Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020


 Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет5/229
Дата10.12.2023
өлшемі9,16 Mb.
#135716
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229
2 Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмаларды әзірлеуге ұсынымдар 
 
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің
«
Орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды 
аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 
№125 Бұйрығының негізінде жүзеге асырылады [3]. 
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, өтілген оқу материалының 
мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) 
тапсырмаларын әзірлейді. 
Мұғалім 
БЖБ 
және 
ТЖБ 
тапсырмаларының 
пән 
бойынша 
спецификациясы негізінде 2-11 сынып оқушыларына арналған жиынтық 
жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарының 
объективті білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында 
мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық 
тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. ұсыну ұсынылады. 
Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі 
бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). 
Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды 
өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. 
Үйде оқитын, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім 
оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке 
тапсырмалар әзірлейді. 
Білім алушылардың оқу жетістігін жиынтық бағалау карантин 
жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі. 
Жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымы 
Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау 
сұрақтары бар тапсырмалар: 
1) көпше жауап таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап 
нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды; 
2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз 
немесе қысқа сөйлем түрінде жазады;
3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс 
түрінде жазады. 
Жауап нұсқаларымен тест тапсырмалары. 
Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты 
критерийлерімен зерттеу міндеттері. 
Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының оптималды 
саны: 
– 2-4 сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы; 
– 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмасы. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет