1 маусым балаларды қорғау күні сценарий:
«Бар мейіріміміз балаларға»
1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)
«Бар мейіріміміз балаларға» лагерьдің ашылу салтанаты
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар!
Бүгінгі О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектеп жанынан ашылып отырған «Нұршашу» жазғы демалыс сауықтыру лагеріне қош келдіңіздер!
1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
«Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік іс-шараны бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Агидилова Есенкуль апайға береміз.
Келесі сөз ата-аналар комитетінің төрайымы Абдраимова Салима апайға береміз.
Сәуле апай. Топтарды таныстыру
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа, мамамызда
Ырза болсын балалар
Мектеп оқушыларымыздың Флешмобын қабыл алыңыздар
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап Нарбек Айкөркемнің орындауында «Біз бақытты баламыз» әнімен қабыл алыңыздар
Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі
Ән : «Қазақ қызы » , орындайтын Пернехан Айерке
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген
«Радуга» биі бір топ бишілер
Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
Ән «Отан», орындайтын Жайлаубек Кәусар
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Флешмоб 7-сынып қыздары
Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
«Алғыс» әні, 4 сынып оқушысы Елшібек Балнұр
Ән: «Шаршама ұстаз, шаршама», орындайтын Сейдуалы Айсұлу, Бекжигит Еркенұр
Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Ән: « », орындайтын Маратқызы Жансая
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде – дей келе Кәне, балалар бәріміз тамаша бір би билеп алайық, содан кейін сурет салуғдара кірісеміз!
Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |