45
Әдістері мен нәтижелері:
Өкпе туберкулезімен салыстырғанда өкпеден
тыс туберкулездің аурушаңдық деңгейі едәуір төмен көрсеткішке ие. Мысалы,
осы көрсеткіштерді талдау кезінде
облысымызда аурушаңдық осы
туберкулезбен жалпы аурушаңдық құрылымында өкпеден тыс туберкулездің
үлес салмағы: 2020ж.-20,0%, 2021ж.-18.6%, 2022ж.-18,0% құраған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысының өкпеден
тыс туберкулезбен ауыратындардың соңғы 3 жылдағы көрсеткіштерін талдау
барысында бірінші орында туберкулезді плеврит - 50,8 %, одан кейін сүйек
және буын туберкулезі-29,4%, шеткері лимфа түйіндерінің туберкулезі – 5,8%,
несеп-жыныс жүйелерінің туберкулезі-3,0% және басқа да түрлері-5,5%
болған. Балалар арасында туберкулездің өкпеден тыс түрлерімен аурушаңдық
құрылымында алдыңғы қатарда - кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі-
33,3% кездескен.
Өкпеден тыс туберкулезбен жиірек
аурушаңдық көрсеткіші
жасөспірімдерде-78,2%; ересектерде-20,4%; ал балаларда-7,8% құраған.
Сонымен бірге алғаш рет өкпеден тыс туберкулезбен анықталған науқастар
арасында 42%-да асқынған түрлері анықталған. Асқынған түрлері жиі сүйек –
буын туберкулезінде кездескен: 65,0% - абсцесстер, 11,0% - жыланкөздер,
42,8% - балаларда қаңқа деформациясы және 4,8% - неврологиялық өзгерістер.
Дер кезінде жасалынған сәулелік диагностика әдістері (КТ, МРТ,
рентгенограмма),
лапароскопиялар,
контрастты-рентгенологиялық
зерттеулер,
сонымен қатар, пункциялық биопсия,
гистологиялық,
цитологиялық, иммунологиялық (ПТР, ИФА) зерттеу әдістері өкпеден тыс
туберкулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Туберкулезді лимфаденит және
абдоминальді туберкулез көбінесе оперативті
араласулар кезінде алынған
биоптаттарды гистологиялық зерттеу кезінде көп анықталғанын айта кетуіміз
керек.
Өкпеден тыс туберкулездің жайылған және асқынған түрлерімен
ауыратын науқастардың шамамен 25%-на хирургиялық араласулар
жасалынған. Осы кезеңде операция жасалынған 62 науқастың 3-інде (4,8%)
процесстің қайталануы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: