2-жүргізуші: Осымен 2 айналым «ДОДА» кезеңі аяқталды. Қатысушылардың жинаған ұпайларын білу үшін қазылар алқасына сөз берелік. Естеріңізге сала кетсек, ойынымыздың шарты бойынша ең аз ұпай жинаған 2 қатысушы ойынымызды осы кезеңде аяқтайды, ал қалған 3 қатысушы финалға өтеді.
(Әділ-қазыларға сөз беріліп, 2 қатысушымен қоштасамыз)
1-жүргізуші: 3 айналым «АЛАМАН» кезеңіне де келіп жеттік. Ойын шарты: финалға жеткен 3 қатысушыға 9 түрлі тақырыптан құралған ұяшықты таңдау ұсынылады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайға ие болады. Қатысушы жауап бере алмаған немесе қате жауап берген жағдайда, қарсылас қатысушы қол көтеру арқылы жауап беріп, ұпай жинай алады.
Ал әділ-қазылар алқасын әр қатысушының ұпай санын есептеп отыруларыңызды сұраймыз.
Ойынды реттік номер бойынша бастаймыз. ___ номерлі қатысушы ұяшық таңдауыңызды өтінемін.
1. Жер шары. Қай дүние бөлігі 4 мұхитпен шектеседі?
Жауабы: Еуразия
2. Жарқын бейне. Әлкей Марғұлан қай батырдың ұрпағы?
Жауабы: Олжабай
3. Көркем фильм. Бұл қай фильмнен үзінді?
Жауабы: Оян қазақ
4. Спорт. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша бокс чемпионы
Жауабы: Бекзат Саттарханов
5. Тарихи шығарма. «Қараш-қараш оқиғасы» кімнің өмірінен алынған?
Жауабы: Т.Рысқұловтың әкесі-Рысқұлдың басынан кешкен оқиғалары бойынша
6. Хандық дәуір. Үзінді қай фильмнен алынған және қазақтың қай ханы жайлы түсірілген?
Жауабы: Фильм атауы – «Ұла дала таңы», Қасым хан туралы көркем фильмі
7. Әсем әуен. Үзінді қай күйден алынған?
Жауабы: «Балбырауын» күйі
8. Әлем кереметі. Суретте бейнеленген әлемдегі ең биік ғимарат атауы және ол қай елде орналасқан
Жауабы: «Бурдж-Халифа», Дубай