Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет618/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  методическая  служба,  обновление  содержания  собразования, 

разноуровневый подход, педагогические инновации, формы методической работы, творческие 

группы.

Тірек сөздер: әдістемелік қызмет, жаңартылған білім мазмұны, әртүрлі деңгейлі тәсілдеме, 

педагогикалық инновациялар, әдістемелік жұмыс түрлері, шығармашылық топтар.



Key  words:  мethodical  service,  updating  the  content  of  education,  multi-level  approach, 

pedagogical innovations, forms of methodical work, creative groups.




853

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

К.Е. Кулмагамбетова

«Қарағанды қаласының №5



 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Қарағанды қаласы, kumis.kulmagambetova.79@mail.ru



«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» 

– деген екен Жүсіпбек Аймауытов

Бүгінгі жас ұрпақтың алдында әлемдік стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. 

Ұстаз шәкіртінің жеке дамуын қамтамасыз етуде үнемі ізденісте болу қажеттілігі айқын көрінеді. 

Оқу  орынды  бітіріп  шыққан  түлек  өзіне  сенімді,  білімді  өздігінен  алатын,  өз  елінің  патриоты 

болатын, коммуникабелді болуы тиіс. Сондықтан қоғам әрдайым мұғалімдерге жоғары талаптар 

қояды, сол талаптардың бірі – бүгінгі педагогтар қауымының алдында оқушының функционалдық 

сауаттылығын арттыру, рухани өсуіне жағдай жасау.

ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мұғалімге алдымен оқушының 

функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды 

болып отыр.

Білім  беру  саласы  қызметкерлері  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  –  оқытудың 

әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 

меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін пайдалана 

отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына  ықпалын тигізуде.

Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор  тәжірибені 

жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік 

қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.

Елбасының  тапсырмасы  бойынша  функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы 

бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында [2, 4б.]  анық көрсетілген.

Білім  беру  жүйесін  жаңартуға  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында [3, 7б.]  

ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды  қадап айтты. Ондағы басты мақсат 

жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани 

тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік 

бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Білім  беруді  жаңарту  оқушы  білімін  ғана  емес,  оларды  қолдану  дағдыларын,  атап  айтқанда 

функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  технологиясы–  бүгінгі  заманның 

талабы.  Болашақ  азамат  өз  ұлтының  асыл  мұрасын  сусындау  арқылы  туған  халқының  та-

рихымен,  мәдениетімен  жете  танысып,  білімін  кеңейтеді.  Қазақ  тілінің  грамматикасын  терең 

меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды 

сауаттылығын көрсете алады.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар 

оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып,  шығармашылық  ойының  дамуында  басты  рөл 

атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, 

азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі 

дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінде  жаңаша  ойлай  алатын  мұғалім  мәртебесі  де  жоғары  болмақ,  ол  оқушылар  мен 

олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. 

Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай 

және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Ол үшін алдымен мектеп 

бітіріп шыққан оқушының табысты болып қалыптасуына кәсіби білімді мұғалім қажет [4, 14б.].

Қоғамның  қойып  отырған  талаптары  да  осы,  ал  қоғам  талаптарына  сәйкес  болу  үшін 

мұғалім  өзінің  білімін  жетілдіре,  мінез-құлқын  тәрбиелей,  шығармашылық  даму  шараларын 

жүзеге асыра білуі керек. Нағыз мұғалім – өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби 



854

дайындығы, білім мен біліктері, оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет 

арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сонымен қатар жаңа технологияларды кеңінен пайдалану да 

маңызды болып отыр. Бүгінде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. 

Жаңа технологияларды өз тәжірибесінде тиімді қолданып жүрген ұстаздар ғана оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыта алады [5, 27б.]. 

Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы 

мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзыреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз, ол: 

оқушыларға қамқорлық көрсете білетін, оған ықпал жасай алатын және өз бетінше 



шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін;

әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін 



сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;

оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету 



мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар;

оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен 



оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін;

оқушылардың  игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған  «Біз  қайда  бара 



жатырмыз?»,  «Қандай  іс-әрекет  жасау  керек?»,  «Одан  әрі  не  істеу  керек?»  деген  сияқты 

табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін;

бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды 



оқушылардың  өздері  құрастырып,  жандандыра  алатындай  етіп  жинақтап,  толықтырып, 

тереңдетіп бере алатын мұғалімдер. Бұл құзыреттіліктер деңгейлік бағдарламада көрсетілген.

Белгілі  педагог  К.Ушинскийдің  «Мұғалім  –  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана 

мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» – деген пікірін негізге 

ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.

Оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

дамыту 

басты 



міндет 

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту 

-  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мектеп 

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды 

қабылдау міндеті қойылған.

Ұлттық  жоспардың  мақсаты  -  Қазақстан  Республикасындағы  мектеп  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде 

«функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып 

отыр. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  ең  алдымен  біріншіден,  үйден  отбасынан 



басталады.  Өйткені,  ата  -  аналардың  балаларды  оқытуы  және  тәрбиелеуі  ұлттық  жоспарда 

функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.

Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси 

және  экономикалық  қызметтерге  араласуы.  Біз  экономикамыздағы,  әлеуметтік  –  саяси  және 

рухани  өміріміздегі  жетістіктерді  заңды  түрде  мақтан  етеміз.  Тіпті  «экономика»  деген  сөздің 

өзін  сөзбе  сөз  аударсақ  «үй  шаруашылығы»  дегенді  білдіреді.  Сондықтан  да  отбасындағы 

экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, 

оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек. 

Екіншіден,  функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  –  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін, 

авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай 

ілесіп отыру.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы екіншіден, мектептен басталады.

Мектеп  -  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Оқушының  бойына  білім  нәрін  дарытуға 

көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға 

білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, 

бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды 

тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып 

өтуінде,  пәндік  білімдеріне,  ептіліктеріне  және  сауаттылығына  сүйене  отырып,  оқу  пәндері 

арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы 

білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 40 минуттық сабағын қазіргі заманғы 

білім  берудің  жаңа  технологияларын  қолдана  отырып  өту  керек.  Осы  жерде  орыс  педагогы 




855

А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» 

деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен 

шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра 

білуге үйрету керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің 

шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.

Функционалдық  сауаттылықтың  негізгі  міндеті  -  мұғалім  баланы  оқыта  отырып,  оның 

еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз 

бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даналықты 

білдіретін  құзыреттерді  қалыптасытыру  орта  мектептердегі  жаратылыстану  бағытындағы 

пәндер  басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Ой  -  өрісі  кең  тұлғаны  қалыптастыруда 

жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде, өзгелерінен 

гөрі, тезірек дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны физика. Сондықтан да болар, 

бүгінгі таңдағы роль атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр. Жыл сайын көптеген 

жаңашылдардың беті ашылуда. Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, 

тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық 

сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек.

Олай болса, функционалдық сауаттылық оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті 

деп  саналатын  және  білім,  білік  дағдыларының  жиынтығы.  Ол  тек  білім  мен  білік  әлеміне 

барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамуының өлшемі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы 

пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер 

оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. 

Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер 

шығару кезінде  қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін  практикада  қолдана  білуге 

үйретеді.

Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық. 

1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу. 

2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. 

3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету. 

4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. 

5.  Оқушылардың  білімдерін  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудағы  2011 

– 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге 

(TIMS, PISA және PIRLS) қатыстыру. 

Сапалы есептер шығару барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, 

өз  бетінше  шешім  қабылдауға  және  болашақта  мамандық  таңдауына  ынталандырылады. 

Сабақта  сапалы  есептер  шығару  арқылы  алған  білімдерін  оқушылар  күнделікті  өмірмен 

байланыстырып отырады, өйткені оқушы ойлауға да ойлануға да қабілетті.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – барлық 

салиқаны  қамтитын және  үздіксіз  өсуді  қамтамасыз  ететін  жаңғыру  жолы.  Ол  –  елдігіміз  бен 

бірлігіміз,  ерлігіміз  бен  еңбегіміз  сыналатын,  сынала  жүріп  шыңдалатын  үлкен  емтихан. 

Стратегияның мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту, ортақ парыз, абыройлы міндет!» 

дейді.  Осы  ортақ  парызды,  абыройлы  міндетті  кім  қалай  түсінеді,  кім  қалай  орындайды. 

Елбасымыздың Жолдауын мұғалімдердің негізгі орындау міндетіне: пән сабақтарында болашақ 

Қазақстанның нағыз азаматының функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр.

«Білімнен қымбат нәрсе жоқ. Көңілде жатса баспай тот» дегендей оқушылар алған сапалы 

білімдерін,  тәрбиесін,  бойға  дарыған  өнерлерін  үнемі  жаңғыртып,  жетілдіріп  оны  ғылыми 

жетістіктермен толықтырып отыруы тиіс. 

Қорыта  айтқанда,  функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асырудың  басты  міндеті  - 

оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің 

келешегіне  үлкен  жауапкершілікпен  қарауға  үлестерін  қосу  болып  табылады.  Осы  ретте, 

жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет