғары  беделді  би,  батырлардың  тобына  сүйеніп, 

феодалдық  бытыраңқылыққа  бейім  ұсақ  хандар  мен  сұлтандардың  рөлін 

төмендетуге  тырысты.  Тұрақты  мемлекеттік  ұйымдар:  Хан  кеңесі,  Билер 

кеңесі,  жыл  сайын  Түркістан  түбінде  Күлтөбеде  Үш  жүз  шонжарларының 

құрылтайын шақыру қалыптасты.  

Тәуке ханның тұсында (1680-1718) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен 

боялмай,  ежелгі  билер  жасаған  қалпын  жақсы  сақтады.  Қалмақ  шабуылына 

байланысты  тарихи-саяси  жағдайдың  шиеленіскен  кезі  болғандықтан,  сол 

кездегі  терең  ойшыл  билер  –  Әнет  Баба,  Тайгелтір  би,  Келдібек  би  және 

олардың айтқанын жазушы бала Қазыбек би 1685-1710 жылдар аралығында 

Тәуке  хан  басшылығымен  Жарғының  жаңа  нұсқасын  дайындайды. 



Жарғының ежелгі бес тарауына тағы да екі тарау қосып, «Жеті Жарғы» (Жеті 

хақиқат) деп атаған. Тәукенің кезінде қосылған екі тарау: 6) Жесір дауы, 7) 

Құн  дауы.  Шапқыншылық  кезде  кісі  өлтіру  көп  болған  соң,  құн  дауын 

қылмыс  заңынан  жекелеп,  өз  алдына  заң  еткен.  XV-XVIII  ғасырда 

қолданылған Жарғының үзінділері халық аузында сақталған. Мәселен, «Қара 

қылды қаң жару», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешу»; «Түгел сөздің түбі 

бір, түп атасы – Майқы би», «Тура биде туған жоқ». Жарғының бір нұсқасы 

«Қазақ хандарының рәсимлері» деген атпен Стамбулда Сулеймен Канунидың 

кітапханасында сақталыпты. Жарғының негізгі ережелерін 18-19 ғасырларда 

ел  басқарған  сұлтандар,  билер  жақсы  білген  (Абылай,  Жәңгір,  Ахмет 

Жантөрин,  Құнанбай  қажы).  Олардың  айтуынан  орыс  ғалымдары  А.И. 

Левшин,  А.  Ягмин,  И.II.  Ибрагимов,  В.А.  Плотников,  ДʼАндре,  Бонч-

Осмоловский,  А.И.  Добросмыслов  жазып  алған.  Бұл  заңдарды  19  ғасырдың 

басында  жақсы  білген  атақты  билер  Қарымбай,  Балтекей,  Құнанбай  М.М. 

Сперанскийдің мәжілісінде қатынасып, «Сібір қазақтары туралы заң» (1824) 

жасауға  қатысқан.  Қасым  хан  мен  Есімнің  заңдарын  әкесі  Құнанбайдан 

жазып алған Абайдың інісі – Халиулла Өскембаев. Ол өлген соң достары бұл 

заңдарды  Сібірде  шығатын  газетте  жариялаған.  Сонымен,  Жарғы  заңдары 

қазақ халқының рухани тіршілігінде айқын із қалдырған тарихи ескерткіштің 

бірі [16-25]. 



ЖЕТІ ЖАРҒЫ 

 

1-ші  жарғы.  Көтеріліс  жасап,  бүлік  шығарған  кісілерге  өлім  жазасы 



бұйырылсын (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды).       

2-ші жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер 

өлім  жазасына  бұйырылсын  (Бұл  Жарғы  халықтың  ортақ  мүддесі  –  елдің 

бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі). 

3-ші жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына 

бұйырылсын  (Бұл  жарғы  да  жабайылықтың  төменгі  сатысына  тән  кісі 

өлтіруге  тыйым  салған  және  мәдениеттіліктің  белгісі  ретінде  танылуға  тиіс 

өте елеулі жаңалық). 

4-ші  жарғы.  Өзге  біреудің  әйелімен  зинақорлық  жасап,  ақ  некені 

бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін 

қамтамасыз  еткен,  неке  парызына  адалдықты  талап  еткен  маңызы  зор 

жаңалық). 

5-ші жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге 

өлім  жазасы  бұйырылсын  (Ол  кезде  "ер  қанаты  –  ат"  елдің,  мемлекеттің 

соғыс күші ретінде бағаланды). 

6-шы  жарғы.  Төбелесте  мертігудің  түріне  қарай  төмендегіше  мүліктей 

құн төленсін: 

а)  біреудің  көзін  шығарған  кісі  айыпқа  қызын  береді,  ал 

қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді; 

ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді. 

7-ші  жарғы.  Ұрланған  жылқы, өзге  де  құнды  мүлік  үшін  он  есе  артық 

айып төлеттірілсін. 

Әз  Тәуке  хан  заманында  Шыңғые  хан  Жазасының  жаңғырығы  әлі  де 

көшпелілердің  құлағында  еді.  Көріп  отырғанымыздай,  Жеті  жарғының  1-



жарғысы  Жосықтың  2-ші  бабымен,  4-жарғы  –  Жосықтың  1-бабымен,  7-шы 

жарғы  –  Жосықтың  29-шы  бабымен  мазмұндас  [12].  Енді  Білік  пен 

Жосықтың ел есінде сақталғанына мысал келтірейік. 

Халықтың салт-дәстүрін бұзғандар заңды бұзған ретінде жазаланады

Қонақ қондырмағанға айып бар. 

Қонақасыны дұрыс бермегендер – жазаға лайық. 

Тентекке әке-шеше ғана емес бүкіл ауыл, ақсақал жауап береді. 

Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді. 

Малдың өрісін, жусауын бұзғанға – айып. 

Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шықпайды. 

Жесір  әйел  "ерден  кетсе  де  елден  кетпейді",  күйеуінің  аға  немесе 

інісіне  тұрмысқа  шығуы  тиіс.  Егер  әйел  басқа  біреуге  кететін  болса,  бұл 

"жесір дауы" заңымен шешіледі. 

"Табалдырықты  басу"  қазақ  арасында  жаман  ырым  ретінде  осы  күнге 

дейін  сақталған.  Мысалы:  "Табалдырықты  баспа",  "табаныңды  тартпа", 

секілді тиымды келтіруге болады. 

Сонымен,  біз  Білік  пен  Жосықтың  қазақ  елі  хандарының  жарғысына 

және  еліміздің  әдет-ғұрып  заңдарына  айналғанын  көріп  отырмыз. 

Шындығында Білік пен Жосық заңдары халық жүрегінен орын алып, дүние 

таным  сабағы  ретінде  Ұлы  далаға  кең  жайылған.  Алғашқы  нұсқадағы  Білік 

пен Жосық аты ұмытылғанымен, мазмұны өмір сүріп келеді. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Жалпы  айтқанда,  негізін  Шыңғыс  хан  мен  оның  мұрагерлері  қалаған 

Дала мемлекеті XIII-ші ғасырдың алғашқы жартысында, азғана уақыт ішінде 

әлемдік  империяға  айналды.  Империя  орталықтандырылған  мықты  билігі 

мен жазба заң ережелері бар мемлекет болды. Бұл бүгінгі Қазақ жері – Жошы 

Ұлысына да қатысты болды. 

Қазақтың Жошы хан, Қасым хан, Есім хан салған заң жүйелері мен әз 

Тәуке ханның Жеті жарғысынан берілген шағын мағлұмат, олардың Шыңғыс 

хан  Жазасымен  байланысы  барлығын  анық  көрсетіп  тұр.  Жазаның  барлық 

бабын  өзге көне  жәдігерлермен  салыстыру,  толық  түсінік жазу  болашақтың 

ісі  болады.  Қорыта  келгенде,  Ұлы  Жазаның  рухани  жалғасы  қазақ  елі 

заңдарында, әдет-ғұрпында сақталған деуіміз керек. 



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.  Абиль  Е.А.  История  государства  и  права  Республики  Казахстан. 



Караганда, Учебная книга, 2005, 256 с. 

2. Абдакимов А. История Казахстана (с древнейших времен до наших 

дней). Алматы, Казахстан, 2001, 488 с. 

3.  Артықбаев  Ж.О.  Алаш  һәм  Алаша  хан  //Вестник  КазГНУ,  серия 

историческая, 1991, № 11, с. 191-202. 

4. Артықбаев Ж.О. Алаша хан (казахское шежире об эпохе Алаша хана) 

//Қазақстандағы тарихи-мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы. Сб.: 

Маргулановских чтений. Жезказган, 2000, с. 12-18. 



5.  Бартольд  В.В.  Тюрки:  двенадцать  лекций  по  истории  турецких 

народов Средней Азии. Алматы, Жалын, 1993, 192 с. 

6. Утемши-хаджи. Чингиз-наме. Алматы, 1992. 

7.  Хара-Даван  Э.  Чингисхан  как  полководец  и  его  наследие.  Элиста, 

Калмыцкое книжн. Изд., 1991, 196 с. 

8.  Скрынникова  Т.Д.  Харизма  и  власть  в  эпоху  Чингиз-хана.  Москва, 

1997. 

9.  Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі. 



Алматы, Ол-Жас басп., 2004, 80 бет.  

10. Көпеев М.Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993. 

11. Альджапов О. Предания об Алаша-хане и об его сыне Джучи-хане. 

«Киргизская степная газета», 1897, № 13, 14, 18. 

12. Көктәнді Х.Қ. Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы. Москва, 

Қасиет, 2001, 465 бет. 

13. Моңғолдың құпия шежіресі. Алматы, Өнер, 1998. 

14.  Юдин  В.П.  Орда  Белая,  Синяя,  Золотая.  .  .  //Казахстан,  Средняя 

Азия в XVI-XVIII веках. Алма-Ата, 1983. 

15. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Дуани лұғат-ат-түрік) 3 томдық 

шығармалар  жинағы.  /Қазақ  тіліне  аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми 

түсініктерін жазған А.Қ. Егеубай, 3. т. Алматы, ХанТ., 1998, 600 бет. 

16.  Гурлянд  Я.И.  Степное  законодательство  с  древнейших  времен  по 

XVII  столетие  //Известия  общества  археологии,  истории  и  этнографии  при 

Казанском университете. Вып.   4-5, Казань, 1904, Т. ХХ. 

17.  Ибрагимов  И.  Заметки  о  киргизском  суде  //Записки  Русского 

императорского географического. 1878, Вып. VIII, № 2, С. 233-257.  

18. Зиманов С., Өсеров Н. "Жеті Жарғы" жайлы //Проблемы казахского 

обычного права. Алма-Ата, Наука, 1989, С. 8-29. 144 с. 

19. Марғұлан  Ә.Х.  Қасым  ханның  қасқа  жолы  //ҚСЭ. Алмты,  1975, 

Т. 6, 541-542 б. 

20. Левшин А.И. Описарие киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд 

и степей. Изд. 2-е. Алматы, Санат, 1996, 161-165, 655 с. 

21.  Кузембайулы  А.,  Абиль  Е.  История  Республики  Казахстан. 

Костанай, Костанай-полиграфия, 2006, 350 с. 

22.  Ағдарбеков  Т.  Мемлекет  және  құқық  теориясының  негізгі 

мәселелері. Алматы, Заң әдебиеті, 2008, 255 бет. 

23. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 

Заң әдебиеті, 2004, 222 бет. 

24.  Қазақстан  республикасы  мемлекет  және  құқық  тарихынан 

хрестоматия //Құраст. Н.О. Дулатбеков. Астана, Парасат, 2003, 312 бет. 

25  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан  мемлекеті  мен  құқығының  негіздері. 

Алматы, Атамұра, 2003, 192 бет. 

   


 

 

 



 

                               Түркілердің қала мәдениеті 

 

 

Сыздықов С.М. 



т.ғ.д.,профессор,  Л.Н.Гумилев                                                      

атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті 

 

Түркі  өркениеті  ІХ-ХІ  ғасырларда  болып  өткен  Мұсылман 



ренессансында  өшпес  із  қалдырып  кетті.  Өкінішке  орай,  дүниежүзілік 

тарихнамада  Батыс  Европа  ренессансынан  әлдеқайда  бұрын  болған 

Мұсылман  ренессансындағы  түркілердің  орны  мен  рөліне  жеткілікті  көңіл 

бөліне бермейді. Тікелей мәселенің өзіне көшпес бұрын «ренессанс» немесе 

«өрлеу» түсінігін талқылау-ға көңіл бөлу – қажеттілік.  

Ғылымда  қалыптасқан  көзкарас  бойынша  «ренессанс»  терминініе 

классикалық ежелгі дүниенің қайта өркендеп, гүлденуі деген мағына мазмұн 

береді. XVI ғасырдың ортасында Жоржо Вазари ХІУ-ХУ ғғ. Италия тарихы 

үшін  осы  терминді  ғылыми  тұрғыда  қалыптастырғаны  белгілі.  Бұл  дәуірдің 

немістер  –  «реформация»,  француздар  –  «ренессанс»,  ал  итальяндар  – 

«чинкве-ченто»  деп  атаса  да  ол  дәуірдің  мазмұны  бұ

Л

  атаулардың 



ешқайсысымен де шектеліп қала алмайды». 

Кейінгі  кезде  бұл  терминмен  ежелгі  грек  мәдениетінің  ғана  емес, 

сонымен бірге Шығыс елдерінің бірінде немесе жалпы Шығыс мәдениетінің 

өркендеуін  де  айтады.  Қайта  өрлеу  деп  жалпы  мәдениеттің  өркендеуін,  ал 

ерекше  мағына-да    орта  ғасырлар  мен  жаңа  заманды  жалғастырған  мәдени 

кезеңді де айтады. 

Академик Н.И. Конрадтың пікірі бойынша «қайта өрлеу» Европаға ғана 

тән  құбылыс  емес,  қандай  да  бір  халықтардың  белгілі  бір  тарихи  даму 

кезеңіне  сәйкес  келетін  тарихи  процестердің  жалпы  зандылықтарының  бір 

көрінісі  болып  табылады(1,161б.)  Сондықтан  да  Шығыстағы  ренессанс 

мәселесі  барлық  Шығыс  елдері  мен  халықтарын  әлеуметтік-экономикалық 

форма-цияларының  дамуын  тереңінен  жан-жақты  зерттеуді  қажет  етеді. 

Ренессанс проблемасын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуынан бөліп 

алып, тек мәдениет тарихы тұрғысынан қарастыру, мәселені зерттеу алдын-

ала сәтсіздікке ұрындырумен бірдей. 

Қайта  өрлеу  дәуіріне  белгілі  бір  дәрежеде  классикалық  анықтаманы  өз 

кезінде Ф. Энгельс бере алды. Оның әділ айтуынша қайта өрлеу өткендегінің

ескінің,  антиканың  қайта  жаңғыруы  ғана  емес,  бұ

Л

  дәуір  сауда  мен 



қолөнердің орталығы - қалалардың дамуы қала сословиелерінің пайда болуы, 

қоғам  мен  мәдениетттің  өркендеуі,  сонымен  қатар,  феодалдардан  да  және 

халықтың ішінен де зиялылыар қауымының бөлініп шығуы болып табылады. 

Бұдан әрі «...барлығы дерлік өз заманының мақсат-мүддесіне сай өмір сүреді, 

партияларға бөлініп, біреу сөзбен, қаламмен, біреу семсермен, ал енді біреу 


онымен  де  басқалармен  де  бірге  болып,  практикалық  күреске  белсене 

қатысады(2,3б.).  

Шынында  да  Европадағы  классикалық  ренессансты  Шығыстың  немесе 

мұсылман  қайта  өркендеуімен  салыстыру  және  олардың  ұқсастық  жақтары 

туралы  пікір  таластырудың  қазіргі  ғылым  дамуының  дәрежесінде  беретін 

пайдасы шамалы. Оны өз кезінде шығыстанушы В.В. Бартольд те атап өткен. 

Өйткені Европа жағдайындағы ренессанс - классикалық антика заманындағы 

өнер,  ғылым  мен  әдебиеттегі  жетістіктерді  бағаламаған  «қараңғы  орта 

ғасырдың» қайтадан бойына сіңіріп, пайдалану немесе жоғалтқан, айырылған 

нәрсені 


қалпына 

келтіру» 

тұрғысында 

болса, 


Шығыста 

қайталанбағандықтың,  жаңашылдыктың  көрінісі  ретінде  бой  береді. 

Сондықтан  да  егер  біз  дүниенің  екі  жағындағы  қайта  өркендеуді 

салыстырсақ,  олардың  ұқсастығы  жағынан  гөрі  ерекшеліктері  мен 

айырмашьшықтарына басым көңіл аудару қажет. 

Ренессанс  мәселесі  туралы  тарихнамада  Шығыстағы  «өркендеуге» 

батыстық  немесе  эллинистік  көзқараспен  қарастырушылар  да,  сонымен 

қатар, керісінше бұл бағытты сынаушылар да қездеседі. Батыстық тұрғыдағы 

көзқарастар  мұсылман  ренсессансындағы  ежелгі  Европа  мәдениеті  мен 

элленизмнің  рөлін  жоғары,  басым  етіп  көрсетсе,  бұ

Л

  бағытты  сынаушылар 



көне  грек  мәдениеті  әсерін  толық  жоққа  шығармастан  бұның  себептерін, 

негізінен  Шығыстың  өзінен  іздестіреді.  Бір  қызығы,  бұ

Л

  көзқарастардың 



түйісетін  жері  -  Шығыс  ренессансын  тек  арабтармен  ғана  байланыс-

тырмауында. Біздіңше акиқаты да осы жерден басталады.  

Мұсылман  ренессансын  зерттеушілердің  осы  өрлеуде  арабтардың 

парсыларлың  немесе  эллинистік  грек  мәдениеті  мен  европалықтардың 

ықпал-әсерлері мен  үлестері  туралы  тоқталып, атап  өтуі  жиі кездеседі.  Осы 

орайда  ортағасырлык  түркілердің  Шығыс  ренессансындағы  орны  мен 

үлесінің көрсетілмеуі, ал аталған күнде түркілердің «мұсылман туы астында 

бүркемеленіп»,  арабтар  болып  шығатындығындығын  айта  кету  орынды. 

Сондықтан,  сөзіміз  дәлелді  болу  үшін  төмендегі  мәселелерге  көңіл 

аударайық. 

Араб  халифаты  империясының  соңғы  әулеті  аббасидтер    X  ғасырдың 

ортасында  әлсіреп,  өздерінің  маңайындағы  түркілерден  құралған  әскери 

қолбасшылардың  ықпалына  түсе  бастады.  945  жылдан  бастап  Халифат  тек 

Бағдадтағы  сарайда  тұрып,  монғол  шапқыншылығына  дейін  іс  жүзінде 

мемлекет  басқарудан  қалды.  Тарихта  халиф  Мансұр  (726-766)  тұсында-ақ 

түркілердің  халифат  маңайында  көрнекті  орын  ала  бастағанын  көруге 

болады.  Мысалы,  тохаристандық  түркілерден  Бармакқұлы  Халит  пен 

Яхьяұлы


 

екеуінің  салдырған  сарайлары  мен  ұйымдастырғаи  кітапханалары 

парсы,  грек  және  санскрипт  тіліндегі  ғылыми  шығармалар  мен 

философиялық кітаптар арабшаға көптеп аударылды(3,190б). 

Бағдад  манайындағы  Самарра  мен  Египеттегі  Каир  және  Ел-Катай 

қалалары 

халифаттағы 

түркілер 

өркениетінің 

орталықтары 

десек 

қателеспейміз. Самарра IX ғасырдың соңына қарай 33 шақырымға созылған, 



түркілер  тұратын  калаға  айналған  болатын.  Ондағы  әсем  архитектуралык 

кұрылыстарды (бұдан былай санат дейміз негізінен түркілер салды. Самарра 

санатындағы көптеген өрнектер мен құрылыс өңдеу техникаларының әдістері 

арабтар, гректер Византия калаларында болмаған, керісінше, біздің эрамызға 

дейінгі  дәуірден  келе  жатқан  азиялық  скифтер  меи  алтайлық  түркілердікі 

болып шығады(4,143б). 

865-905  жылдары  түркі  командашысы  Ахмед  Тулун  Мысырды  билеген 

кезінде  түркілер  шоғырланған  Ел-Катай  мен  Каир  қалалары  мәдениет 

өркениетін  бастарынан  кешірді.  Ел-Катайдағы  мешіт,  сарай,  мәдениет 

үйлерін  салуда  ағаш  және  гипс  материалдарын  қолдану  жоғарыда  аталған 

Самаррадағыдай  түркілердің  әдіс-тәсілдері  аркылы  жүргізілді.  Ерекше  атап 

өтетін  нәрсе,  ісләм  мәдениетіне  тән  және  оның  ең  бір  «шұрайлысы»  болып 

табылатын санаты – «Арабеск» осы Самаррада туындағаны белгілі(5,15б.). 

Халифаттың  күші  шарықтау  шегіне  жетіп  тұрған  кезде  түркі 

қолбасшыларының  ер  жүрек,  батыл  даңқтысы  –  Бежкем  болды.  Ол  аз  ғана, 

300  шақты  жасағымен  халифаттың  Вавилон  аймағын  билеп  тұрды.  Халиф 

исламның  шиит  бөлігіне  қарсы  күресте  Бежкемге  сүйенді.  Ол  Бағдадтан 

шииттерді  қуып,  халифтің  сеніміне  ие  болды.  Қабәлетті  және  ер  жүрек 

қолбасшы  екендігін  Бежкем  әсіресе  Сирия  мен  Месопатамияны  билеген 

Хамдинидтер әулетінің өкілдерімен күресте танытты. Мысалы, ол өзінің 290 

түркілерден  құралған  жасағымен  әл-Баридидің  10  мыңдық  әскерін  жеңіп 

шықты (6,35б.). 

Негізінен  түркілер  шоғырланған  халифат  құрамындағы  аудандардың 

елдегі  саяси  маңызды  күшті  болды.  Бағдадтың  бас  судьясы  –  «кади  өзін 

орнынан  аламын  деген  халифқа  «егер  ол  Хорасанға  шағымданса  бүкіл 

халифаттың  іргес  шайқалатындығымен»(7.20б.)  қорқытуы  кездейсоқ  емес 

еді. 

Сот,  құқық  істерін  жүргізуде  де  Халифат  аудандарын  басқарған  түркі 



тектес  басқарушылар  дінге  негізделген  «кадилік»  жүйеден  гөрі 

демократиялық құрылымнан тұратын азаматтык құқық органдарына сүйенді. 

Мысалы, Египеттегі басқарушы түрік Ахмед тулун өз кезінде «кади сотынан 

бас тартып, азаматтық сот жүйесін енгізді(8,15б). 

Египет  пен  Сирия  билеген  түркі  әулет:  тулунидтардан  соң,  Түркістан 

түркілерінің ихшидтар әулеті келді. «Ихшид» - Ферғана басқарушыларының 

титулы  болатын.  Мухаммед  ибн  Тугдж  935  жылы  Египеттегі  халифтын 

наместнигі  қызметіне  тағайындалды.  Кейін,  941  жылдан  бастап  оның  қол 

астына  Египет,  Сирия.  Йемен,  Мекке  және  Медине  облыстары  қарады. 

Мухаммедтің күшейгендігі сондай, оны халиф ал-Мустакфи саяси тұрғыдан 

«мазасыз  Бағдадты»  басқару  қызметіне  шақырғанда  ұсынысын  қабылдамай 

тастады. 

Махмуд  ихшид  алып  денелі,  зор  күш

 

иесі  болған.  Садағының 



үлкендігінен өзінен басқа ешкім тарта алмаған. Жасағы да сол замандағы ең 

алдыңғы  қатарлы  қару-жарақпен  жабдықталған.  Египетте  өз  атынан  ақша 



соқтырған.  Жеке  басында  аңқаулық,  сенгіштік.  адалдық,  сонымен  қатар 

дүниеқорлық мінез-қасиеттердің қатар болғандығы туралы көптеген деректер 

кездеседі. 

Түркілер  халифат  тұсында  алғашқы  халықтық  ауруханаларды  салу 

ісінде де алғашқылардың бірі болды. Мысалы, Египетте 873 жылы алғашқы 

аурухананы  Ахмед  ибн  Тулун  салдырды.

 

Б

ҰЛ



  аурухана  мен  емханасы  бірге 

ірі  комплекс  еді.  Онда  ерлер  мен  әйелдерге  арналған  моншалар  болды.  Бір 

жағынан  бұл  денсаулық  сақтау  комплексі  негізінен  қарапайым  халыққа 

арналды да, онда сарай маңы шенеуніктері немесе әскери шендегі адамдарға 

кызмет  көрсетілмеді.  Ауруханаға  түскен  адам,  киім,  ақша  және  басқадай 

заттарын  сол  мекемедегі  арнайы  сақтайтын  орынға  тапсырма  алды.

 

Б

ҰЛ 



мекемеге мың динар ел басқарушы тарапынан беріліп, Ахмедтің өзі аптаның 

жұма


  КҮНІ

  барып  тұрды. Ах-Тулун  сонымен  қатар, мешіт  жанынан  дәріхана 

аштырып,  онда  дәрігер  әр  аптаның  жұма  күні  ауруларды  ақысыз  емдейтін 

қылды. Ауруханада ақыл-есі кем адамдарға арналған бөлме де болды. Ал 941 

жылы  түрік  әмірі  Бежкем  Тигр  өзені  жағасында  халифаттың  үшінші 

ауруханасын салдырта бастады(9,193б.). 

Өркениеттің  қай  саласында болмасын:  басқару,  сот,  білім,  ғылым  және 

т.б.  ортағасырлық  түркілер белсене  ат салысты,  ал  тіпті  кейбірінде жетекші 

орын алғандықтары да байқалады. Оларды толық дәлелдеуге әлі де көлемді 

зерттеулер қажеттігі айтпаса да түсінікті. 

Басшылары  түркі  әулетінен  шыққан  халифат  құрамындағы  қала 

адамдарының  демалу,  көңіл  көтеру  орындары  қазіргі  өркениеттілік  тұрғыда 

ұйымдастырылғаны  байқалады.  Мысалы,  Египетте  түркі  әулетінің  тулунид 

тегінен шыққан Хумаравайхи зор көлемде жануарлар паркін ұйымдастырған. 

Жануарлардың  түр  ерекшелігіне  қарай  тор  бөлімшелер  мен  су  бассейндері 

жасылынған (10, 320б.). 

Түркілердің ортағасырлық қалалық мәдениетке шаруашылық өнімдерін 

өндіру мен оларды саудаға шығару арқылы елеулі үлес қосты. Мысалы, Ақ-

Тепе мекені түркілер өмірінің маңызды бір даму кезеңін, яғни бір жағынан 

көшпелі, екінші жағынан отырықшылыққа көше отырып, керуен сарайларды 

көбейту арқылы сауда жолына тартылғанын, ақырында бір кешендік мәдени-

шаруашылық типін қалыптастыра алғанын көрсетеді.  

Көшпелі түркілердің сарқылмас, үнемі әкеліп тұратын шикізаттарының 

арқасында қалалардың өздері белгілі бір өнім шығаруға мамандана бастады. 

Мысалы. әл-Макдисидің хабарлауы бойынша: «Шаштан сапалы ертоқымдар, 

оқ  салғыш  қорамсақтар  мен  орамалдарі  Тері,  түріктерден  әкеліп  иленеді... 

Ферғана  мен  Испиджабтан  ақ  матамен,  қарумен,  семсерлермен,  мыс  және 

темірмен  Шелжіден  күміс  келеді.  Хутталдан  әкелген  сияқты,  Түркістаннан 

бұл жерлерге жылқы мен кашыр әкелінеді» [11, 82-83].Волгин 

Бұдан  кейін  біз  Қараханидтер  әулеті  келер  алдындағы  Оңтүстік 

Қазақстан мен Жетісуда мемлекет ішіндеп маңызы орасан зор болған, ортақ 

рыноктың қалыптасып бастағанын байқаймыз. Әрине, мұндай құбылыс сол 



кезенде  тек  отырықшьшар  мен  көшпенділердің  неғұрлым  тығыз,  жақын 

көршілес тұру нәтижесінде ғана мүмкін бола алды. 

Халықаралық  сауда  тауарларының  біраз  бөлігі  Жетісу  мен  Оңтүстік 

Қазақстанда  қалып  отырды.  Византия,  Соғды,  Қытайдың  әшекей 

бұйымдары  мен  қымбат  заттарын  түркі  қағаны  және  баска  бай  ақсүйектер 

сатып  алатын  еді.  Оған  мысал  ретінде  осы  жерлерде  археологиялық  қазба 

жұмыстары арқылы табылған византиялық белгісі бар кұміс құмыралар мен 

олардың  алтын  теңгелері  және  қытай  айналарын  айтуға  болады.  Жетісуда 

орналасқан  карлықтардың  сауда  катынасында  Қытай  ерекше  орын  алды. 

Одан  жібек  ала  отырып,  көшпелі  түркілер  өздерінің  шикізат  өнімдерін 

өткізіп  отырды.  Алайда  олар  тек  шикізат  қана  апарып  қоймай,  сонымен 

қатар  өздері  жасаған  бұйымдарын  өткізді.  Мысалы,  май,  тұз,  қалкан  және 

найза,  сонымен  қатар  мата  және  мускус  жеткізілді.  Бұл  ретте  қытай 

деректерініің  карлықтар  жөнінде  олардың  сауда  ісін  жетік  білетін 

саудагерлер екенін растайтындығын еске ала кету орынды. 

ІХ-Х  ғасырларда  Оңтүстік  Қазақстан мен Жетісу  арқылы  өтетін  сауда 

жолының  одан  әрі  өркендеуіне  ислам  дінінің  зор  ықпалы  болды.  Олар  өз 

каражаттарын  базарлар  мен  олардың  мекемелерін  көбейтуге  жұмсап 

отырды.Түркілердің көшпелі бөлігінде сауданың еркін дамуына сол кездегі 

түркілердің  қонақжайлығы,  меймандостығы  көп  септігін  тигізді.  Өйткені 

түркілер  саудагерлерді  ерекше  күтіп  қарсы  алатын  және  осы  арқылы  сол 

саудагерлер  еліне  барғанда  өздері  сондай  мүмкіндіктер  алуына  құқылы 

болды. 

Түріктердің  қалалық  сауда  ісінде  жылқының  маңызы  үлкен  болды. 



Жабайы  тұқыммен  будандастырылған  бұл  жылқылар,  төзімділіп  жағынан 

аңға, жорыкқа шығуға теңдесі жоқ болып, сұраныс жоғары дәрежеде болды. 

Жылқы сатудың басқа түркілер мал өнімдерімен қатар бағалы аң терілерін 

шығарып отырды. 

Қарастырылып  отырған  кезеңде  Орталық  Азияда  кұл  саудасы  кеңінен 

тараған. Құлдыққа көбінесе жорықтар мен шапқыншылықтарда қолға түскен 

тұтқындар айналдырылды. Құл саудасы IX ғасырға қарай күшейе түсті. Оған 

себеп,  араб  қолбасшыларының  түркі  құлдарынан  өздерінің  ұланын  құру 

болған  еді.  Ірі  транзиттік  кұл  саудасының  жолы  Мауреннахр  мен  Хорезм 

арқылы  өтті.  Бұл  жерлерде  түркілермен  бірге  славяндар,  хазарлар  да 

құлдыққа сатылды. 

Қорыта  келгенде,  Орталық  Азияда  түркілер  халифат  билігі  ыдырай 

бастаған кезеңде саяси билікте де, қоғамның. мәдени-шаруашылық өмірінде 

де жетекші орын ала бастағанын байқаймыз. Бұл кездейсоқ емес еді. Бұл кез 

түркілердің мемлкет және саясат ісінде, болмаса мәдениет пен шаруашылық 

саласында  да  жоғары  деңгейге,  өзіндік  өркениет  шоқтығына  жеткендігі 

көрінеді. Ұлы Жібек жолы, қала мен көшпенділердің өзара бір-бірне ықпалы, 

сауданың өркендеу процестерінің тек куәсі болып қана қоймай, оған белсене 

катысуы,  түркілер  өркениетінің  эволюциялық,  біркелкі  дамуын  қамтамасыз 

етсе, ендігі жерде халифаттың көлемді «евразиялық» территориясында басқа 



да  өркениетті  процестермен  қоян-қолтық  араласып  байытылуы  уақыт 

үрдісінің белгілі бір кезеңінде (ІХ-Х ғғ.) түркі өркениетінің «сапалық секіріс» 

жасап,  тек  қана  Мұсылман  ренессансына  қомақты  үлес  қосып  қоймай,  өзін 

дүниежүзілік өркениетке де таныта алды. Оның дәлелі де, салдары да болып 

табылатын  түркі  ғүламалары  -  әл-Фараби,  Махмуд  Қашғари,  Жүсіп 

Баласағүн  және  т.б.  Түркілік  өркениет  -  Мұсылман  ренессансы  процесінде 

әскери  күштілік  пен  басшылық  жорықтарда  емес,  саяси  билікте,  яғни 

мемлекеттік  жетілдіру  жолында  мәдениет  пен  өнер,  санаттың  дамуына, 

азаматтық  қоғам  құруда  тамыры  тереңнен  нәр  алған,  өміршендік  үрдіс 

тұрғысында көріне алды. Тарих ғылымы мен тағлымының маңызы оның бір 

«тарихнамалық кезеңмен» шектеліп қалмай, үнемі жалғасу, өзгеру, «бекерді 

бекерге  шығару»  динамикасын  қамтамасыз  етуінде.  Ендеше  Мұсылман 

ренессансы немес Шығыстың өркендеу дәуіріндегі Түркі өркениетінің ролін 

анықтап,  оны  орнына  қоятын  тарихнама  таңының  атып  келе  жатқанына

 

 

күмән келтірмейміз.  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет