Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет178/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

К.А. Оразова 

Ақтоған шағын орталықты орта мектебі, Жамбыл облысы, orazova-65@mail.ru

2017 жылы сәуірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 

мақаласын жариялады. Елбасымыз осы мақаласында тамыры тереңнен бастау алатын рухани 

ұлттық  кодты  сақтай  білуге  баса  назар  аударды.  «Ұлттық  код,ұлттық  мәдениет  сақталмаса, 

ешқандай жаңғыру болмайды...туған жердің әрбір сай мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан 

сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің 

есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» 

-дей келіп «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің 

географиясы» жобасын жасау керектігін ескерткенді.[1] Жалпы білім беретін мектепке арналған 

тарих, әсіресе Қазақстан тарихы бағдарламаларында көлемді де маңызды тақырыптардан кейін 

«...жылдардағы біздің өлке» деген мәселелер ендірілген. Туған өлке материалы бағдарламадағы 

негізгі  материалға  қосымша  болып  есептелінеді,  сондықтанда  ол  ешуақытта  бағдарламалық 

материалды ауыстыра алмайды, оның орнына да жүрмейді. Туған өлке материалы өтіліп жатқан 

материалды нақтылау үшін, оқушыларға таныс, жақын өмірден мысал келтіре отырып оларды 

тарихқа,  тарих  сабақтарына  қызықтыру  үшін  қажет.  Өйткені  өлке  материалы  оқушылардың 

түсінуіне қиындық келтірмейді, таныс болғандықтан тәрбиелік мақсатқа да, оқушылардың ойлау 

қызметін дамыту үшін де еркін пайдалануға болады.

Өлке  материалын  сабақта  пайдаланудың  әдіс,  тәсілдері  көп.  Мәселен,30-  жылдардағы 

сауатсыздықты  жою  туралы  айтып  тұрып  мұғалім,  өз  аулыңдағы  ересек  адамдардың  сауат 

ашу мектебінің жұмысы туралы бір қызықты эпизодты өзі айтып берсе, енді бір сабақта оқушы 

жергілікті архив пен музейден алған материалға негізделген баяндама, хабарламасын оқыса (2-3 

минут), белгілі бір тарихи кезеңдегі экономика мәселесін оқытқанда өлкенің шаруашылық дамуын 

кестелердегі цифр мәліметтері арқылы көрсетіп, түсіндірсе, тағы бір сабақта өлкедегі тарихи 

оқиға туралы көркем әдебиет үзіндісі оқылса немесе оқиға туралы оқушылар тарихи құжатпен 

өздігінше жұмыс істеп, соңынан мұғалім қойған сұрақтар бойынша құжатты бірлесіп талқыласа, 

сабақ мазмұнына қарай тарихи оқиғалардың куәгерлерін сөйлетсе т.б. Өлке тарихына байланысты 

жиналған материалдар басқа сабақтарда да пайдаланылады. Арнайы бөлме, не музей болса 

онда  сабақты  өткізуге  болады.  Тәрбие  сағаттарын  өткізуге,  ата-аналарды  айтулы  күндері  өз 

өлкесінің тарихымен байланыстыру да пайдалы.[2] Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары 

яғни туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу-тәрбие 

жұмыстарында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды. Егерде мектепте бұл жұмыс 

жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында, немесе өлкетану бұрышында 

сақталса және де ол материал ретіне қарай тарих сабақтарында пайдаланылып отырса, онда 

осы пәнді оқытудың міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады. Тарихты білу — өзінің, 

отбасының,  әулетінің,  туып-өскен  өлкесінің  тарихын  білуден  басталады.  Өзінің  тегін,  оның 

тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай 

адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де, сыйлай да алмайды. 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде туған өлке тарихын зерттеудің, 

оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі жинақталған. Туған 

өлке деген атаудың қамтитын территориясы бірыңғай бола бермейді.Кейбір мектеп өз ауылы 

мен төңірегін, мектеп орналасқан қаланы,не белгілі бір ауданын,енді бір мектеп аудан, тіпті 

облыс территориясын зерттеуді мақсат етеді. Сондықтан мектептегі өлкетану жұмысын шу 

бастан дұрыс ұйымдастырып, жұмысты мұқият жоспарлаған дұрыс. Әдетте өлкетану жұмысының 

жоспары  мектептің  бүкіл  оқу-тәрбие  жұмысы  жоспарының  құрамды  бөлігі  болып  саналады 

және де көбіне сыныптан, мектептен тыс жұмыстар жоспарымен бірге жасалады. Сондықтан 

сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде байқағанымыздай бұл жұмысты көбіне тарих, 

география,  әдебиет  пәндері  мұғалімдері  бірлесіп  ұйымдастырады,  бұл  жұмыс  жүргізу  үшін 

қолайлы.  Туған  өлкенің  материалын  жинағанда  алдымен  мектептің  оқу-тәрбие  жұмысына, 

тарих  және  басқа  да  пәндерді  оқытқанда  қандай  материалдардың  қажеттігі  ескеріледі  және 

де оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға болатыны анықталады. Осыдан кейін 

барып  тарихи  өлкетану  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттерін  белгілеуге болады. Алдымен 




254

өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың төмендегідей талаптарға сәйкес келгені 

дұрыс: 

а)  алынған  материалдың  осы  өлке  тарихына  ортақ,  аса  маңызды  және  де  оқушылардың 

бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуіне ыңғайлы, қиындық келтірмейтін болуы;  

ә)  анық,  айқын  эмоциялы  фактілері  бар  оқушылардың  санасына  да,  сезіміне  де  әсер 

ететіндей болуы;   

б)  мүмкін  болғанынша  оқушыларды  қарапайым  болса  да  зерттеушілікке  қатыстыруға 

жағдай жасауы;   

в)  оқушыларда  қоршаған  ортаны  бақылай  алу  білігін  қалыптастыруы  және  де  оларда 

күнделікті қажетті істерге қатысу қабілетін дамыта алуы;   

г)  оқушыларда  туған  өлкеге  деген  қадір-құрметті  оята  отырып,  сол  арқылы  туып-өскен 

өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы керек. Тарих пәнінен жүргізілетін сыныптан 

тыс  жөне  өлкетану  жұмыстарын  мұғалімдердің  басшылығымен  жоғары  сынып  оқушылары 

жүргізеді.  Ол  үшін  оқушылардан  арнайы  қоғам  құрылады.  Ол  жұмыс  жоспарын  жасайды, 

жоспар оқушылардың белсене қатысуымен талқыланып, ұсыныстар мүмкіндігінше ескеріледі. 

Осы жоспардағы мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың көбі туған өлкені зерттеуге қатысты. 

Оқушылар  экспедицияларда,  жорықтарда  көргендерін,  байқағандарын,  кездесулерде 

естігендерін,  археологиялық  қазбаларға  қатысып,  тапқан  заттарын  т.б.  мектепке  әкеледі. 

Біріншіден,  өлкедегі  тарихи  ескерткіштер;  екіншіден  өлкенің  тарихын  баяндайтын  түрлі 

әдебиеттер;  үшіншіден  өлке  тарихына  байланысты  баспасөзде  жарияланған  материалдар; 

төртіншіден, тарихи оқиғаларға қатысушылардың естеліктері;бесіншіден өлкетану музейлеріне 

экскурсия жасағанда жинақталған материалдар. Жинақталған материалдардың бәрі уақтылы 

талданып, сарапталып, мектептегі арнайы бөлінген орынға қойылғаны дұрыс. Осыдан барып 

бірте-бірте  өлкетану  бұрышы,  залы,  бөлмесі  не  музейі  ұйымдастырылатын  болады.  Қазіргі 

талап оқушыға білім беруде мақсатқа түпкі нәтижеге жету, оқушының іс-әрекеті арқылы ойлау, 

таным  белсенділігін  арттыра  отырып  тәрбиелеу,  дамыту  десек  осы  талаптарды  іске  асыруда 

аймақтық  компонентті  қолдану  оқыту  сапасының  артуына  ықпал  етеді.  [3]  А.Байтұрсынұлы 

«Біздің  заманымыз—өткен  заманның  баласы,  келер  заманның  атасы»  деген  екен.  Тарих 

сабағында  жергілікті  материалдарды  тиімді  пайдалану  жас  ұрпақтың  бойындағы  туған  елге, 

жерге  деген  сүйіспеншілікті,  патриоттық  сезімді  арттыруға  жағдай  жасайды.  Сондықтан  да 

мектеп тарихшылары туған өлке тарихын зерттеуге шәкірттерін белсене қатыстыра отырып, 

тәуелсіз еліміздің өлкетану жұмыстарын өрістетуде. Өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін 

мұғалім  оқу  жоспарына  сай  зерттеу  объектісін,  жұмыс  түрі  мен  әдістерін  тандап,  оған  үнемі 

басшылык  жасайды.  Өлкетану  ғылыми  ізденімпаздыққа  бастайтын,  нақты  жол.  Іздену,  оқып 

үйрену барысында оқушылар белсенділік танытумен қатар бүтіндей оқу материалын меңгереді, 

білімдерін, танымдық іс-әрекеттерін күнделікті өмірде пайдаланумен қатар болашақта қажетіне 

жаратады. Қорыта келгенде өлке тарихы туралы материалдар тарих мұғаліміне сабақ құндылығы 

мен нақты деректер, цифрлар, көрнекіліктер түрінде көмекші құрал бола алады. Оқыту үрдісінде 

өлкетануды 2 жағдайда пайдалану қажет: оқытуда - өлкетану материалының мәні мен мазмұнын 

оқу бағдарламасына сәйкестендіру және бағдарламадан тыс - (мектепішілік тәрбие жоспарының 

мазмұнымен үйлестіру). Жан-жақты зерттелген өлкетану материалдары музей қорын толықтырса 

келесі  сатыда  әрбір  оқушының  қоғам  өміріне  араласа  алатындай  дағдысына  да  жетекші  бола 

алады,  өйткені  жұмыс  ұжымдық  түрде  атқарылады,  ортақ  қызығатын  істердің  пайдалылығы, 

өз ісінің біреуге қажеттігін сезіне алатын жауапкершілік қалыптасады.  Ұлтымыздың баға жетпес 

қазынасы - жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде өлкетанудың тәлім-тәрбиелік, білім-

танымдық рөлі зор.  

  Өлкетану жүмыстарының ұйымдастырулы мен оқылу формасын екі категорияға бөлу қажет:1 

-сабақ барысында , 2-ші сабақтан тыс.Өлкетану - өткенін мақтаныш ету еліміздің әрбір аймағының, 

ауданы,  тіпті  қала,  ауылының  тарихын  насихаттау.  Президент  Жолдауында  айтылғандай  өлке 

тарихын жасау, қазіргі және келер ұрпақтың оны жақсы білетіндей білім берілуі-кезек күттірмейтін 

міндет. Халқымыздың көптеген біртуар азаматтарының тарихтан өздерінің лайықты орындарын 

алуы, тарихи әдеби еңбектердің жарыққа шығуы мектептерде тарих пәнінің оқытылуын, тарихи 

өлкетану  жұмыстарын  жақсарта  түсті.Бұған  бірқатар  мектептердің  “Туған  өлке  тарихы  ”атты 

бағдарламалар мен шағын оқу құралдарын шығарғаны, мерзімді педагогикалық басылымдарда 

жарияланған ғылыми -әдістемелік, тәжірибе алмасу мақалалары куә. Жамбыл облысы әкімдігі білім 

басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №3 



255

хаттамасының шешімімен ұсынылған жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына 

арналған «Туған өлке тарихы» курсының оқу бағдарламасы білім алушылардың туған өлкенің 

қалыптасуы  мен  дамуын  кешенді  сипаттайтын  тарихи,  археологиялық,мәдени  білімдерін 

қалыптастыруға  бағытталған.  Курстың  мақсаты  –  оқушылардың  туған  өлкенің  қалыптасуы 

мен  дамуын  кешенді  сипаттайтын  тарихи,  археологиялық,  мәдени  білімдерін  қалыптастыру, 

тарихи  ескерткіштері  мен  мәдени  нысандары  туралы  дерекнамалық  мәліметтерді  жинақтау. 

2018-2019 оқу жылынан бастап негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған 

«Өлкетану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы енгізілді. «Өлкетану» – 

«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді емес мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»), 

«География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу курсы 

және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді. Курстың мақсаты – туған 

өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи 

және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, 

қоршаған  табиғи  ортаны  аялауға  тәрбиелеу  болып  табылады.  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, 

жалпы,  бағдарламаның  мәні  неде?  Бірінші,  бұл  білім  беру  саласында  ауқымды  өлкетану 

жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән 

беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді 

көздейді» - дей келіп ұстаздар қауымына үлкен міндеттер артты.[1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет