Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


ОРМАН ӨРТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет122/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   128
ОРМАН ӨРТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫ 
 
Уралов Мухамет Ескендирович,  
студент 4 курса специальности 
 «Безопасность жизнедеятельности 
 и защита окружающей среды» 
 университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
Научный руководитель - Капбасова Гульжанат Аскербаевна,  
магистр естетсвенных наук,  
преподаватель кафедры «Экологии, безопасность жизнедеятельности  
и защита окружающей среды»,  
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
 
Қазір Республикамыздың халық шаруашылығының барлық саласы күшті 
қарқынмен өркендеп келеді. Әсіресе алуан алып құрылыстар көлемінің ұлғаюы, 
ағаш  материалдарының  барған  сайын  мол  тұтынылуы  орман  байлығын 
көбейткен  үстіне  көбейте  түсуді  талап  етеді.  Бұл  үшін  ағаш  өсірудің  жаңа 
кешенді әдістерін, ұтымды жолдарын тауып, тиімді шаралар қолдану қажет.  
Қазақстан  Республикасының  2007  -  2024  жылға  арналған  орнықты 
дамытуға көшу тұжырымдамасына сәйкес елдің экономикалық дамуы бірнеше 
аспектілерге  байланысты.  Оның  ішінде  «Ресурстарды  пайдалану  тиімділігін 
арттыру»  жер,  су,  орман  минералдар  және өзге  де  ресурстарды пайдаланудың 
экологиялық әдістерді қоса алғанда табиғатты пайдалануға деген осы заманғы 
ғылыми көзқарасты енгізу; табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да 
түрін  болдырмау  және  жолын  кесу,  қаскөйлікке  және  биологиялық  ресурс 
объектілерімен  өнімдердің  заңсыз  айналымына  қарсы  күрес;  шаруашылықтың 
барлық  салаларына  ресурс  үнемдейтін  және  қалдықсыз  технологияларды 
енгізуді  ынталандыру.  Бұл  мәселелер  экологиялық  орнықтылық  шарттарының 
бір саласы.  
Осыған байланысты Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын, оның 
ішінде  Шығыс  Қазақстанның  орман  ресурстарын  зерттеулер  өз  өзектілігін 
жойған емес. 
Орман  ресурстары  Шығыс  Қазақстанның  табиғи  экожүиесінің  құрамдас 
бөлігі, 
негізгі 
ресурстардың 
бірі 
болып 
табылады, 
және 
аймақ 
территориясының 25% жуығын алып жатыр.  
Орман  ресурстарының  тікелей  өнеркәсіптік  маңызынан  басқа,  оның 
топырақтағы ылғалды сақтау, топырақты жел эрозиясынан қорғау, сауықтыру, 
эстетикалық  сияқты  қызметтер  атқарады.  Олар  бағалы  жануарлар  мекені, 


244 
азықтық  және  дәрі  -  дәрмектік  өсімдіктердің  өсу  ортасы  болып  табылады. 
Аталған  эстетикалық  және  сауықтыру  сияқты  атқаратын  қызметтерінің  үлкен 
әлеуметтік құндылығы бар.  
Қазақстан  халықаралық  келісімдермен  және  міндеттермен  үйлестірілген 
қоршаған  ортаны  қорғау  жайында  эффективті  заңнама  құруда  едәуір  артта 
қалды.  Ұлттық  орман  саясаты  әлі  қалыптаспаған,  тек  2004  жылыдң  14 
мамырында  үкімет»Қазақстан  ормандары»  бағдарламасын  бекітті,  2004  -  2006 
жылдарға,  жаңа  «Орман  Кодексі»  қабылданды.  Мұндай  жағдай  елдің  орман 
ресурстарын  пайдалануды,  тиімді  орман  технологияларын  дамытуды,  орман 
ресурстарын  қалпына  келтіруді  тежейді.  Бұл  тұрғыда  орман  ресурстарының 
қазіргі жағдайын зерттеп, даму болашағын болжауға арналған осы жұмысымыз 
саладағы жиналған мәселелерді шешуге тамшыдай болса да үлес қосады деген 
үміттеміз [1]. 
Орман  өрті  -  бұл  орман  аймағында  бейберекет  шашылып  жатқан 
өсімдіктердің бақылауға келмейтін жануы. 
Орман  өрттері  орманның  қандай  деңгейлерінде  оттың  таралуына 
байланысты төменгі, жоғарғы және жерасты болып бөлінеді. 
Төменгі  өрт  -  бұл  орман  өсімдіктерінің  төменгі  ярусында,  орман 
төсенішінде, түсінділерде таралатын орман өрті. 
Төменгі өрттер өсімдіктерге таралу және әсер ету  дәрежесі бойынша екі 
түрге кумажәнетұрақтыболып бөлінеді. 
Төменгі  қашпа  өрт  кезәндетопырақ  үстіндегі  жамылғы,  жерге  түскен 
жапырақтар  және  қалқандар,  ағаштардың  қабықтарының  төменгі  жағы  және 
күйген  тамырлар  жанады.  Мұндай  өрт  ылғалды  жамылғылы  жерлерді  айнала 
өтіп үлкен жылдамдықпен (0,5 м/мин), тарайды. 
Төменгі  тұрақты  өрт  кезінде  (жылдамдығы  0,5  м/мин.)  от  «тереңдейді», 
төсеніш жанып кетеді, ағаштардың тамырлары мен қабықтары қатты күйеді. 
Жерасты  өрттері  кезінде  орман  массивтері  астында  жатқан  шымтезек 
жанады. Сирек пайда болады. 
Жоғарғы  өрттертопырақ  үстімен  және  ағаштар  діңгегі  бойымен 
таралуымен  сипатталады.  Көбінесе  жоғарғы  өрттер  таулы  ормандарда  пайда 
болады, от тік беткейлермен жоғары таралады. 
Олардың таралуына қатты желдер айтарлықтай себебін тигізеді. 
Тұрақты және қашпа өрттер деп бөледі. 
Тұрақты жоғарғы өрт кезіндеетектегі төменгі өрттің жылжуына қарай от 
діңгектер  бойына  таралады.  Мұндай  өттерді  құртатын  деп  атайды  –  олардан 
кейін тек діңгектердің күйген қалдықтары қалады. 
Қашпа  жоғарғы  өрттер  кезінде  өрт  тек  қатты  жел  кезінде  орман 
жамылғысының  беті  бойынша  әр  жерді  бір  шарпып  жылжиды,  кейде  төменгі 
өрттің шебінен біршама озып кетеді. 
Діңгектер бойымен  от  жылжыған кезде  жел  ұшқындар  таратады, жанып 
жатқан  шыбықтар  мен  қылқандар  негізгі  ошақтан  алда  бірнеше  ондаған,  ал 
кейде  жүздеген  метрлерде  төменгі  өрттердің  жаңа  ошағын  тудырады. 
Жалынның қашпа алға жылжуы 15 – 20 км/сағ. Жылдамдықпен таралады. 
Бетпен  жылжу  жылдамдығы  бойынша,  соныменен  жалын  биіктігі 
бойынша өрттерді әлсіз, орташа және күшті деп бөлу қабылданған (3 - кесте). 


245 
Төменгі орман өртінің беттегі ең жоғарғы температусы 900
0
C құрайды. 
Отпен оранған ауданға байланысты орман өрттер 6 класқа бөлінеді: 

 
жану  басқаруға  келмейтін  орманда  0,1  -  0,2  га  ауданда  таралған 
өсімдіктердің жануы; 

 
кішігірім өрт – басқаруға келмейтін орманда 0,2 - 2 га ауданда таралған 
өсімдіктердің жануы; 

 
кішкене өрт - басқаруға келмейтін орманда 2,1 - 20 га ауданда таралған 
өсімдіктердің жануы; 

 
орташа өрт - басқаруға келмейтін орманда 21 - 200 га ауданда таралған 
өсімдіктердің жануы; 

 
үлкен өрт - басқаруға келмейтін орманда 201 - 2000 га ауданда таралған 
өсімдіктердің жануы; 

 
апаттық  өрт  -  басқаруға  келмейтін  орманда  2000  га  ауданда  таралған 
өсімдіктердің жануы. Өрт күшінің негізгі көрсеткіштері 1 - ші кестеде [2]. 
 
Кесте 1. Өрт күшінің негізгі көрсеткіштері 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет