Бірге: Тәрбиелі, білікті Ол - ұстазың сүйікті.
Кәусар: Қанатыңа дем беріп,
Талабыңды ұштаған.
Мінезіңді меңгеріп,
Тіл табуға ұста адам.
Бірге: Тәрбиелі, білікті Ол - ұстазың сүйікті.
Айымнұр: Бабалардың ұлы ісін,
Шежіреден ағытар.
Әдептілік үлгісін,
Өн бойынан танытар.
Бірге: Тәрбиелі, білікті Ол - ұстазың сүйікті.
Маржан:
Ақыл қосып ойыңа,
Талпындырар асыл шың.
Ұстаздардың тойына
Әннен шашу шашылсын.
Хор « Бастауышпен қоштасу» әні
Абдурахман: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Маржан:Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз. Мақсат:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Абдурахман:
Өскенде мен енді
Аралаймын әлемді,
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді!
Айымнұр:
Ортаймасын анам-әкем шаттығың,
Аялаған ақ шынарым, ақ гүлім
Уақыт өтер әжімдерің білінсе,
Жүрегімді езіп өтер тәтті мұң.
Мадияр:
Ана деген, әке деген мәнді атты,
Жетем саған талмай ұшып қанатым,
Өздеріңсіз өшпес өмір өзегім,
Ұрпағына бақыт тілеп қалатын.
Кәусар: Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз,
Алдыменен тыңдаңыздар , ағайын,
Аналарға арнап бір би саламыз.
Би: Мамино сердце Маржан: Келесі сөз кезегін ата-аналарымызға береміз.
Ән: «Менің әкем ең жақсы адам» орындайтын Абдурахман ұлдарыңыз Маржан: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да - бәрі - бәрі ұстаздан білім алған.