Сценарий Тақырыбы: Анамыздың аялы алақанын мадақтаймыз!



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі17,08 Kb.
#12857
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 наурыз

Іс-шараның барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Құрметті, ата-аналар, ұлдар мен қыздар! Біздің бүгінгі кешіміз Халықаралық әйелдер күніне арналады. Бұл мереке жайлы көбірек білуіміз үшін, аталмыш мейрамның пайда болу тарихын баяндап берейін.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 1910 жылы Копенгагенде өткен Әйелдердің халықаралық екінші конференциясында мейрам ретінде бекітілген. Конференцияда 8 наурызды жұмысшы әйелдер күні деп белгілеп, жыл сайын оны Халықаралық әйелдер пролетариатының ынтымақтастық, достығы мен бірлік күні ретінде атап өту ұйғарылды.

Мереке алғаш рет 1913 жылы Ресейде тойланды.
8 наурыз қарсаңындағы күндерді жаңа жыл алдындағы күндермен салыстыруға болады: дүкендерге адамдардың көп келңп, көптеген сыйлық түрінің сатып алады. Мереке алдында ер адамдар қауымы әуре-сарсаңға түседі. Олар анасын, әжесін, әйелін, әпке-қарындастарын тиісінше қалай құттықтау керектігі туралы салмақты ойға батады. Мінекей, 8 наурыз мейрамы да келді. Әйелдер қауымының құшағы толы гүл шоқтары. Бұл күні олар қаншама жылы сөз естиді десеңіздерші!

8 наурыз – қуанышқа, мейірімге, шаттыққа толы мереке. Бұл күні балалар өз қолымен сыйлықтар жасайды. Ол құттықтау қағаздары немесе ине қадауға арналған жастықшалар болуы мүмкін. Қыздар моншақтардан түрлі әшекей бұйымдарын жасап, құрбыларына сыйға тартады. Көптеген сыйлықтарды жақын жандарымызға сыйлаймыз, ең алдымен, ардақты әрі аяулы АНАМЫЗҒА.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет