Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет557/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   674
.  2018  жыл;    2-кезең.  2019  жыл;

 

3-кезең



2020 жыл.

 

Бірінші кезеңде ұйымдастыру бағыттары бойынша жалпы орта білім беру 



ұйымдарын  басқаруда  мектеп  басшыларының  қажетіліктері  айқындалып,  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ 

филиалы  «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», 

Алматы,  Талдықорған  қалаларындағы    «НЗМ»  ДББҰ  педагогикалық  шеберлік  орталықтары, 

Талдықорған  қаласындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебі  мен  жетекші  мектептер  арасында 

серіктестік қызметтік жоспар құрылды.

 

Облыста Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары  басшыларының біліктіліктерін 



арттыру бағдарламасы бойынша 586 мектеп директоры  курстан өтсе, 88 шағын жинақты мектеп 

директоры біліктілігін арттыруда. Бұл жалпы 88,5%-ды құрайды.  Аталған бағдарлама бойынша 

сертификатталған  басшылардың  желілік  қоғамдастық  жұмысы  жандандырылуда.

 

Мектеп 




790

қоғамдастығы аясында мектеп директорларын оқыту олардың өз мектептерінде балаларды ХХІ 

ғасырда өмір сүруге тиімді дайындауын қамтамасыз етеді [2]

.. Жаңартылған білім беру мазмұны 

аясында бағдарламаны іске асыруда педагогтардың  тәжірибесіне өзгеріс енгізіп, ұжымда кәсіби 

білім алуына  және олардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуына тікелей мектеп басшысы 

ықпал етеді. 

Мектеп  басшыларына  көшбасшылық  пен  басқару,  стратегиялық  жоспарлау  бойынша 

кәсіби  қолдау  мақсатында  6  аймақта  тәжірибе  алаңы  ұйымдастырылып,    «Инновациялық 

менеджмент  -  білім  беру  мазмұнын  жүйелі  жаңарту  аясында    басқару  сапасын  арттырудың 

негізі»  тақырыбында  семинар-практикум,    «Білім  беру  мазмұнын  жүйелі  жаңарту  аясында  

стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық пен басқару» атты тәжірибе алмасу семинары, «Білім 

мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті   жетілдірудегі  мектеп басшысының 

рөлі» аймақтық семинар өтті. Аталған щаралар  жаңартылған білім беру жағдайында мектеп 

басқаруда  мектеп  басшыларына  кәсіби  қолдау  көрсету  үшін  «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту 

аясында  заманауи  мектепті  басқарудағы  инновациялық  қадам»  тақырыбында  облыстық 

директорлар  Форумына  ұласты.    Форум  жұмысына    «Өрлеу»  «Біліктілікті  арттыру  Ұлттық 

Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  институты,  Алматы  қаласындағы  «Назарбаев  Зиякерлік  мектептері» 

ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  филиалының,  Талдықорған  қаласындағы  физика-

математикалық  бағыттағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  өкілдері,  облыстағы  дарынды 

балаларға  арналған  мамандандырылған  лицей,  гимназиялар  мен  орта  мектеп  гимназия, 

лицейлері директорлары, жалпы орта білім беру ұйымдары, шағын жинақталған және жаңадан 

тағайындалған  мектеп  басшылары  қатысты.  Форум  жұмысының  нәтижесінде  қатысушылар 

жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында  инновациялық  басқаруда:  үздіксіз  кәсіби  даму 

мәдениетін жетілдіру, оқушылардың оқу нәтижесін арттыру үшін педагогтардың кәсіби өсуіне 

қолдау көрсету, ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында  «Серіктестік 

алаңы» акциясына тарту; бөлінген көшбасшылық идеясын жүзеге асыру, ынтымақтастық жұмыс 

ортасын  құру;  НЗМ-нің    «Шаңырақ»  әлеуметтік  жобасының  тәжірибесін  мектептерге  енгізуді 

жалғастыру;  шағын  жинақты  мектептерде  педагогтардың  кәсіби  шеберлігін  шыңдау,  сапалы 

орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз етуде [3] кәсіби қоғамдастықта жүйелі жұмыстар 

жүргізу қажеттігі туралы  нақты ұсыныстар қабылданды.

Жобаны іске асыруда мектеп басшысының кәсіби құзырлығын көрсетіп, шеберлігін шыңдауға 

мүмкіндік беретін «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» байқауы мен  инновациялық 

бағытта жұмыс істейтін мектептерді анықтау  мақсатында «Білім беру ұйымының  үздік  жоспары» 

сырттай байқау ұйымдастырылды. Облыстық кезеңде жүлделі орындарды иеленген  білім беру 

ұйымының оқу-тәрбие жоспарлары жинақталып, облыс көлемінде таратылды. Бұл «Оқу-тәрбие 

үрдісін жоспарлау-табысқа жетудің кепілі» жинағын жаңадан тағайындалған мектеп басшылары 

оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауда әдістемелік құрал ретінде пайдалануда.   

Әрине,  «Табысты  басшы»  жоба  аясында  атқарылған  шаралар  мектеп  басшыларына 

білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  мектепті  басқаруда  кездесетін  кедергілерді  шешу 

жолдарындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және   мектеп басшыларының 

құзыреттілігін жетілдіруге үлкен ықпалын тигізетіні анық. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет