Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет47/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
Тақырып өзектілігі: Қазақ қоғамының дамуының тәуелсіздік кезеңінде, 
рух  пен  діл,  тіл  халықтың  әл  -  ауқат  негізі  шаруашылық  -  экономикалық 
мәселелерін  тарихи  таным  тұрғысынан  жаңаша  ой  -  пікір  мен  көзқарастарды 
қалыптастырудатарих  ғылымының  бүгінгі  ролі  жоғары.  Отандык  тарихнамада 
тарихшылар  осы  мәселелерді  соңғы  бес  -  алты  жылда  жүйелі  түрде  қойып 
келеді.  Өткен  ұрпақтың  осы  жолдағы  күресінің  интелектуальдық  теориялық 
табыстарын  қайта  бағамдамайынша  бүгігі  ұлттық  идеологиямыздың  негізін 
қалыптастыру мүмкін еместігіне қоғам танушы ғалымдар үнемі назар аударып 
отыр. 
Зерттеушілерге  XIX  ғасырдың  екінші  жартысымен  XX  ғасырдың  бас 
кезеңі  ерекше  ынта  -  ықылас  туғызатыны  даусыз.  Ресейде  капиталистік 
қатынастардың  дамуы  орталықтағы  ғана  емес,  сонымен  катар  бүкіл  отарлық 
шет аймақтардағы өмір салаларында да, экономикада, мемлекеттік құрылымда, 
мәдениетте  ғаламат  өзгерістерге  жеткізді.  Жаңа  экономикалық  укладтың 
объективті  заңдарының  ықпалымен  қазақтың  қоғамдық  санасында  елеулі 
өзгерістер  орнығып,  ұлттық  интеллигенция  қалыптаса  бастады.  Сондай  -  ақ 
Ресейде парламеттік жүйенің өмірге келуі, қазақ даласы өкілдерінің 1 және 11 
Думаға депутат боп сайлануы ұлт зиялыларының саяси сана мен тәжиірбесінің 
жетілуіне ықпал жасады). Қазақстанның солтүстік - шығыс өңірі Ресейде жүріп 
жатқан  қызу  саяси  үрдістің  ықпалында  дамып,  жергілікті  ұлт  өкілдері 
мемлекеттік  –  саяси  процестерге  тартылғанын  Шаймерден  Қосшығұлұлының 
екі  мәрте  мемлекеттік  Думаға  мүшелікке  сайлануы,  1906  бүкілресейлік 
мұсылмандар  фракциясына  қатысып  оның  бағдарламасын  жасауға  қатысуы 
үлкен  саяси  маңызы  бар  оқиға  еді,  Айдархан  Тұрлыбаев  сынды  алаш 
қайраткерінің Алаш Орда үкіметінің - Ұлт Кеңесінің мүшесі болғанының өзі - 
ақ  көрсетеді.  Сондай  -  ақ  көкше  өңірінен  шыққан  ұлт  мүддесі  үшін  күрескен 
қайраткердің  бірі  ол  Мәмбетәлі  Шөбекұлының  шаруашылықты  оның  ішінде 
егіншілікті  қазақ  жерінде  дамыту  жөніндегі  идеялары  өзінің  өзектілігін  әлі 
күнге жойған емес. Немесе Науан Хазіреттің діни - рухани тұтастығымыз үшін 
күресі соңғы кезде елімізге жауыннан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кеткен 
түрлі  секталардың  шабуылына  қарсы  күресушілер  үшін  үлгі  болаларлықтай. 
Оның  үстіне  сол  кезде  де  дін  мен  діл  ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі 
мәселелермен тығыз байланыста болғанын байқаймыз. 
Кеңес  өкіметі  кезінде  қоғамдық  ғылымда  үстем  болып  келген  таптық 
көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл 
адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу  қүқығы сияқты жалпы 


83 
адам баласына тән өркениетті игеру жолында қажырлықпен күрескен ХІХ - ХХ 
ғасырлардағы  қазақ  интеллигенциясының  қызметін  объективті  зерттеуге 
кедергі  жасаған  болса  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  алаштың 
ардақтыларының  ұлт  -  азаттығы  жолындағы  күрестегі  тарихи  орнын  қалпына 
келтіруге ұмтылғанымен, ұлт зиялылары күресін бүтіндей бағамдауға ғылыми 
әділ  қөзқарастың  жеткіліксіздігі  айқын  байқалды.  Қазақ  интеллигенциясының 
қалыптасу  тарихы,  осы  процестің  тарихи  -  мәдени  алғышарттары  бір  жақты 
қарастырылды.  Қазақ  интеллигенциясы  алдыңғы  қатарлы  орыс  мәдениетінің 
ықпалымен  қалыптасып  дамыды  деген  сыңаржақ  қағида  орын  алды.  Қазақ 
интеллиғенциясын қалыптастырудағы үлттық рухани бастау  -  көздер,  қоғамда 
орын алған әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХғ. екінші 
жартысы  мен  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  интеллигенциясының  жаңа 
легінің  пайда  болуы  мен  оның  нақтылы  іс  -  әрекетіне  жасаған  әсері, 
зерттеушілер  назарынан  тыс  қалды.  Ал  Алаш  қозғалысының  пайда  болуына 
ұйытқы  болып,  Алаш  партиясы  мен  Алашорда  үкіметінің  белсенді 
қайраткерлері  болған  Әлихан  Бөкейхановтың  төңірегіне  топтасқан  ұлт 
зиялылары «халық жаулары»деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы 
айтуға  да,  жазуға  да  ресми  түрде  тыйым  салынды.  Осынау  күрделі 
тарихымыздың  кезінде  зерттеуге  тыйым  салынған  «ақтаңдақ»беттерін  саралау 
бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет