Сборник материалов V международной научно-практической конференции


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет442/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ

А.Б. Нысанбаева

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, 

aygul_nyss@mail.ru

Бүгінгі  таңда  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  өте  маңызды  өзгерістердің  сатысында  тұр. 

Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер 

формуласын  ұсынған  үлгі  және  оқу-тәрбиелік  үрдісті  жан-жақты  жаңа  әдіс-тәсілдермен 

ұштастыру болып табылады.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  Жолдауында  белгіленген  «орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді 

Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, 

орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс 

пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.[1, 10 б.]

Жаңа  заман  талабы  білікті  азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің  білім стандартына 

бәсеке  бола  алатын  маман  даярлап  шығаруды  талап  етуде,  сондықтан  елімізде  шет  тілін 

меңгеру  жоғары  деңгейде  қарқындап  отыр.  Ендеше,  Елбасының  қолға  алған  алғашқы 

саясатының  бірі    үштұғырлы  тіл  мәселесіне  орай  ағылшын  тілінің  даму  аясы  ерекше  көрініс 

тапты. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің, ұлттың 

бәсекеге  қабылеттілігін  шыңдай  түседі.    Ағылшын  тілін  меңгеру  –  уақыт  талабы.  Елбасы  өз 

сөзінде  «Ағылшын тілі –ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге 

шығаратын тіл» – деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз 

әлеуметтік –экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған 

ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті.  Жылдан –жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар 

саны  көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды. Осыған  орай 

Елбасымыз «Жаңа әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне 

көп көңіл бөлген, ашып айтсақ «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі 

керек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт. Көптілділік біз үшін қалыпты 

жағдайға айналуы керек. Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын, жоғары білімді ел 

ретінде танылуы тиіс» -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, 

ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, oрыс тілі – ұлтаралық тіл, aғылшын тілі- жаһандық экономикаға 

ойдағыдай кірігу тілі боып танылып отыр.

Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы 

білім, саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін. Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам 

қызық және оңай болып көрінеді, өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық  жүйеден құрылады 

бірақ,  сол  дыбыстық  жүйені  игеру  дұрыс  сөйлеудің  алғышарты  болып  табылады.  Әр  пәннің 

өз қиындығы бар, ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық 

аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес. 

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың 

тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен 

ынтасына байланысты. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс 

жасауға  итермелейді.  Сабақ  үстінде  оқушы  тарапынан  әртүрлі  сұрақтар  туындауы  мүмкін, 

осы жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі тиіс. Бағдарламаның 7 модульінің мәнмәтіні 

негізінде  «Сабақ  беру  мен  оқытудағы  жаңа  тәсілдерді  қолдануда  «диалогтік  оқыту»  тәсілін 

әдістемелік  тақырыбым  ретінде  басшылыққа  алдым.  Себебі,  шетел  тілін  оқытудың  басты 

мақсаты – оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын 

арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне де үлес қосатындығын атап көрсетеді [2]. 

Ғалымдардың  айтуынша,  дұрыс  бағытта  орындалған  диалогтік  жұмыстың  кез-келген  түрі 

оқушының сабақ барысындағы әрекетіне және оның сыныптағы оңды өзгерісіне едәуір ықпал 

етеді. 

Диалогтік  оқытудың  сабақ  үдерісіндегі,  оқушыларды  дамытудағы  мәні  аса  жоғары. 

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.



649

Сондықтан,  оқушының  білім  деңгейін  дамытуға  әлеуметтік  қолдау  көрсетуде  мұғалімнің  рөлі 

ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары 

мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ 

[3]. Ол – мұғалім үшін үлкен жетістік пен шығармашылықтың кілті іспеттес. Әсіресе, шет тілі 

болып  саналатын  ағылшын  тілінің  сабағында  диалогтің  түрлерін  жақсы  деңгейде  қолдана 

білу мұғалімнің кәсіби құзыреті  мен шеберлігін көрсетеді. Оқу үдерісінде, диалогтік оқытуды 

дұрыс қолдану – кез келген мұғалім үшін оқушылар арасында оқу бәсекесін тудыратын, оларды 

өз тәжірибесінің негізінде дамытатын   құрал. Ал, білім сапасы үшін диалогтік оқыту – тиімді 

оқытуға бағытталған жұмыстардың алғашқы қадамы.  

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып 

табылады және әңгімелесудің үш түрі бар [4]. Әңгіме-дебат, Топтық әңгіме, Зерттеушілік әңгіме. 

C

абақтың өтілу барысы үш бөлімнен тұруы қажет. Олар: біріншіден, мұғалімнің оқушыларға 



оқытып отырған материалының маңыздылығын ұғындыра білуі; екіншіден, сабақ барысындағы 

жаттығулардың сабаққа қойылған мақсат пен міндеттерге сай болуы; ал үшіншіден, түсіндірілген 

сабақты  оқушылардың  түсінуі  және  оны  өздерінің  тілімен  бір-біріне  жеткізе  білуі.  Міне,  осы 

үшінші міндеттің іске асуына едәуір дәрежеде ықпал етуші диалогтік оқыту болып табылады. 

Осы  кезекте  диалогтік  оқытудың  формалары  жайлы  айта  кеткім  келеді.  Сыныпта  көрініс 

табатын диалогтің үш формасы бар. Олар, мұғалім – сынып, мұғалім – оқушы, және оқушы – 

оқушы. Қарап тұрсақ, әрбір сабақ мұғалім мен сыныптың арасындағы диалогпен басталады. 

Диалогтің  бұл  түрін  ең  қарапайым  сабақтың  өзінен  кездестіруге  болады.  Бұл  кезеңнен  соң 

диалогтің екінші формасы көрініс табады. Яғни, мұғалім әр оқушының өтілген сабақты қалай 

қабылдағанын тексеру барысында әрбір оқушымен жекелей әңгіме құра бастайды. Ал диалогтің 

ең жетілген алайда көптеген білім ордаларында өте сирек кездесетін түрі сыныптағы оқушы 

мен  оқушының  арасындағы  диалог.  Диалогтің  бұл  формасының  сирек  қолданылуын  көбіне 

мұғалімдер сабаққа берілген уақыттың тығыздығымен, уақыттың жетіспеуімен байланыстырып 

жатады. Алайда өз сабақтарында диалогтік оқытуды жиі қолданатын мұғалімдердің сатылай 

отырып бір күні «оқушы – оқушы» формасына жететіні анық. Сыныптағы кез-келген оқушы үшін, 

баланың  тілімен  қарапайым  тілде  түсіндірілген  сабақтың  маңызы  зор,  өйткені  бала  күрделі 

терминдермен сөйлейтін мұғалімге қарағанда өзімен қатарлас құрбысының немесе досының 

түсіндірген әңгімесін көбірек қызығушылықпен тыңдайды. 

Қазақстан  халқының  лингвистикалық  капиталын  дамыту  мақсаты  мемлекеттік  тілге  қоса 

еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын 

мекендейтін  халықтардың  тілдерін  дамыту  міндеттелген.  «Өзге  тілдің  бәрін  біл,  Өз  тіліңді 

құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі 

жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, 

ағылшын тілі әлемге есік ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет