Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет546/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   674
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ 

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ МЕН ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ КІРІКТІРІЛУІ

А.К. Бахтыбаева 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы «Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі» 

КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі baktybaeva.77kz@mail.ru

XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы басты ағымдардың бірі – автономиялық басқару 

жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік тіл саясаты екені туралы Алаш 

қайраткерлеріміз  қадап айтып кеткен болатын.  Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі 

Халел  Досмұхамедұлы  тіл  туралы:  «Біздің  тәжірибемізде  қазақ  тілі  –  бай  тіл.  Тек  сөздерін 

ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген құнды пікірін алға 

тартқан. [1,44-б] Алаш және ағылшын жұртының өнегесінен сабақ алсақ, тіл саясаты қазірде, 

келешекте де еліміздің басты стратегиялық мұраттарының бірі болуы керектігі шүбәсіз. 

Қазіргі  білім  жүйесінде  шет  тілін  үйрену  басты  мәселелердің  бірі  болмақ,  соның  ішінде 

ағылшын  тілін  үйренуге  көп  көңіл  бөлінуде,себебі,  ағылшын  тілі  бұл  әлемге  кең  тараған 

«коммуникация  тілі»  деп  есептеледі.  Қазіргі  жаңартылған  бағдарлама    әлемдегі  қытай  және 

испан тілдерінен кейін орын алатын ағылшын тілін үйретуде мүғалімнің шеберлігі мен біліктілігін 

талап етеді. Жаңартылған бағдарлама талаптарының бірі – тиімді де ұтымды әдіс-тәсілдерді 

пайдалану. Заманауи технологиялар өте көп, бірақ та өз еліміздің менталитеті мен ой өрісіне 

сай  әдістерді  ыңғайлы  етіп,  жаңартылған  бағдарламамен  кіріктіре  берсе,  ұлттық  тәрбие  мен 

оқыту  қатар жүреді.   

 Бүгінгі таңда білім беру беру жүйесіндегі жаңа реформалар оқытуды түбегейлі жаңартуды 

көздейді. Ондағы басты мақсат 



– ұлттық білім беру жүйесін құру. Сонымен қатар, сапалы білімге 

және адами капиталдың дамуына қол жеткізу. 

«Сатылай  кешенді  оқыту»  қазақтың  төл  технологиясы  деп  есептеледі,  себебі  «Сатылай 

кешенді оқыту» технологиясының ең маңызды тұсы Жүсіпбек Аймауытовша айтқанда, «Пәндерді 

бөлшектеп оқыту – баланың жан дүниесіне қарсы. Бала нәрсені тұтас түрінде, іске пайдалы 

жағынан  қарап,  ұғады,  бөлшегін,  тарауын,  қимылын  елемейді.  Кешен  тұтас,  түйдек  түрде 

ұқтырады, баланың жан дүниесіне тура» дейтін қағидат тұрғысынан оқытуға бағытталуында» 

[2,7-б].  Бұл жерде баланың танымның дамуы, психологиясы бәрі-бәрі ескерілген, сол себепті 

де «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын баланың меңгеруі нәтижелі.

Бұл технология елімізде ХХ ғасырдың Алаш арыстарымен қозғалып, соның ішінде Жүсіпбек 

Аймауытовтың  ұлттық  тәлім-тәрбие  тақырыбына  арналған  “Комплекспен  оқыту  жолдары” 

еңбегінде  айтылып  өтіп,    ХХ  ғасырдың  аяғында  тәжірибеге  ене  бастады.  «Сатылай  кешенді 

оқыту» технологиясының авторы Н.А. Оразахынова «Бұл технология – тек қана білімді белгілі 

бір  көлемде  беріп,  қажетті  шеберлік  пен  дағдыны  меңгертумен  ғана  шектелмейтін,  сонымен 

қатар, баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа 

танымдық-психологиялық  қасиеттерінің  жақсы  үйлесімді  дамуына  бағытталған,  қазақ  тілінде 

ойлайтын, өз тілінде дітін орындата алатын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға 

қалыптастыратын оқытудың түрі» деп Алаш зиялыларынң сөздерін нақтылайды [3, 9-б]. 

Елбасымыздың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ 

елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған 89-қадамда 

«Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге  асырумен қатар мектептік білім берудің 

қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу деп көзделген. [4, 3-б]  

Төл технологиямыздың кез келген пәнде қолданысқа ие болуына осы қадам арқау болып отыр.

Төл технология өзіндік мазмұн мен шығу жолдарына ие. Бұлай деудің себебі, кешенді түрде 

оқытуда өзіндік ерекшеліктері бар.  Яғни, оқыту мен тәрбие бірдей жүріп, ұлттық құндылыққа 

аса зор мән беріледі; оқушылар білімдерін өздігімен саралай отырып, өз денгейлерін табуда 

еркін  болады;  барлық  оқушылар  табысты  білім  алып,  білімнің  базалық  денгейінің  барлық 

оқушыларға  міндетті  болуы;  оқушылардың  білім-білік,  дағдысына  басым  бағыт  беріліп,  оқу-

танымдылық белсенділігін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ғылыми 

ізденіске жетелеу болып табылады. Нәтижеге жетуде мұғалімдер тарапынан білімнің жүйелі, 

бірізді етіліп берілуі – басты қағида. Кез келген тақырып жеңілден күрделіліге «спиральді» жүйе 

арқылы беріліп отырылады. Қазіргі таңдағы білім беру мазмұнының жаңартылып беруі де осы 

жүйені көздейді.



776

 

Ағылшын  тілін  үйретудің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Ағылшын  тілін  оқуда  оқушылар 



тіл  бірліктерін  тұтастай  менгерумен  қатар,  тіл  үйреніп  жатқан  елдің  мәдениетін,  тарихын, 

географиясын,  салт-дәстүрін  тағы  басқа  да  аспектілерін    қоса  менгеруі  тиіс.  Жаңартылған 

бағдарламамен  берілген  аталмыш  пән  оқушылардың  білім-білік,  дағдыларын  қалыптастыра 

отырып, функционалдық сауаттылығын дамытуды да көздеген, яғни  тіршілікте  дұрыс, сауатты  

коммунакация жасай алуы тиіс.

 Осы мәжеге жетуде өз тәжірибемде жаңартылған бағдарламамен сатылай кешенді оқытуды 

үйлестіре сабақ беріп келемін. Қазақ технологиясының әр  денгейі (10 деңгей) осы жаңартылған 

бағдарламада  көрініс  тауып,  Блум  таксономиясының  деңгейлеріне  сәйкес  және  төмендегі 

кіріктіріліген қағидаттарға негізделеді. 

Біріншіден,  оқушылардың  сараланып  білім  алуы,    яғни  базалық  білімнің  қалыптасуы 

теорияның жазылым, айтылым, оқылым және тыңдалым арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің 

мақсатқа  сай  дағдыларды  жетілдіруде  сабақты  жоспарлауында  оқушылардың  қабілетіне  сай 

саралау түрлерін қолдануы ескеруі керек. Осы орайда, ағылшын тілі пәні бойынша американдық 

тәлімгер, ағартушы М.Гершонның 2013 жылы жарық көрген «Саралаудың 80 түрі» атты кітабы 

кеңінен қолданылуы мүмкін [5].

Екіншіден,  оқушы  қызметінің  ескерілуі,  яғни  оқушылар  жеке,  жұпта,  топта  жұмыс  жасай 

отырып, дилог арқылы әріптестік қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беріледі. Оқушылар жұпта 

жұмыс жасап, өзара сұрақ-жауап жүргізеді, сұрақтар ашық, жетекші сұрақтар болуы қажет. Алаш 

азаматтарының  ескерген  диалог  түріндегі  қарым-қатынас  туралы  пікірлері  Еуропалық  ғалым 

Дж. Мерсердің еңбектерінде жіті зерттелген. Осы тұста сабақта зерттеушілік әнгіме түрі сатылай 

талдау  түрлерін  диалог  арқылы  талдаумен  үйлесе  алады.  Бұл  да  төл  технологиямызбен 

жаңартылған бағдарламаның ұштасып, үйлесуінің бір көрінісі деуге әбден мүмкін.

Үшіншіден,  мұғалім теорияны менгертуде, жетілдіруде шеберлікпен түрлі сын тұрғысынан 

ойлау техникалары мен стратегиялардан  және сандық ресурстардан тиімді пайдалана алуы 

тиіс. Сатылай кешенді арқылы талдау түрлерін СТО техникасы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік 

береді. 


Төртіншіден, қалыптастырушы мен критериалды бағалау түрлерінің жүзеге асырылуы, яғни 

қалыптастырушы бағалауда өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау және критериалды бағалауда 

тапсырма  денгейіне  сай  уакытқа  талдау  түрлері  қолданылады.  Оқушылардың  жылдамдығы 

ескерілуі  қажет.  Осы  орайда  мұғалім  Нэтали  Рейжердің  «Қалыптастырушы  бағалау 

стратегияларының 60 түрі» атты кітабы мен М. Гершонның «Оқыту үшін бағалаудың түрлері» 

атты кітаптарынан кеңінен қолдануы мүмкін  [5]. 

Бесіншіден, оқушы білімін пысықтауда саты бойынша ашық тест түрлері мен оқушылардың 

креативтік жұмыстары, яғни оқушылардың алдынғы (тарау, тақырып бойынша) алған білімдерінің 

шыңдалуы, дамыған ой-өрістері мен шығармашылығы ескеріледі. Жаңартылған бағдарламаға 

сай жиынтық бағалау түрі соңғы сатыда көрініс табады.

Жоғарыдағы  қағидаттарды  жүзеге  асыруда  мұғалім  бағыттаушымен  қатар  оқушылардың 

әріптесі ролінде көрініс табады. Бұл жерде мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы секілді 

кері байланыс түрлері жүргізіліп отырылады. 

 

Сатылай кешенді оқытуда да пәнаралық байланыс технология мазмұнының бір аспектісі 



ретінде қарастырылады, мысалы, ағылшын тілімен қазақ, орыс тілдерін немесе ағылшын тілімен 

жаратылыстану пәндерін кіріктірілуі мүмкін. Ал, осы көрініс жаңартлған бағдарлама бойынша 

«CLIL»  (Content  and  Language  Integrated  Learning)  технологиясы  бойынша  жүзеге  асырылып 

жатыр [4]. Бұл да сатылай кешенді оқытудың жан-жақты мазмұнды екенін дәлелдейтін тұсы 

деп  есептеуге  болады.  Ағылшын  тілін  немесе  кез  келген  пәнді  сатылай  кешенді  оқытуда 

оқушы ғылыми сауатты тілде сөйлеу денгейіне жетеді. Кез келген жазбалық жұмыстарды (эссе, 

шығарма)  сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселеді. Бұл, әрине, 

жаңартылған бағдарламаның да алдына койған мақсаттарының бірі дей аламыз.  Қорыта айтар 

болсақ, еліміздің болашақ ұрпағын жаһандану үдерісіне сай, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге 

ұлттық  болмысымызды  сақтай,  Алаш  азаматтарымыздың  елеулі  еңбегін  ескере  солардың 

салған  білім  жолымен  нәрлендіріп,  ұлттық  тәрбиемізбен  сусындырсақ  адам  капиталының  

сапалы болуы әбден мүмкін.

 

  



777



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет