«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
16
экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған. Президент Жолда-
уы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін. Эконо-
миканы дамыту, бизнеске тең жағдай жасау үшін ашықтық пен әділдік қажет. Президент осы
бағытта біраз ұсыныстарын ортаға салып, жаңа заңдар әзірлеуді тапсырды.
Ал әлеуметтік желілер сан алуан пікірлерге толы. Сынаушылар да, қолдаушыларда, соны-
мен қатар солардың қай тобына қосыларын білмеушілердің де саны күннен күнге артып келеді.
Ал елдегі оппозициялық топтар үшін бұл үлкен саяси пісіп-жетілу мектебі болмақ. Әрине,
пікірдің сан алуан болуы демократияның ең басты принципі.
Осы тұрғыдан алғанда биылғы саяси науқан барысында еліміздегі белсенді топ жастарға
Жолдауды түсіндіруде оң бағыт көрсету, сауатты аға буын өкілдерінің, қазақ зиялыларының
басты міндеті. Сондықтан да, саясаттаушы ретінде тікелей талдауға көшейін.
Президенттің бүкіл сайлау кестесін Жолдау арқылы жария етуі Қазақстанның саяси
тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған батыл қадам болып табылады. Бұл шешім өте орынды.
Еліміздегі сайлау процесінің жүйеленуі саяси үрдісті түбегейлі қайта жаңғырту қажеттілігінен
туындап отыр. Сонымен қатар, маусым айындағы референдумда азаматтардың көпшілігі
қолдаған конституциялық реформаның логикасына толықтай сәйкес келеді.
Ең алдымен Президент сайлауын, одан кейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сай-
лауды дәйекті түрде өткізу мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті және
стратегиялық міндеттерін эфективті түрде шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақ-
стан Республикасын саяси жаңғыртудың жинақталған ырғағы бұзылмай әрі қарай жалғасады.
Әлемдік экономикадағы геостратегиялық шиеленістер мен пандемиядан кейінгі турбулент-
тілік елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізудің басты факторы деп есептеймін. Ғаламдану
жағдайындағы әлемдік процестердің даму динамикасын болжаудың күрделілігі жекелеген
мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар тұтас өңірлер үшін де қауіптер мен қиындықтарды
еселей түсетіні белгілі.
Осы Жолдаудың ең маңыздысы – Мемлекет басшысының Президенттің өкілеттігін қайта
сайлану құқығынсыз 7 жыл бір мерзіммен шектеу туралы ұсынысы. Бұл ұсыныс Парламентте
мақұлданды. Бұл «Екінші Республиканың» саяси жүйесінің болашағын айқындайтын жан-
жақты ойластырылған батыл шешім ретінде тарихта қалуы тиіс.
Жаңа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы ерекше жаңалықты басымдықтар деп төменде-
гілерді атап көрсеткен жөн:
Достарыңызбен бөлісу: