Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет380/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   674
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Ж.Т. Қашқынбаева 

Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектеп

Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, sh.ksultanbekov@mail.ru

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  байланысты  бағытталған 

білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 

ақпараттандыру,халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»,-  деп,  білім  беру 

жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1,23]. 

Елбасының жолдауында: «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы 

білім  беру  үрдістерін,  ақпараттық  технологияларды  жаппай  енгізу,  бұл  кезеңде  назарды 

оқушылардың  біліктілігін  арттыруына  аудару  қажет»  дегеніндей,  біз  инновациялық  оқытуды 

тәжірибемізге  енгізіп,  ойлау  қабілеті  дамыған,  өз  бетінше  шешім  қабылдай  білетін  білімді 

ұрпақты тәрбиелейміз» делінген.

Оқушылардың  білім  сапасын  арттыру  үшін  жаңа  сабақты  бекіту,қорытындылау  кезінде 

дидактикалық  материалдарды  пайдаланып,  жаттығулар  орындатып  отыру  және  қосымша 

әдебиеттердегі материалдарды оқушыға тиімді пайдалануға ықпал ету керек. Оқушының білім 

сапасын  арттырудың  бірден-бір  жолы  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  өздігімен 

жұмыс жасау қабілетін арттыру қажет.Жаңа технологияларды сабақтарда пайдалану дегеніміз, 

ең тиімді әдістерді қолдану арқылы аз уақыт ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізу. 

Инновациялық технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен 

ізденісті, сауаттылықты қажет етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты 

– оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңестігіне қол жеткізу, инновациялық 

білім негіздерін терең меңгерту. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні – оқушы өзінің 

мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білуге баулу. Жаңартылған білім берудің 

басты  міндеті  әр-түрлі  әдіс-тәсілдерді,  инновациялық  технологияларды  қолдана  отырып 

оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын арттыру

«Білім негізі бастауышта» десек, оқушыларға жан-жақты, терең білім беруді,ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына баулу, ақпараттық технологияларды қолдану ерте жастан бастап оқушылардың 

бойындағы қабілет көзінің ашылып, дарынды, интеллектісі жоғары жеке тұлға қалыптасуына 

ықпал ету.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың 

оқуға  деген  ынтасын  оятады.  Бұл  жаңа  технологиялар  шығармашылық  қабілеттің  дамуына 

жағдай  туғызады.  Әр  мұғалім  қазіргі  жаһандану  саясатына  сәйкес  жаңа  технологияны  өз 

ыңғайына,  пәніне  лайықтап  пайдалануға  тиіс.  Сабақты  тартымды  өткізу  және  білім  сапасын 

арттыру  үшін  әр  сабақты  түрлендіріп  отыруы  шарт.  Ол  үшін  тек  бір  технологиямен  шектеліп 

қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. [3,27]. 

Сабақта инновациялық технологияларды пайдаланудағы басты мақсат - оқушыны өз бетімен 

ізденуге үйрету, олардың танымдылық пен шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. 

Білім  сапасын  арттыруда  инновациялық  технологиялардың  көптеген  түрлерін  пайдалана 

отырып сабақ өткізуге болады. Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың 

кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте 

зор.


Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді 

немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық 

процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, 

белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, 

оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. [5,3-5].

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде 

пайдалану  –  оқушыны  шығармашылыққа  төселдіруге  ықпалы  өте  зор.  Заман  талабына  сай 

әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 




554

кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби 

шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін-өзі дамыта алатын, өзін-

өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады. Бәсекеге 

қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе 

– жеке тұлғаның қабілетін ашу. 

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы олардың бойынан:

адамгершілікті, ізгілікті, дүниетанымды;



белсенділікті, қабілетті тұлғаны;

жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.



Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болуы керек.

Дарынды  ұстаз  К.Д.Ушинский:  «Қызығушылығын  туғызбайтын  оқу  бірте-бірте  оқушының 

білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш-

жігерін  тәрбиелемесе  мәнін  жояды»  деген  екен.  Олай  болса  мұғалім  өз  сабағының  жоғарғы 

мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді. 

Бастауыш сыныптағы оқыту процесі салалы және дамыту сипатында болуы қажет. Ал бастауыш 

сынып  оқушыларының  қабылдау  мүмкіндіктері  түрліше.  Сондықтан  олардың  жас  және  жеке 

ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан түрлі тәсілі қолданылады. Қазіргі таңда 

оқытудың, білім берудің инновациялық технологиялары өте көп. Оқытудың тиімділігін арттыру 

үшін  өз  сабақтарымда  жаңа  технологияларды  қолданамын.  Сондықтан  мен  өзім  жетекшілік 

ететін сыныбымда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушыларымның 

сабаққа қызығушылығын арттыруыма, білім сапасының артуына елеулі үлес қосты дей аламын. 

Оған бірнеше мысалдар келтіре кетейін. Сабақты бастамас бұрын сол сабаққа баланың ойын, 

көңілін,пейілін бұрып алу керек. Сондықтан қызығушылықты ояту үшін мен ойын элементтерін 

пайдаланамын. Мысалы: математика сабағында «Кім жылдам?» ойыны арқылы үйге берілген 

немесе өткен сабақтарда өткен білімдерін пысықтауды мақсат ете отырып, ойын барысында 

оқушының  ынтасын  арттырамын.  Мұндайда  сабаққа  белсене  қатысып  жауап  беріп  жатқан 

жанындағы балаларға қарап, сыныптағы момын, көп сөйлей қоймайтын баланың өзі ынталанып, 

пәнге  қызығушылығы  оянады.  Әдебиеттік  оқу  сабағында  әр-түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдану 

арқылы оқушылардың мен білмейтін қырларын танып білдім. Кей бала жеке жұмыс жасағанды 

ұнатса, ал біреулеріне топпен бірігіп, басқа топтармен бәсекеге түсіп жұмыс жасаған ұнайды 

екен. 


Кейде қызығушылықтарын арттыруда сыныпты топқа бөліп жіберемін де бір-біріне сабақтас 

үш  тақырып  беремін.  Мысалы:  әдебиеттік  оқу  сабағында  «Сауысқан  мен  Көкек»  тақырыбын 

өтпес  бұрын  «Ой  шақыру»  стратегиясын  пайдаланып,  бірінші,  екінші  топқа  жұмбақ  (жауабы: 

сауысқан мен көкек) үшінші топқа ребус шештірдім. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын 

анықтатып, яғни , бұрынғы «Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деген дайын дүниені 

айтып беруден алыстадым.

Тақырыппен  танысқан  соң  оның  мағынасын  ашу  қажеттілігі  туындайды.  Мұнда  «Венн 

диаграммасын»  қолдандым.  Біріншіден  мұнда  сабақ  аралық  байланысты  қалыптастырдым, 

бұларға ортақ қасиет құс екенін анықтаттым.

Енді «Ой ұштау» стратегиясы арқылы өздері білетін «Сауысқан мен Көкектің» ерекшеліктері 

туралы  айтты.  Мағынаны  ашу  барысында  баланы  жалықтырып  алмау  үшін  әрі  танымдық 

дағдыларын байыту мақсатында мен «Сауысқан мен Көкек» жайлы оқулықтан тыс ақпараттарды 

айтып өтемін.

 «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы тақырыптағы негізі идея не?,егер сен кейіпкердің 

бірі болсаң, не істер едің?, автордың негізгі ойы не?немесе қандай? деген мәселелерді шештік.

«Рөлге  бөліп  оқыту»  және  «сахналау»  стратегиясы  арқылы  оқушылардың  өздерін  еркін 

сезінуіне жағдай жасай отырып, шығармашылық дағдысын шыңдай түсуге мүмкіндік туындаттым.

«Топтастыру» стратегиясы арқылы сауысқан мен көкекке мінездеме беруге және сол арқылы 

автор адамдардың қандай қылығын сынағанын саралаттым.

«Ситуациялық  жағдайды  анықтау  »  стратегиясы  арқылы  оқушылардың  ойын 

дамыттым,кейіпкердің орнында өзі болса қандай күйде болар едің? деген сұрақтар барысында 

өтілген тақырып туралы ой толғаныс жасаттым. Автор ойымен өз ойын сабақтастыра білуге, 

дұрыс сөйлей білуге,өз ойын дұрыс жеткізе біуге бағыттадым,машықтандырдым яғни күрделі 

ойлау өнерін меңгерді. Тақырыпты қорытқанда «БҮҮ»стратегиясын қолдандым.

Кестенің «білемін, мен үйрендім» бөлімін сыныпта толтырсақ, үйренгім келеді білгім келеді 



555

бөліміне үйден ғаламтордан немесе қосымша ақпарат құралдарынан сауысқан мен көкек жайлы 

ақпараттар ізденуді тапсырдым.келер сабақта олар сауысқан мен көкек жайлы ақпарат, құстар 

туралы мақал мәтел, ауа райын болжау жайлы мағлұматтар жинақтап,өздерінше ізденді.

Шығармашық  дағдыларын  жетілдіру  арқылы  тақырыптағы  сауысқан  мен  көкекті  көзіне 

елестетіп  сурет  салдырдым.  Ізденімпаздық  –шығармашылыққа  апаратын  бірден-бір  жол.

Шығармашылық  тұлға  қалыптастыру  үшін  ,оқушының  өзін-өзі  тануына  өзіндік  «Менін» 

қалыптастыруға,  сол  «Меннен»  шығармашылық  тұлғаға  жетуіне  ықпал  жасау  әр  мұғалімнің 

міндеті. Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге 

негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен білім сапасын барынша арттыра түспек. 

Сабақ барысында оқушылар мынадай нәтижеге қол жеткізді.

 

Жауапкершілігі 



артады 

Өздігінен ізденеді 

Танымдық іс-әрекеті 

артады 


Практикалық іс-

әрекетте болады 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет