Байланысты: Ерназарова З.Ш. Грамматика. Жаттығулар жинағы
6. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңдар. 1. Қазір жаңбыр жоқ, күн ашық.
2. Оқушылардың домбыра оркестрі саябақта концерт қой........ жатыр.
3. Көп адамдар музыканы тыңда........ отыр. Олар көңілді.
4. Бір топ жастар биле....... жүр.
5. Саябақта ата-аналар мен балалар қыдыр..... жүр.
6. Аспалы вагонда 10 адам ғана отыр....... алады.
7. Дүкеннен адамдар кофе, шай, шырын ал....... жатыр.
8. Балалар күл......., ойна....... жүр.
9. Қарттар орындықта отыр.
10. Мына бір жігіт журнал оқы....... отыр.