Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет106/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
Компонент 
Себептері 
Туризм әсерінің салдары 
Топырақ 
Тапталу, қаржамылғысының 
тығызданылуы 
Құнарлы қабаттардың жоғалуы, 
борпылдақтың азаюы, 
дымқылдықтың, микрофлора 
температураларының өзгеруі 
Өсімдік 
Тапталу, өсімдіктер және оның 
бөліктерін (тамырларын, жемісін, 
гүлін және т.б.) түрлі мақсаттар 
үшін жинау, орман өрті, т.с.с. 
 
Кеңістік құрамында өсімдіктердің 
жеке түрлерінің ярустар бойынша 
таралуы 
Су жүйесі 
Орманды кесу, бөгеттер менн су 
қоймаларын салу 
 
Жағалық сызығының, түбінің 
өзгеруі, қалдықтар мен 
лайланушылықтың кобеюі, 
органикалық, химиялық 
құрамының өзгеруі 
 
Туризмнің табиғи кешендерге жанама әсері: 
1.  Тіршіліктің табиғи ортасының өзгерісі; 


207 
2.  Географиялық  қабық  компоненттеріне  ғаламдық  антропогендік  әсер 
(топырақ және су жамылғысының ластануы, ормандарды шабу және эрозияның 
дамуы, климаттың ғаламдық өзгерісі, атмосфераның ластануы және т.б.). 
3.  Адамның  алдын  -  ала  құрылымын  анықтап  (генетикалық  өзгерістер, 
мутанттар) жасанды түрде жануарлар мен өсімдіктерді жасауы. 
Көбінесе  баяу  қалпына  келетін  өсімдіктер  мен  жануарлар түрлері,  сирек 
кездесетін аз популяциялар зардап шегеді. 
Бурабайдың  экологиялық  және  санитарлық  -  гигиеналық  жағдайы. 
Бурабай ауа бассейнінің ластануын бағалауда бәрімізге белгілі, атмосфераның 
жалпы циркуляциясы арқылы ластанған заттар орасан зор қашықтықта жүзеге 
асырылады.  Жердің  ауа  қабығына  түскен  әртүрлі  заттар  жүздеген,  мыңдаған 
шақырымдарға тарауы әбден мүмкін. 
“Бурабай”  кешендік  фондық  мониторинг  бекеті  Бурабай  қыстағының 
шығысында  орналасқан.  Бұл  территорияда  ірі  өнеркәсіп  орталықтары  жоқ. 
Бурабай  учаскесінің  ластануына  үлкен  рөл  алатын  Шортанды  қаласының 
өнеркәсібі және Бурабай қыстағы. 
XIX  ғасырдың  басында  Бурабай  су  ресурстарының  экологиялық 
жағдайында  өзгерістер  болды.  Мысалы,  Қотыркөл  көлінен  бастау  алатын 
Сарыбұлақ  өзені  бұлаққа  айналып,  жерасты  суларынан  және  атмосфералық 
жауын  -  шашынмен  қоректенетін  және  оңтүстік  -  шығысындағы  Әулиекөл 
көліне құятын өзенге айналды. 
Қазіргі  кезде  Бурабай  курорттық  зонасындағы  адамдардың  ақылсыз 
шаруашылық  қызметтері  өзендер  мен  көлдердің  жағдайларына  теріс  әсерін 
тигізді. Шортанкөл, Айнакөл көлдерінде аралдар пайда болды. Кейбір жерлерде 
су жағадан жүздеген метрге дейін төмендеді. Көлдер деңгейінің түсуі Әулиекөл 
көлі  бойынша  0,025  м/жыл,  Айнакөл  бойынша  0,22  м/жыл.  Судың  қайтуы, 
әсіресе  Әулиекөл  (Бурабай)  көлінде  температураның  өзгерісіне,  судың 
тұздылығына өзгеріс әкелді. Ол өзгерістер суасты балдырларының көбеюіне, су 
сапасының азаюына әкеп соқтырды [4]. 
Бурабай  көлін  сақтау  мәселесінің  өзектілігі  осы  табиғи  кешеннің 
ерекшелілігімен анықталады. Қазіргі кезде Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи 
саябағында  16  емдеу  орындары  және  орындарының  жалпы  саны  65  мыңнан 
астам 20 - дан аса пионер лагерьлері бар, ал ұйымдаспаған туристерді қосатын 
болсақ, жалпы саны 200 мыңнан асады. 
Көлдердегі  су  режимінің  нашарлауына  себеп  болып  отырған 
коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын су көлемінің артуы. Көлдердегі қар 
еру  мен  мұз  қату  кезеңі  аралығында  болатын  су  келуі  мен  пайдалануында  су 
балансы  теріс  коэффициентте  болады,  яғни  нәтижесінде  көлдердегі  су 
деңгейінің  төмендеуіне  әкеп  соқтырады.  Экотуризм  өсуі  қосымша  Ғ  -  да 
көрсетілген. 
Осы  сирек  кездесетін  аймақтағы  табиғат  кешеніне  төніп  тұрған  қауіпті 
ескере  отырып,  көлдердің  түбін  шөгінділерден  қорғауға  және  деңгейлік 
режимін сақтауға бағытталған іс - шаралар кешені жасалды. 
Бурабай  зонасындағы  экологиялық  жағдайдың  жақсарту  үшін  төмендегі 
бірінші реттік іс - шаралар ұсынылады: 
 


208 
1.  Мемлекеттік  саябақтың  территориясындағы  судың  тұтынылуын 
барынша азайту; 
2.  Барлық  демалыс,  пионер  лагерьлері  зонасынорталықтандырылған 
канализациялық коллекторға толық түрде қосу; 
3.  Химикаттар  мен  минералдық  тыңайтқыштардың  типтік  қоймасын 
шаруашылықтарда салу. 
Туристік  қызметті  жүзеге  асыру  барысында  қоршаған  ортада  өзгерістер 
міндетті  түрде  болады.  Қазіргі  кезде  көптеген  зерттеулерде  қоршаған  орта 
мәселелері  және  оны  жақсарту  маңызды  орын  алады.  Осыған  дейін  туристік 
қызметті  талдау  жөніндегі  зерттеулерге  көп  көңіл  бөлінбеген,  тек  туризмнің 
бірнеше  түрлері  және  жер  шарының  анықталған  аймақтары  шеңберінде  ғана 
туризмнің әсері қарастырылды. 
Өкінішке  орай,  туризмнің  теріс  әсері  оң  әсерден  басым  түседі.  Оның 
ішінде  жанар  -  жағармайлы  іштен  жану  двигательдерімен  көлік  құралдарын 
қолдану  салдарынан  теңіз,  көл,  өзендердегі  су  сапасына  әсері  және  ауаның 
сапасына  әсері;  туристердің  жергілікті  және  жабайы  фаунаны  жоюы; 
вандалдардың  тарихи  ескерткіштерді  жазып  -  сызу  арқылы  бұзуы  және  т.б. 
Бұлар қоршаған ортаға зиянын тигізетін мысалдардың бірі ғана. 
Жағаларға  жақын  жерлерде  қоршаған  ортаға  теріс  әсер  еткен  жаңа 
қонақүй  кешендері  мен  инфрақұрылым  құрылысы  саясаты  әсіресе  1970 
жылдары  өзекті  мәселе  болды,  ал  соңғы  жылдары  бұл  мәселе  өзекті  емес. 
Кейбір  елдерде,  мысалы  Үндістанда  теңіз  жағалауында  ғимарат  құрылысына 
шек қойылған. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саясаты  туристік  қызметтің  ұзақтылығын 
қамтамасыз  ету  үшін  ұзақ  кезеңге  бағытталуы  тиіс.  Бірақ  көптеген  елдер, 
әсіресе  дамушы  елдер  көңіл  бөлмейді,  олар  коммерциялық  және  қаржы 
пайдасын дұрыс деп шешеді [4]. 
Экологияға  әсерін  есепке  ала  отырып,  туризмді  дамыту  саясаты  күннен 
күнге  өзекті  бола  түсуде  және  халықаралық  туризм  ұйымы  қоршаған  ортаны 
қорғауға көптеген бағдарламаларды ұсынып отыр. 
Қазіргі  кезде  Еуропаның  көптеген  елдерінде  туризмді  дамыту  және 
ұлттық  құндылықтарды  қорғауға  дұрыс  жолды  белгілеу  мақсатында  табиғи 
және  тарихи  құндылықтардың  паспортизациясын  енгізді.  Соңғы  уақытта 
табиғатты  қорғауға,  жаңа  ұлттық  саябақтарды  және  қорықтарды  құру, 
табиғатқа түсетін ауыртпалықтарға ғылыми анықтамалар беруге бағытталған іс 
- шараларды көптеген елдер қабылдау үрдісінде. Осы іс - шаралардың барлығы 
қарқынды дамып келе жатқан халықаралық туризмге теріс әсер етуін тоқтатуға 
бағытталған  және  сол  мезетте  табиғи  -  географиялық  жағдайды,  табиғи  - 
географиялық  ортаны  жақсарту  және  сақтауға  жағдай  жасайды.  Қаланы 
көгалдандыру,  шуға  қарсы  күрес және тазалықты  жүргізу  де  туризмді дамыту 
талаптарының нәтижесі болып табылады. 
Экологиялық  туризмнің  биологиялық  көптүрлілікті  сақтаудағы  ролі 
экотуристердің 
өздері 
барған 
территориялардың 
қорғаушыларына 
айналатынында  да  білінеді.  Шет  мемлекеттер  тәжірибесі  көрсеткендей  әдетте 
экотуристер  барған  жерлер  табиғатын  қорғау  үшін  барлық  күштерін  және 
уақыттарын қиюға дайын болады. Көптеген туристік ұйымдар туристер келетін 


209 
территориларды  ақпарат  көздері  көмегімен,  ғалымдар,  экологтармен  кездесу 
ұйымдастыру  сонымен  өатар  қаражаткөздерін  ұйымдастыру  арқылы 
экологиялық тепе - теңдікте сақтайды [3]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет