«Триз», «Зайцева», «Халық ауыз әдебиеті» т.б. әдістемелер секілді
лэпбук кітапшасын да қолдану тиімді нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.
Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты америкалықтар
құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген
мағынаны білдіреді. Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша,
жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады.
Бұл бүлдіршіндермен белгілі бір тақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың
мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды,
ақпаратты сұрыптап және талдайды.[3]
Негізгі
мақсаты:
Педагогтарды жаңа бірлескен қызмет түрімен таныстыру, лэпбук тақырыбын дайындау және
оны пайдалану. 4-6 жас аралығындағы балалардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін
тапсырмалар мен ойындарды пайдалану арқылы дамыту.
Негізгі міндеттері:
1. Артикуляциялық аппараттарды, қолдың ұсақ моторикасын, тыныс алуын дұрыс дамыту;
2. Фонетика-фонематикалық естуін, дыбыстық талдауын қалыптастыру («Бұл дыбыс сөздің
қай жерінде кездеседі?»);
3. Ойындарда дыбыстарды машықтандыру (мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып жарысу);
4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту (суреттер желісімен сөйлем құрау);
5. Көріп –қабылдауын дамыту (кесілген суреттерді біріктір);
Лэпбук – логопедтердің жұмыс барысындағы ең тиімді көмекші құрал. Ол балаға өткен
тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастыруға, тақырыпты жақсы түсінуге және материалды
есте сақтауға көмектеседі (әсіресе, егер сіздің балаңыз визуал болса). Оқытудың мұндай түрі
визуал ересектерге де ұнайды.
Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала
жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткенді қайталайды, өз қолымен жасаған еңбекті
қарастырады.
Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді
Лэпбук тек жеке емес топтық сабақтарды жүргізгенде де қолайлы, онда бір мезгілде әр
түрлі жастағы балаларды қамтуға болады. Тапсырманы деңгейіне қарай таңдауға болады (кіші
топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішіні, ал ересек немесе
даярлық топтардағы балаларға жазып-сызуға, жазғанын оқуға және т.б арналған тапсырмалар)
215
және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау.
Лэпбук құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады.
Немесе аптаның немесе жобаның тақырыптық нәтижелерін ұсыну нысаны болуы мүмкін.
Лэпбукті сөйлеу тілінің түрлі ауытқуы бар балаларға арнап жасауға болады. Бұл көмекші
құралдан сөйлеу жүйесінің барлық компоненттерін дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар
мен ойындарды, көрнекі құралдарды кезіктіруге болады (фонетикасын, сөздік қорын, грам-
матикасын, байланыстырып сөйлеуін, ұсақ моторикасын, көріп қабылдауына байланысты).
Лэпбуктің ішінде қолданылатын барлық көрнекі құралдар мен материалдар баланың танымдық
қабілеттерінің, сөйлеу тілінің дамуына негізделіп жасалынады.
Менің логопедтік бекетімде «Туылған күн!» деген мерекелік дәстүр бар. Бұл баладан сөз
тіркесін естіген кездегі мереке, қуаныш «Алақай! Менде дыбыс туылды!». Мұндай жағымды
сөздерді жылына көптеп естіп тұрамын. Бұл дегенім балалардың ең қиын кезеңі, дыбысты қою
кезеңінен өткендігі. Әрі қарай әлі алдымызда ұзағырақ кезең дыбысты дыбыста, буында, сөзде,
сөйлемде, сөздерді байланыстырып сөйлеуінде машықтандыру кезеңі күтіп тұрады. Сол себепті
менің негізгі міндетім балалардың сөйлеу тілін сөздерде ертерек машықтандыру. Осы тұрғыда
келесі лэпбукқа тоқталып өтсем:
«Артикуляциялық жаттығулар».
Мақсаты: [р]дыбысын дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және
тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру. Баладан
кітапшада берілген жаттығуларды жасату арқылы тілдің дірілін келтіру. (1-сурет)
«Көлікті гаражға жеткіз» ойыны.
Мақсаты: «Р» дыбысын ұзақ әрі тиянақты айтуға дағдыландыру. Баладан көлікті
«рррр..ррр» деп қыздырып, гаражға жеткізуін өтіну.(2-сурет)
«Жануарларға айналамыз» ойыны.
Мақсаты: «р» дыбысын буындарда машықтандыру. Баладан жануарлардың суреті
көрсетілген карточкалар көмегімен жануарлардың даусын салуды өтіну.
- Арыстан қалай дыбыстайды?- Арррр, -арррр
- Ит қалай дыбыстайды?
- РРР, -рррр
- Мысық қалай дыбыстайды?
- Мурррр, -муррр т.б (3-сурет)
«Буындар әуені»
Мақсаты: «р» дыбысын буындарда машықтандыру. «Р» дыбысын дауысты дыбыстармен
қосып әуендете отырып айту. «РРРааааа, рррооо, рууу, аааррр, оооррр, уууррр т.б» (4-сурет)
«Буын ұйқасты тап»
Мақсаты: «Р» дыбысын сөзде машықтандыру. Балаға суретті көрсете отырып, сол суретке
байланысты буын ұйқасты айту, айтқызу.(5-сурет)
«Буындарды қос» ойыны
Мақсаты: «Р» дыбысын сөзде машықтандыру. Балаларға буындарды аяқтауын тапсыру.
- [р] дыбысын жалғап айтуды ұсыну: қа..., со..., бо..., та..., жа..., қоңы...;
[-ра] буынын жалға:
Қа..., да..., жа..., сұ..., домбы...;
[- рақ ] буынын жалға:
Ба..., та..., жа..., қа..., сұ..., құ..., жы..., тұ..., шы... .т.б.[4](6-сурет)
«Лабиринт» ойыны.
Мақсаты: «Р» дыбысын сөзде машықтандыру. Балаға берілген суреттер ретін атауын тапсыру.
(7-сурет)
«Не істеп жатыр?»
Мақсаты: «Р» дыбысын сөйлемде машықтандыру. Берілген суреттер ретін қолданып, суреттегі
216
тіршілік иелері не істеп жатқандығын айту, сөйлем құрау.(8-сурет)
«Кескіндерді қос»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, «р» дыбысын сөйлемде
машықтандыру. Балаларға кесілген суреттерді беріп,оларды қосуын тапсыру. Шыққан суретке
сөйлем құрату.(9-сурет)
«Тақпақтар жарысы»
Мақсаты: Балалардың анық, тиянақты сөйлеуін қалыптастыру. Балалармен бірлесе отырып
өлең-тақпақтар айту.[5](10-сурет)
Қорыта айтқанда,жалпы мен үшін лэпбукпен жұмыс жасау қандайда бір тақырыпты нақты
жүйелеуге (дыбыстық, лексикалық, грамматикалық) оны балаларға ойын түрінде жеңіл
түсіндіруге көмектеседі. Ал кітапшаны пайдаланған балада өткен тақырып есінде жақсы
сақталып, білімді жетік меңгеруіне көмектеседі.
Кез келген мұғалім, тәрбиеші, ата-ана өз балаларының, шәкірттерінің дамыған тұлға болып
қалыптасуы үшін шығармашыл болуы тиіс. Бұл тұрғыда баланың дамуына лэпбук кітапшасы да
өз ықпалын тигізеді деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |