Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


Зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы.  Ұлт  зиялыларының 
қалыптасу үрдістерін саяси - қоғамдық процестер мен байланыстыра қарастыру 
сондай - ақ әліде болсада алаш қайраткерлері оның кейбір белсенділерінің өмірі 
мен қызметін зерттей түсуге назар аудару [11]. 
Зерттеу  жұмысының  методогиялық  негізі:  Ұлт  азаттығы  қозғалысын 
объективті көзқарастар тұрғысынан қарастыру принципі алынды. Мәселе нақты 
тарихи қажеттілік, тарихи тағылым тұрғысынан қарастырылды [12]. 
Зерттеу  жұмысының  деректік  негіздері  біршама  архивтік  кұжаттарды, 
шолуларды,  қазіргі  таңдағы  баспасөз  жарияланымдарын,  мәліметтерін 
біріктіріп отыр. Қарастырылып отырған кезеңдегі ұлттық интеллигенция жайлы 
біршама  маңызды  архивтік  деректер  Омбы  облысының  мемлекеттік  архивінің 
қорында  топтастырылған.  Омбы  мұрағатындағы  мәселеге  қатысты  құжаттар: 
27,  65,  151  қорларда  жинақталған.  Мәселен,  оларда  М.Сердалиннің 
өмірбаянына  қатысты  материалдар  бар.  Омбы  техникалық  училищесінің 
директоры  Добраховка  губернатор  міндетін  атқарушы  Ливенцовтың,  уезд 
бастығы  Коноваловтың  хаттары,  Далалық  генерал  -  губернатордың  кеңсесіне 
жазылған хаттар, Омбы архивінде «Жасырын бақылауда жүрген қырғыз (қазақ) 
М.Сердалин туралы жазба қатынастар» деп аталатын «іс» сақталған. Омбыдағы 
Смағұл  оқыған  оқу  орнына  қатысты  архив  қорында,  оның  қай  күні  құжат 
тапсырып,  неден  емтихан  бергеніне  дейін  тіркеліпті.  Тақырыпқа  қатыстытың 


86 
мәліметтер  беретін  деректік  құжаттардың  шоғырланған  жері  Қазақстан 
Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты. Онда мәселете байланысты 
қүжаттар  81,  369,  929  қорларда  сақталуда.  Зерттеуде  «Жұлдыз»,  «Ақиқат», 
«Парасат»,  «Арқа  ажары»,  «Егеменді  Қазақстан»,  «Оқжетпес»,  «Көкшетау», 
«Солтүстік Қазақстан»атты газет - журналдарға назар аударылды [13]. 
Зерттеу  жұмысының  қолданбалық  маңызы.  Зерттеу  жүмысын  Қазақстан 
тарихынан жоғарғы оқу орындарында, арнайы курста, жалпы коғамдық ғылым 
саласындағы еңбектерде, мектепте пайдалануға болады [14]. 
Көкше  өңірінен  шыққан  алаш  қайрат  керлерінің  Науан  Хазірет, 
Шәймерден  Қосшығұлов,  Айдархан  Тұрлыбаев  сынды  қайраткерлерінің 
интелектуальдық, азаматтық күрес жолы кімге болса да үлгі жол, халқына адал 
қызмет еткен ерледің кейінгі ұрпаққа қалдырғанаманаты, саяси – идеялогиялық 
капиталы ендеше біздер осынау еркін ойлауға мүмкіндік туып тұрған заманда 
ол кісілер аңсаған ұлт мұрат - мақсаттары жолындағы күрес тарихын зерделеу 
қасиетті  парызымыз  боп  табылады.  Алаш  орданың  тоқсан  жылдығына  қарай 
еліміз  бойынша  түрлі  дөңгелек  столдар,  ғылыми  конференциялар 
ұйымдастырылды.  Тәуелсіз  Қазақстанның  мемлекеттік  ұстанымдарын 
нығайтуда  олардың  кейбір  идеялары  мен  ұстанымдары  уақыт  тезінен  өтіп 
өзінің  өмір  шеңдігін  дәлелдей  түсуде.  Мәселен  алаш  қайраткерлерінің  маңдай 
алды тұлғасы Бөкейхановтың бөлінбейтін біртұтас Ресей идеясынан айнымаған 
кадет  партиясынан  шығуы  осы  ұлттық  мұрат  -  ұлттық  мемлекет  идеясынан 
туған еді [15]. 
Халықтың  өткенін  зерттеп  зерделеу  оның  алдыңғы  қатарлы  өкілдерінің 
өмірін білу тарихы, шындықты сол күйінде көрсету келешек ұрпақтың тарихты 
терең түсінуінің, олардың саяси ойлау мәдениеті дамуының кепілі [16]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет