Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет78/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   674
Ключевые 

слова: 

модернизация 

сознания, 

внутришкольный 

контроль, 

конкурентноспособный гражданин.



Key words: modernization of consciousness, intraschool control, competitive citizen. 


96

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ 

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ РӨЛІ

Н.К. Берликенова 

«Матай орта мектебі» КММ, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылы 

berlikenova.n@gmail.com

Ұлттың  бүгінгі  күні  де,  болашақ  ертеңі  де  тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Өркениет  жо-

лында  көш  алдында  болуды  көздеген  ұлт,  ең  алдымен,  жастарға  берілетін  оқу-білім  және 

тәрбие  ісін  дұрыс  бағыттағы  жолға  қоюы  керек.  Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік, 

экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістер білім-тәрбие беру үрдісін ұлттық сипатта 

ұйымдастыруды талап етуде. Сан қилы сыннан өткен мағыналы шежіреге толы Отанымызды 

қорғау, ұлттығымыздың айғағы болған ана тілімізді, салт-дәстүрімізді білу, оны сақтау, зерттеу, 

келер ұрпаққа жеткізу – біздерге азаматтық борыш. Қазіргі өмір талабынан туындап отырған бұл 

міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «...білім беру жүйесінің басты 

міндеттері:  Қазақстан  Республикасына  шын  берілген,  адал  патриот  азамат  даярлау...  олар 

мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін... 

халық,  Отан,  отбасы  алдындағы  жеке  бастың  міндеттері  мен  құқықтарын  сезінген...  тілін, 

тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» - деп 

көрсетілгенінен  қазақтың  салт-дәстүрлерінің  тәрбиелік  мәніне  айрықша  көңіл  аударылғанын 

байқауға болады [11]. 

Қазіргі  дүние  біртұтас  организмге,  біртұтас  жүйеге  айналып  келеді,  мұнда  оның  жеке-

леген  бөліктерінің  (елдер,  өңірлер)  жай-күйі  жалпы  жаһандық  жүйеге  (әлемдік  саяси  және 

экономикалық конъюннктура мен т.с.с.) тікелей тәуелді, сонымен қатар жаһандық жүйенің өзі 

оның бөліктері мен элементтерінің жай-күйіне тікелей тәуелді. «Жаһандану» терминін алғашқы 

рет Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левит өзінің «Рыноктардың жаһандануы» 

атты  мақаласында  ұсынған.  Жаһандану,  бұл  белгілі  бір  топтар  мен  жекелей  тұлғалардың 

тікелей,  бұл  процеске  мемлекеттің  араласуынсыз,  шекара  арқылы  бір-бірімен  өзара  қарым-

қатынасқа түсуі, бұл жерде күні бүгін осындай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бұрын-соңды 

болмаған жағдайда болып отыр. Қазіргі кезде әлемдік үдерістер шекараны білмейтін, көптеген 

мемлекеттердің  бірігіп  жасаған  қимылдарын  қажет  ететін  процестер  арқылы  жасалады. 

Жаһанданудың ерекшелігі әлемді бірегей кеңістік ретінде танудың тереңдігі мен ауқымы өсіп 

келе жатқандығында, ал ішкі жағдайлар сыртқы саяси акциялардан гөрі басқа мемлекеттермен 

халықтарға әсер ете бастады. 

Жаһандану идеясын қабылдаудың психологиялық динамикасы құбылысын Амангелді Айталы 

нақты атап көрсетеді: «Жаһандану мемлекеттердің экономикасына ғана емес, адамдардың ішкі 

дүниесіне, ақыл-парасатына, ұлттық болмысын билеуге дейін қол жеткізді, ол тіпті үйреншікті 

жағдайға  айналып  барады.  Бірақ  ол  қауіптен  қашып,  оқшауланып,  басқа  мемлекеттермен 

байланысқа түспей бөлектенуге тағы болмайды». Сонымен қатар үрей туғызушылық қоғамдық 

пікір де орын алуда. Себебі, жаһандану этностың тұтастығымен ұлттық болмысының жартылай 

немесе бүтіндей құлдырауға ұшыратады. Мәселен, Э.Гидденс мемлекет жаһандану жағдайында 

бірте-бірте ұлттық сипатынан айырылып, космополиттік бағдар ала бастап, түбінде басым тілі 

мен мәдениеті бар ұлт өзгелерді бойына сіңіріп алатындығын атап өтеді [2]. 

Жаһанданған  заман  мектеп  оқушыларына,  жалпы  жас  ұрпақтың  санасына  не  ұсынып 

жатыр?  Ең  бастысы  көп  ақпарат  ұсынып  жатыр,  ол  ақпараттың  пайдасы  мен  зияны  қатар 

өтіп жатқаны да аян. Әр жас жеткіншек ұлттық санасына, дамуы мен қарықтап шыңдалуына 

пайдалы ақпаратты, құлдырап ұлт ретінде өзін жоғалтып алатын зиянды ақпаратты ажырата 

алатын деңгейге жетуіне мектеп қабырғасының да қосар үлесі бар. 

Тәрбиеге қатысты тұжырымдаушылар Жаһандану заманындағы жастардың дүниетанымдық 

көзқарастарының  күрделілігін  ескертеді:  «Өткен  дәуір  жастарына  қарағанда,  бүгінгі  жастарға 

тәрбие  беру  жүйесі  әлдеқайда  қиын.  Қазіргі  ұрпақ  батыс  еліндегі  замандастарына  көбірек 

еліктейді,  бүгінгі  Еуропаның  керітартпа  ақпарат  ағымына  әуестігі  басым,  сонымен  қатар 

«қорқынышты», «төбелес» фильмдердің ықпалы зор – мұның бәрі идеологиялық қысым, мұның 

құдіреттілігі сол – албырт-аңғал жастардың санасын улайды» [2]. Тәрбие қашанда мемлекеттік 

саясат аймағында, еліміздің болашақ прогрессивті дамуының бағдарларының аясында жүзеге 

асуы тиіс.




97

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  еңбегі  Жаһандану  заманында  халқымызға 

жол көрсететін нақты бағдар болып табылады [1]. Елбасымыз қазіргі заманның бізден рұқсат 

сұрамастан жаһанданып жатқандығын және оның ұлттық санамызға тікелей әсері бар екендігін 

қырағы байқап, болашақта ұлттық санамызды таза сақтап қалуды мақсат тұтып әрі жаһандық 

үрдістен қол үзбестен дамыған елдер қатарына қосылуда дұрыс бағдар нұсқауда. Жаһандану 

заманында Дамыған елдер қатарына қосылу жолында басқан әр қадамымыз біздің рухымыздың 

кемелдігіне  тікелей  байланысты  екендігі  сөзсіз.  Рухтың  кемелдігі,  өз  кезегінде  оның  дұрыс 

тәрбиеленуіне тәуелді. Сондықтан, Елбасымыз білім-тәрбие беру орындарының да Жаһандану 

заманында жаңғыруына бағыт берді. Ал жаңғырудың ең басты шарты – тарих қойнауынан бастау 

алатын ұлттық кодымызды, болмысымызды сақтай білу. Елбасымыз: «Ұлттық кодты сақтаусыз 

жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп айтып өткендей, білім-тәрбие 

беруде,  әсіресе  бастауыш  сынып  оқушыларына  білім-тәрбие  беруде  ұлттық  дүниетанымның 

атқаратын рөлі елеулі [1]. 

Дүниетаным дегеніміздің өзі айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы 

адамдардың орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың пікірлер мен түсініктердің 

жүйеленген  жиынтығы  деп  алғанда,  оның  шығуының  қайнар  көзі  –  өмірдің  өзі,  адамдардың 

тіршілік болмысы. Дүниетанымның тұтастығын және оның кейінгі ұрпаққа жалғастыру негізі – ол 

білім. Білім арқылы дүниетаным нақтыланып, ерекшеленіп жүйелі түрде нақты бір сипатқа ие 

болады [6]. 

Қазіргі цифрлық заманда өсіп келе жатқан буынның қабілеттері ерекше екендігі баршамызға 

мәлім. Цифрлық ақпарат құралдарына етене байланғандары соншалық, олардың тұлға болып 

қалыптасуындағы бағыт цифрлық құралдарға, интернет желісіне, әлеуметтік желілерге қарай 

өзгерген.  Қазіргі  таңда  өскелең  ұрпағымыздың  интернет  желісін  қуып,  ұлттық  болмысын 

жоғалтып  алмауы  үшін  ұстаздардың  ұлттық  болмысты  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп 

тәрбиелеуі туындады. Мектеп табалдырығын аттайтын әр оқушы – тұлға болып қалыптасып 

келе жатқан жас ұрпақ. Оның Қазақстан игілігіне қызмет атқаратын рухани кемелді заманауи 

ұлттық-мәдени тұлға болып қалыптасуы ең басты назарда және тәрбие берудің өзегі. «Адамға 

ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп 

Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз тегін айтпаған. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын 

басты  міндеттердің  бірі,  өзіндік  психологиялық  ой-өрісі  өте  бай,  еңбек  сүйгіш,  қайырымды, 

үлкенді құрметтей білетін, әділ, ар-ожданы мол, ұлттық салт пен дәстүрді жете білетін, оларды 

іскерлікпен қолдана алатын жастар тәрбиелеу болып келеді. 

Тәрбие  –  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақты  өмірге  даярлаудың  барлық  жағын  қамтитын, 

жеке  тұлғаны  ғасырлар  бойы  жиналған  адамзат  тарихындағы  тәжірибені  игертіп,  біліммен 

жарақтандыруға  бағытталған  қоғамның  талап-тілегіне  тәуелді  күрделі  үдеріс.  Мектептегі 

өскелең ұрпақтар – Қазақстанның болашағы. Жас ұрпақтың жан жақты дамып өсуіне бірден-бір 

атсалысатын мектеп екені белгілі. Бірақ қазіргі кезеңде біздің елімізде тәрбие тек мектепте ғана 

жүргізіледі деп түсініп, тәрбиеге кейбір ата-ананың аса мән бермеуі әлбетте дұрыс емес. Мұндай 

тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, көптеген 

балалардың  қайырымсыздығын,  мейірімсіздігін  байқатып  отыр.  Сондықтан  бізге  бұрыннан 

белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші, 

мектеп  –  мұғалім.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуына  үлкен  ықпал  ететін  тұлға  мұғалім  –  тәрбие 

көзі. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан 

өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл 

мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге 

ұштастырып, ықпалдастыру мүмкін болмайды.

Ұлттық рухты егіп, ұлттық сана-сезімді оятатын, бала табиғатына жақын ана тілі болғандықтан 

баланың  білім  нәрінің  бастауы  ана  тілі  болуының  тәрбиеге  жақсы  әсер  ететінін  дәлелдеді. 

Бастауыш  мектепте  ана  тілінде  білім  алған  баланың  ұлттық  рухы  жоғалмайтындығын,  сын 

сағаттарда да ұлтының ұлылығын, ұлттық мәнін өшірмейтіндігін жазады. М.Жұмабаев (1893-

1938)  - халық педагогикасын дамытуға үлкен үлес қосқан қазақтың аса көрнекті ақыны, педагог. 

«Педагогика»  оқулығын  жазған.  Ол:  «Тәрбие  мақсаты  –  адам  деген  атты  құр  жалған  қылып 

жапсырмай,  шын  мағыналы  адам  қылып  шығару»,  -  деп  көрсетеді.  Ұлттық  тәрбие  –  бала 

санасына ұлттық рухты енгізу, ұлттық болмыс, ана тілінде оқыту, ұлттық рухты жоғалтпау [3].

Халықтық педагогика қазіргі педагогика мен ежелгі педагогикалық мәдениетті біріктіреді. 1926 



98

жылы «Халықтық педагогика» деген атау-ұғымды алғаш ұсынған С.Т.Виноградов: «Халықтық 

педагогика – тұлғаны қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы, яғни 

халықтың тәлім-тәрбие тәжірибесі», - деген. «Халықтық педагогика – халық ауыз әдебиетінде, 

салт-дәстүрінде,  балалар  ойындарында,  т.б.  көрініс  тапқан  педагогикалық  деректер  мен 

тәжірибенің жиынтығы, біртұтас ұлттық мәдениет. Халық педагогикасы таза халықтық тәжірибеге 

негізделген тәрбиенің эмпирикалық түрі және ол этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісі» 

(Г.Н.Волков). Ал «Ұлттық білім беру» деген ұғымды ұсынған – С.И.Гессен [3].

Халық педагогикасының тәрбиелік қуатты құралдары – жырдың (өлең, тақпақ, айтыс, дастан, 

арнау  т.б.)  түрлері,  ертегілер,  аңыз-әңгімелер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер, 

қанатты сөздер жас ұрпақты адамгершілікке (отаншылдыққа, бауырмашылдыққа, жолдастыққа, 

достыққа, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге) тәрбиелеуге, 

ақыл-ой  санасын  дамыту,  дене  тәрбиесі  (мәдени-гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру, 

денсаулығын  нығайту),  еңбек  тәрбиесі  (күнделікті  тұрмыс-тіршілік,  мал,  егін  шаруашылығы, 

аңшылыққа  баулу),  эстетикалық  (қолөнері,  жан  және  тән  сұлулығы)  т.б.  тәрбиесін  жүзеге 

асыруға бағытталған [4]. 

Балаларға білімді меңгерту негізінен ойын ойнату іс-әрекет процесінде жүргізілген. Халық 

ойындары көркем эстетикалық, дене, интернационалдық тәрбиенің ажырамайтын бөлігі болып 

саналады [3]. Ойындар – халық тәрбиесінің факторы. Ұлттық ойындар баланы тапқырлыққа, 

ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа, ой-қиялын ұштауға, зеректікке, шығармашылыққа баули-

ды. Қазақтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын ыдыс-аяқ атаулары, үй жиһаздары 

мен төсеніш заттарының атаулары, қолөнер туындыларының аттарын ерте бастан бала бойы-

на сіңіру, құлағына құйып, көзін қанықтырып таныту мектепте және отбасында іске асырылуы 

керек.  Мектеп  жастан  бастап  балаларды  өз  халқының  шаруашылығымен,  еңбек  жолымен, 

мерекелермен,  салт-сана,  дәстүрлерімен,  мәдениетімен  көркем  шығармалар  арқылы 

сусындату – олардың өз елінің болашағын болжай алатын, Отанын қорғайтын, халқын сүйетін, 

адамгершілік қасиеті мол азамат болып қалыптасуына даңғыл жол ашады. 

Этнопедагогика  –  жас  ұрпақты  тәрбиелеген,  тәрбиелеп  отырған  бұқараның  тәжірибесін 

зерттейді,  халқының  рухани  қорын,  атап  айтсақ,  өз  ұлтының  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерін 

қазіргі ұрпаққа жеткізеді. Этнопедагогиканың бастау бұлағы – халықтық педагогика [3]. Қазіргі 

кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, 

дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып 

келеді.

Оқу-тәрбие  жұмысының  негізі  –  сабақ.  Сондықтан  да  сабақ  тартымды,  әсерлі,  мақсаты 

айқын, қызықты және сапалы болуы керек. Ал, сапалы сабақ білім-тәрбие беру жұмысының 

нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан сабақтың ұйымдастыру формаларын, сабақтың 

құрылымын жетілдіріп, әр түрлі керекті материалдармен толықтырып отырған жөн және қазіргі 

заманның  талабына  сай  интерактивті  тақта,  гаджеттер,  планшеттер,  электронды  оқулықтар 

қолданылуы  тиімді.  Сабақ  үрдісінде  ұлттық  дүниетанымды  пайдалану  сатылап,  жүйелі 

бірізділікпен жүргізіледі: тақырыпты анықтау, мақсат міндеттерді, құралдар мен формаларды 

жүйелеу, әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды орындау барысы. 

Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының ұйытқысы, әрине, сынып жетекшісі екендігі белгілі. 

Жалпы  тәрбие  жұмысын  жоспарлап,  ұйымдастырғанда,  тәрбие  жұмысының  тақырыптарын 

қарастырғанда кездесулер өткізу, салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыбына байланысты апталықтар, 

викториналар,  кештер,  көрмелер,  жарыстар,  сайыстар,  байқаулар  т.б.  жұмыс  формаларын 

ұйымдастырудың жолдарын меңгерумен қатар оқушыларды соған тәрбиелейді [5]. Сабақтың 

негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына білім-тәрбие берудегі ұлттық дүниетанымның 

рөлі. 


Матай  орта  мектебіндегі  өзімнің  құзырымдағы  оқушыларыма  білім-тәрбие  беруде  ұлттық 

дүниетанымның рөліне қысқаша шолу жүргізейін: 

1-сыныпта  «Қыз  сыны»  байқауы.  Бұл  байқау  барысында  қыз  баланың  сәлемдесу  әдебі, 

мектепте,  көшеде  және  үйде  өзін  ұстау  әдептері,  өзара  әдепті  болуы,  биязылығы,  адамгер-

шілігі,  үлкендерді  құрметтеу  және  кішіге  ізет  көрсетуі,  дастархан  басындағы  және  ас  ішудегі 

әдептілігі, қазақша ұзындық және қалыңдық өлшемдерін білуі, үй жануарларының атаулары мен 

олардың төлдерінің атауларын білуі ашылады [7]. Сонымен қатар ұлттық қолөнер нақышымен 

тігілген  ұлттық  киім  үлгілері  көрсетіледі.  Сол  арқылы  ұлттық  ою-өрнек,  әдептерге,  атауларға 

баулу басталады. Оқушылар «қамажай», «қаражорға» сынды қазақтың ұлттық билерін билейді. 



99

Санамақ ойындары ойнатылады, баланың ой зеректігін дамыту үшін жұмбақтар жасырылып, 

бала тілін жаттықтыру мақсатында жаңылтпаштар айтылады. 

2-сыныпта «Жігіт сұлтаны» байқауы. Бұл байқауда жеті ата туралы түсінік, туыстық атаулары, 

асықтың түрлері және атаулары, төрт түлікке қатысты ұғымдар мен тыйымдар, төрт түлік малды 

және үй жануарларын шақыру, жануарларға байланысты ұлттық ойындар, тереңдік өлшемдері 

айтылады [8]. Біздің болашақ Отан қорғаушы, еліне қызмет ететін ұлттық тәрбиені сіңірген тұлға 

болып қалыптасуда ер балаларға және олардың жас ерекшелігіне байланысты осы тақырыптар 

алынды.  «Қазақша  күрес»,  «қол  күресі»,  «тоғызқұмалақ»,  «асық  ату»  сынды  ер  балалардың 

шымырлығын дамытатын ұлттық ойындар ойнатылады.

3-сыныпта «Әжелер мен немерелер» сайысы. Бұл сайыста әже мен немеренің байланысын 

көрсету  мақсат  етілген.  Сайыс  барысында  ауызбіршілік,  бірлік  –  елдің  берекесі,  туып  өскен 

өлкеге, ортаға деген құрмет, үш жүз туралы түсінік айтылады [9]. Отан отбасынан басталады 

дегендей, отбасындағы тәрбие бастауы мен ауызбіршілік пен ынтымақ үлкен өмірде, Қазақстан 

Республикасына  қызмет  етуде,  елдің  дамуына  үлес  қосуда  үлкен  рөл  ойнайтындығын  ашып 

көрсетеді. 

4-сыныпта «Өнерлі өрге жүзер» жарысы. Жарыс барысында Қазақ хандығының хандары, 

қазақ халқының билік айту дәстүрі және билері, қазақ батырлары, шешендік өнер туралы, қазақ 

халқының  ақын  жыраулары  мен  күйшілері,  қару-жарақ  атаулары,  мал  әбзелдері  мен  құрал-

жабдықтарының атаулары, қазақтың ұлттық киімдері айтылады [10]. 

Оқушылардың  осындай  байқау,  жарыс,  сайыс  түрлеріне  дайындығы  барысында  ұлттық 

салт-дәстүр,  болмыс,  әдет-ғұрып  амалдарынан  көп  мағлұмат  алып,  ақпараттанып,  бойына 

сіңіреді. Сондай-ақ, көріністер мен қойылымдардан әсерленіп оны қолданыста байқап көреді. 

Бұдан бөлек, оқушыларға Матай ауылы арқылы Қазақстан темір жолын жүргізген Алаштың ірі 

қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан 

Тынышбаев атындағы ұлттық мұражайға саяхат ұйымдастырылады. Таяуда Лепсі кентінен Мұқан 

Төлебаевтың жылжымалы мұражайы келді. Балалар осынау тұлғаның қолданған аспаптарымен, 

ұлттық ыдыстарымен, композиторлық өнерін дамытқан әдебиеттерімен танысты. Осылайша, 

ұлтқа  қызмет  еткен  дарынды  ел  азаматтарының  өмір  жолымен  танысу  арқылы  оқушылар 

Отансүйгіштікке  бой  үйретіп,  ұлттық  кодымызды  біліп,  ақпараттанып  және  оны  үнемі  біліп 

жүруге үйренеді. Кітапханамен де тығыз байланыс орнаған. Тарих қойнауынан сыр шертетін, 

тәрбие беруде өзіндік ойып орын тепкен кітап оқушыға қашанда жолдас бола алады. «Қариясы 

бардың қазынасы бар» дегендей, Матай ауылында сондай көреген әрі ғибратқа толы, тәлімге 

толы әңгімелерімен де оқушыларымызды тәрбиелеп жүрген қарияларымыз барына ризамыз.

Сөз  түйініне  келсек,  қазіргі  жастар  тәрбиесін  басқару  халықтың  педагогикасының  озық 

идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін ескере отырып жүзеге асырылуы керек. Озық 

дәстүрлерді  қазіргі  жағдайдағы  жаңадан  қалыптасқан  дәстүрлермен  ұштастыру,  қоғамдық-

тарихи тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын жастардың тәрбиесінде қамтамасыз 

ету, мектеп оқушыларын алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және оларды белсенді қызмет етуге 

тарту – біздің мақсатымыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет