Сборник задач для проверки фг



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата07.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#41841
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Кіріспе 
Бұл есептер жинағынның құрамында мектеп оқушыларының 
математикалық сауаттылығын тексеруге арналған, PISA халықаралық 
зерттеудегі 2003, 2006, 2009 жылдарда берілген тапсырмалар бар. 
PISA 
зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне 
бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл 
бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан жəне құбылыстарды 
сипаттауға, түсіндіруге жəне болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, 
рəсімдерді, айғақтарды жəне құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі 
математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың 
өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндег іматематикалық 
тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын жəне басқа да 
математикалықтұжырымдамалары бар математикалықмəселелердіталдауға, ойластыруға, 
шешугежəнетүсінікберугемүмкіндіктуғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы 
оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мəселелердi шешу үшiн алған білім 
жəне біліктілік қабілеттерін анықтау жəне бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын 
айқындау басым сипатта болып табылады. 
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады 
-
қоршаған ақиқат ортада пайда болатын жəне математика арқылы шешiле алатын 
мəселелерді тани білу;
-
бұл мəселелерді математика тiлiнде құрастыру;
-
бұл мəселелердi математикалық айғақтар мен əдiстерді қолдана отырып шешу;
-
шешiмдерде қолданылған əдiстерді талдау;
-
қойылған мəселелерді есепке ала отырып нəтижелерді түсiндiру;
-
шешiмдердің нəтижелерiн құрастырып жазу. 
Зерттеу тұжырымдамасына сəйкес, əрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің 
біріне сəйкес келеді: 

сандар; 

кеңiстiк жəне форма; 

өзгерiстер мен қатынастар; 

белгісіздік. 
Есептердің мазмұны математиканың дəстүрлі тақырыптары немесе бөлімдерімен 
байланысты:
– 
сандар;
– 
алгебра;
– 
функциялар;
– 
геометрия;
– 
ықтималдықтар;
– 
статистика;
– 
дискретті математика . 
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктері 
мен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың 
математикалық құзыреттiлiгiн зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің
біліктілігінің, тəжірибесінің жəне қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш 
математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс 
орнату деңгейі, ойлау деңгейi. 


Математикалық сауаттылық деңгейлері 
Бірінші деңгей – «көшірме» 
Белгілі формадағы мағлұматтарды көру; белгілі айғақтарды ,үйреншікті əдіс тəсілдерді 
тура қолдану; белгілі алгоритмдерді қолдану; амалдарды орындау; белгілі өрнектермен 
жұмыс істеу; 
Екінші деңгей - «байланыс жасау» 
Мағлұматтың бір түрінен екіншісіне көше білу; математикалық үлгілер жасау; есептерді 
шешуде əртүрлі белгілі тəсілдерді қолдану; алған шешімдердің интерпретациясы;
Үшінші деңгей – «ой-толғау»
Күрделі мəселелер; ішкі сезім жəне ойлау; творчестволық жол; шешу тəілдерін 
өңдеу; жалпылау; дəлелдеу. 
Бұдан, зерттеу барысында оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін (тұрғын үй, 
ойын, құрылыс, қоғамдағы оқиғалар мен құбылыстар, т.б.) , практикалық ахуалдарға 
байланысты есептер ұсынылады. 
Төменде, математикалық құзыреттіліктің үш деңгейінің əрбіреуіне табысты жетуін 
тексеруге бағытталған, мысалдар келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет