19
«Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті
оқыту туралы» қаулы қабылдады.
«Ана тілі» газеті, Бәкір ӘБДІЖӘЛЕЛ, саяси ғылым докторы, профессор
2-мәтін
– Әке, латынша жаза аласың ба?
– Иә!
– Қайдан үйрендің?
– Мен оны мамандығыма қарай институтта оқып жүргенде үйренгенмін.
Төте жаза да аламын.
– Төте жазу?
– Иә! Араб әрпімен қазақша жазу.
– Латынша жазуды неге сұрадың?
–
Бүгін
ұстазымыз
Латын
әліпбиі
ағылшынша,
немішше
альфавтиттерінен құралатынын айтып түсіндірді. Мен өзі атымды жазып
көрдім. ARSEN. Еш қиындығы жоқ екен. Тек «І, Ң, Ө,Ә, Ұ, Ғ» сынды
әріптерді қалай жазарымды білмедім.
– Оның да уақыты келеді, балам!
– 2025 жылы мен нешеге келемін?
– Нешеге келесің?
– 18-ге.
– Көрдің бе, балам, сен жаңа өмірді жаңаша бастайсың!
Байқаймын ұлым қиялымен өзінің болашағына еріп кеткен секілді.
Ойланып қалыпты. Жаңа заманның азаматы жаңаша ойланып тұр... Ол ой
үстінде тұрғанда, «ұлымның келешегі жарқын болсын!» деп іштей тілек еттім.
Достарыңызбен бөлісу: