Сценарий Тақырыбы: Анамыздың аялы алақанын мадақтаймыз!



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі17,08 Kb.
#12857
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 наурыз

3-ойын. Аналар кезектесіп гүлдердің атауларын атайды.

Жүргізуші: Бар ғаламда анадан жақын, анадан артық адам жоқ. Оның сәбиіне деген махаббаты шексіз әрі риясыз. Ана қай жерде жүрмесін, әрдайым баласын естен шығармайды.




6-оқушы:

Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.


4-ойын. Құттықтау қағазын құрастыр: жылдам әуен қойылып, оқушылар мозайка құрастырып – бөлшектерін бір жағы таза, екінші жағына «Әлемде сенен артық жан жоқ, ...» сөздері жазылған қағазға жабыстырып, құттықтау қағазын құрастырады. Оған құттықау сөздерін, анаға деген жылы лебіздер жазылады.

Құтықтау қағазы сынып сағатына келген аналарға, әжелерге беріледі.



7-оқушы:

Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен



Құттықтаймын, анашым!


Жүргізуші: Бүгінгі аналарға арналған кешіміз соңына жетті. Аналарды тағы да құттықтай отырып, мерекелік дастарханымызға шақырамыз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет