Сборник упражнений для школьников общеобразовательной школы с русским языком обучения «Bilimsema» баспасы Алматы, 2020


сына 5. Ілік септігінің жалғауын қойыңдар



Pdf көрінісі
бет13/144
Дата21.05.2022
өлшемі1,87 Mb.
#35228
түріСборник упражнений
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   144
сына
5. Ілік септігінің жалғауын қойыңдар.
Үлгі: Бүл – менің апам. Апамның қызы, отбасы бар.
1. Серік....... костюмі жаңа.
2. Сәлима....... жейдесінің түсі қызыл.
3. Үй...... номері 235.
4. Қазақстан....... жері кең.
5. Тау....... ауасы таза.
6. Аула....... ортасында алаң бар.
7. Алматы....... шыршасының түрі өзгеше.
6. -ның/нің;-дың/дің;-тың/тің жалғауларын қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар. 
1. Алматы қаласы....... тарихы көне дәуірден басталады.
2. Кітап Қазақстан студенттерін....... өміріне арналады.
3. Оңтүстік Корея....... студенттері Қазақстанда бір жыл оқиды.
4. Балқия....... жұмысы өзіне ұнайды.
5. Анар....... мектебі алыста орналасқан.
6. Қазақ тілі сабағы....... мұғалімі көрме ұйымдастырды.
7. Сіз....... дүкеніңіз үлкен бе?
8. Газет....... бірінші бетінде біз....... мектебіміз туралы жазылды.
7. «Мен» бе, әлде «менің» бе? Тиісті сөзді қойыңдар. Өз таңдауларыңды түсіндіріңдер. 
Үлгі: Мен мектепке барамын.
1. Мен....... сыныбым өте тату.
2. Мен....... жазғы лагерьде 1айы болдым.


17
3. Мен....... қазақ тілін үйренемін.
4. Мен....... отбасымда 5 адам бар.
5. Мен....... үйдің есігін аштым.
6. Мен....... белдемшемнің түсі ақ.
7. Мен....... тіс дәрігерінде болдым.
8. Жақшаны ашып, керекті жалғауды қойып, есімдіктерді түрлендіріңдер. 
1. (Ол)....... әкесінің суреті газетке шықты.
2. (Сен)....... әкеңнің жұмысына бардың.
3. (Сіз) ....... демалыста сауда орталығына бардыңыз.
4. (Ол) ....... демалысы қызықты өтті.
5. (Ол) ....... сәрсенбіде мұрайжайға кетеді.
6. (Ол) ....... досына жақсы кітап сыйлады.
7. (Сен) ....... сабағың сағат нешеде басталады?
8. (О) ....... құттықтау сөзі маған ұнады.
9. Дұрыс нұсқаны таңдаңдар.
1. Сіздің әкеңіз/ әкеңіздің туған жері Нұр-Сұлтан ба? – Жоқ, оның туған жері – Атырау.
2. Оның қыздың/қызының жасы нешеде? – 16-да.
3. Сіздің ауылңыздың/ауылыңыздың тарихы бай.
4. Қайраттың ұлының/ұлысының велосипеді үлкен.
5. Компьютердің бағдарламасының/бағдарламаның жаңа түрі шықты.
6. Сіздің эссеңізде/эссесінде мәліметтер толық емес.
7. Оның шығармасының/шығарманың тақырыбы қызық.
8. Мектеп асханасысының/асханасының тағамы дәмді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет