ауданы Катонқарағай ауылы. ayau8383@mail.ru
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бәсекеге қабілетті
маман – қазіргі заман мен болашақты жаңа түсінетін, өзгерістерге дайын, алдыңғы қатарлы
«Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, «Мәңгілік ел» болуымыз үшін ауадай қажет
тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың төмендегідей бірнеше
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп,
бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе
мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен
озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге,
рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын
құдіретімен маңызды».
161
Бағыттардың барлығы нақты және өзекті, дегенмен білім саласының қызметкері ретінде
төртінші бағыты «Білімнің салтанат құруы» жаңғыруына тоқталсам.
Ел Президенті атап өткен бағыттарында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең
білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан
тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық
мүддені сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ел
болуымызға маңызы өте жоғары деп білемін.
«Білімді болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» атты мақаласында «Білімді, көзі
ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында
қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдай алды университеттерінде
оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға
алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар
университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс
тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Табысты болудың ең
іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп жазады Елбасы. [1]
«
Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде,
орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға
нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».[2]
Бәсекеге қабілетті маман даярлау – оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа
мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын
өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым
саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді
игерген жеке тұлға қалыптастыру.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» [3] дегендей, жас ұрпаққа
саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Мен математика
пәнінен сабақ беремін. Бүгінгі таңда жаңа оқыту бағдарламасына сай математиканы бірнеше
пәнаралық байланыста оқытамыз. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі есеп шығара отырып
тарихи мағлұматтардан мәліметтер алып, өткен шақ пен бүгінгі шақты салыстырып болашаққа
бағдар саламыз. Кейбір балалар үшін Астанаға бару арман. Кейбір есептерді шеше отырып
Астанада орналасқан әсем де әдемі ғимараттар туралы толықтай мағлұмат ала алады. Есеп
шығару барысында күнделікті өмірде кездесетін есептер де жиі талданады. Осындай есептерді
шығару барысында ата-ананың да балаларымен бірге математикадан жұмыс істеулеріне тура
келеді. Күнделікті өмірде кездесетін есептерді оқушыларға ата-анасымен бірге талдап құрау
тапсырмасы беріледі. Мұндай есептер көбінесе пайыз, шығын және кіріс, пропорция, бизнестегі
математикада кездеседі. Сонымен қатар «бизнестегі математика», «ауылшаруашылығындағы
математика», «математика және экономика», «математика және табиғат» «математика және
экология» «аспаз мамандығындағы математика», «күнделікті өмірдегі математика», «менің
өмірімдегі математика» бағыттарындағы есептерді шығара отырып, қазіргі жас буынның
болашағына қажетті ақпараттар беріледі, талданып, өмірде алған білімдерін қолдана алатындай
математика пәнінен білім беріледі. Бұл орайда оқушыларымыз тек математикамен шектеліп
қоймай, жан-жақты рухани дамыған білімді азамат болып шығатынына мен кәміл сенемін.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі- үлкен көрегендік
пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл-тәуелсіз
еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Білімнің
адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың
құралы. Білімді болу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік
беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып
табылады.
Ойымды қорыта келе, Елбасының сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің
дамуы үшін білімнің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында
әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін. Ел
Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары білім саласында да бірауыздан қолдау
тауып, ұлттың дамуына әсер ететін ең маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық
беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет