Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет469/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   674
Ключевые  слова:  Критериальное  оценивание,  дескрипторы,  принципы,  формирующее 

оценивание и суммативное (итоговая) оценка




687

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА МАТЕМАТИКАДАН 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

А.С. Танатова

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты, 

Павлодар қ. 

Ainagul_a_s@mail.ru

 

А.К. Ардабаева 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. 

Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғырту жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  ерекше  атап  өтсе,  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да басымды бағыттарды айтты [1]. 

Осы бағыттарды іске асыру үшін Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды 

дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды. 

Мұнда  әлемдік  үрдістер  аясында  орта  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  және  оның  барлық 

компоненттерін жүйелі өзгерту арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу міндеттері көзделген 

[2].  Бұл  міндеттерді  шешуде  қазіргі  уақытта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясындағы  орта  білім 

берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары  мен  оқу  бағдарламалары  «өмірлік  білім 

алу»  тұжырымдамасынан  «өмір  бойы  білім  алу»  тұжырымдамасына,  білімді  тыңдаудан 

ынталылыққа, білімнен құзыреттілікке ауысуына бағытталып отыр. 

Сонымен  қатар,  жаңартылған  мазмұндағы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттары мен оқу бағдарламалары:

- оқытудың күтілетін нәтижелері есебінде көрсетілген білім берудің мақсаттары жүйесіне қол 

жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жоғарылатуға;

-  білім  берудің  академиялық  және  практикалық  бағыттылығын  тиімді  ұштастыра  отырып, 

оқушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен функционалдық сауаттылығын дамытуға, 

зерттеушілік және жобалау жұмыстарын жүргізе білу дағдыларын қалыптастыруға;

-  оқушылардың  жас  ерекшелігі  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оқу  пәндері  мазмұнының 

тереңдігі  мен  күрделілігін  қамтамасыз  ететін  пәндік  білім  мен  дағдыларды  жүйелі  түрде 

толықтырып отыруға; 

- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ой-

лау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген  Блум  таксономиясы  бойынша  оқыту 

мақсаттарының иерерахиясын: оқушылардың «білуін», «түсінуін», «қолдануын», «талдауын», 

«жинақтауын», «бағалауын» жүзеге асыруға; 

-  ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу процесін технологияландыруға 

арналады [3]. 

Білім беру мазмұнын жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап 

айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім 

алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу 

дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. 

Пәндік  білімге  негізделген  математиканы  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  теорияны  оқытуға 

баса  назар  аударылып,  олардың  практикалық  қосымшаларын  қарастыру  төмен  деңгейде 

жүзеге  асырылуда.  Нәтижесінде,  оқушылар  алған  математикалық  білімін  өмірдегі  қалыпсыз 

жағдаяттарда тиімді қолдану мен пайдалану қабілеттерінің жеткіліксіз мөлшерде екенін байқауға 

болады. 

Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу процесінде озық іс-тәжірибелер, 

оқытудағы жаңа технологиялар мен тәсілдерді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды 

енгізудің тиімді жолдарын күшейту мен оқытуда әртүрлі сандық білім беру ресурстарын қолдануды 

кеңейту керек. Сонымен қатар, оқытылатын тақырыптардың қолданбалы бағытын қарастыру 

оқушының математикаға деген қызығушылығын дамытып қана қоймай, математиканы жалпы 

мәдени  құндылық  ретінде  таныстыруға,  қоршаған  әлемді  және  өзін-өзі  тану  құралы  болып 

табылатындығы түсініктерін қалыптастыруға септігін тигізеді [4].

Жалпы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  мен  дамытуда 

математикалық есептердің алатын орны зор. Математикалық есептер оқытудың негізгі құралы 




688

болып  қана  қоймай,  оқушының  логикалық  ойлауын  дамытады,  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттырады [5].  

Сондықтан  математика  сабағында  оқушыларды  әртүрлі  сипаттағы  есептерді  шығаруды 

үйретуге және олардың өз бетінше шығаруын ұйымдастыруға көп көңіл бөлуіміз керек. Әрбір 

құрастырылған  есептер  оқушының  ойлануына,  санасуына  ықпал  ететіндей  болу  керек  деп 

санаймын.  

Оқушыларды өмірлік іс-әрекеттерге дайындау, математикалық сауаттылығын арттыру үшін 

алған  білімді  шынайы  өмірмен  ұштастыруға  бағытталған  практикалық  есептерді  орындаған 

тиімді.  Мұндай  есептер  оқушылардың  логикалық,  кеңістіктік  ойлауын  дамытып  қана  қоймай, 

математикалық тілді қалыптастыруға – сауатты сөйлеуге, жазуға, білімді түсіну, қолдану, талдау, 

жинақтау, бағалау дағдыларын үйретуге септігін тигізеді [5].

Әр сабақ барысында өздерінің шығарған есептерінің шығарылу жолдарын өздеріне талдата 

отырып, әр оқушының көзқарастарын тыңдай отырып, ортақ бір шешімге келуге дағдылануға 

үйретіп келемін. 

5 сынып оқушысының бастауыш сыныптан негізгі орта білім беру деңгейіне қалыптасуына 

көптеген еңбекті қажет етеді. Оқушылардың жас ерекшелігі, мінез құлықтарынан бастап көптеген 

кедергілер болады. Сондықтан, әр сабақты қызықты етіп, ертеңгі сабағына асыға келуіне ықпал 

ететіндей етіп сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ол үшін сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдерді 

қолдана отырып, оқушылардың ой – өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын 

арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге  үйрету керек.

Математика сабағында пайдалануға болатын тәжірибеге бағытталған есептердің қатарын 

мысал ретінде ұсынамыз. 

Ол  үшін  5  сыныптың  математика  пәнінің  оқу  жоспарына  сүйене  отырып,  5.4D  Кеңістік 

фигураларының жазбалары бөліміне тоқталайық: 

Тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы 

Оқу мақсаттары: 

5.3.1.8 тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінігі болу; 

5.5.2.9  жазық  фигуралардың  және  кеңістіктегі  геометриялық  фигуралардың  жазбаларын 

салу (текше және тік бұрышты параллелепипед). 

Білім алушы (бөлім бойынша):

–  жазық  фигураларды  (тіктөртбұрыш  және  шаршы)  және  кеңістіктегі  геометриялық 

фигуралардың жазбасын (текше және тікбұрышты параллелепипед) салады; 

– көлемдер мен аудандарды табуға есептер шығарады; 

– фигураларды кесу және құрастыру есептерін шығарады. 

Сонымен  осы  бөлім  бойынша  оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  арттыруға 

септігін тигізетін бірқатар мысалдар қарастырсақ:

1-есеп. Рүстем кітаптарды тік бұрышты қораптарға жинады (1-сурет). Барлық кітаптардың 

өлшемі бірдей. Қорапты түгелімен толтыру үшін қорапқа ең көп дегенде қанша кітап сала алады?

         

1-сурет – Өлшемдері көрсетілген кітап пен қорапша

Дискриптор

– Қораптың (тікбұрышты параллелепипедтің) көлемін табады (1 балл) 

– Кітаптың (тікбұрышты параллелепипедтің) көлемін табады (1 балл)

– Қорапқа қанша кітап сыятынын анықтайды (1 балл)

– Жауабын жазады (1 балл) 

2-есеп. 2-суреттегідей кітап сөрелерінің бір жиынтығын жасау үшін ағаш шеберіне келесі 



689

бөлшектер қажет: 4 ұзын ағаш тақтай, 6 қысқа ағаш тақтай, 12 кішкентай қапсырма, 2 үлкен 

қапсырма және 14 бұрандалы шеге. 

2-сурет – Кітап сөресінің пішіні

Егер ағаш шеберінде 26 ұзын ағаш тақтай, 33 қысқа ағаш тақтай, 200 кішкентай қапсырма, 

20 үлкен қапсырма және 510 бұрандалы шеге бар болса, онда аталған бөлшектерден шебер ең 

көп дегенде неше кітап сөресін жасай алады? 

Сонымен қойылған мақсаттарға жету үшін өз сабағымда мынадай міндеттерді орындауға 

тырысамын: 

1. Оқушының алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білу.

2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

3. Кез келген жағдайаттың шешімін таба білуге үйрету.

4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Бұл  міндеттер  сабақ  барысында  жүзеге  асады.  Сондықтан  күнделікті  сабақта  берілетін 

тапсырмаларға аса мән беруіміз керек. Мұндай тапсырмаларды оқушылар топта, жұпта талдай 

отырып жүзеге асыратын болса, тез түсініп алуына, ортақ шешімге келе білуіне, өзіне деген 

сенімнің артуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет